68
ШӘУУӘЛ АЙЫНДАҒЫ ОРАЗА
Сұрақ:
Шәууәл оразасының үкімі қандай?
Жауап:
Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып
табылады. Яғни,
мұны ұстау ешкімге міндет емес,
адамның өз ықтиярында. Дегенмен мұны ұстамаған
жан Пайғамбарымыздың (оған
Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) хадисінде айтылған бір жылдық оразаның
сауабынан құр қалады.
Сұрақ:
Шәууәл оразасының сауабы қандай?
Жауап:
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын): «
Кімде-кім рамазан айының оразасынан соң,
артынша шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза
ұстағандай болады», – деп,
бұл айда ұсталатын алты күн
оразаның мол сауабымен сүйіншілеген
(Мүслим)
. Бұл ораза
сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсіндіруге
болады. Құранда «Әнғам» сүресінің 160-аятында:
Достарыңызбен бөлісу: