Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Айт күндері ораза ұстауға бола ма?



Pdf көрінісі
бет50/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Айт күндері ораза ұстауға бола ма?
Жауап: 
Ораза айттың бірінші күні және құрбан айттың 
төрт күнінде ораза ұстау – тахриман мәкрүһ. Өйткені бұл 
Алланың бізге сыйлаған мерекесі, тойлау және қуаныш 
күндері. Бұл күндері ораза тұту күнә болғанымен, оразасы 
жарамды. Егер осы күндері ұстаған оразасын бұзса, қаза 
өтеуі керек емес. Ал оразаның қазасын айттан кейін кез 
келген күні, келесі жылдың ораза айына дейін өтеуге 
болады.
Сұрақ:
Айт күні туылған немесе қайтыс болған адам 
үшін пітір беру міндет пе?
Жауап: 
Айт күні таң атқанға дейін қайтыс болса, пітір 
садақа беру уәжіп емес. Ал егер таң атқаннан кейін дүние 
салса, артында қалған туыстары қайтыс болған кісінің 
малынан өтейді. Сол секілді айт күні таң атпай дүниеге 
келген сәбиге пітір садақасы – уәжіп. Ал таң атып қойған 
соң туылған балаға уәжіп емес. 
Ораза айтына қатысты


68
ШӘУУӘЛ АЙЫНДАҒЫ ОРАЗА
Сұрақ:
Шәууәл оразасының үкімі қандай?
Жауап: 
Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып 
табылады. Яғни, мұны ұстау ешкімге міндет емес
адамның өз ықтиярында. Дегенмен мұны ұстамаған 
жан Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен 
сәлемі болсын) хадисінде айтылған бір жылдық оразаның 
сауабынан құр қалады.
Сұрақ:
Шәууәл оразасының сауабы қандай? 
Жауап: 
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен 
сәлемі болсын): «Кімде-кім рамазан айының оразасынан соң, 
артынша шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза 
ұстағандай болады», – деп,
бұл айда ұсталатын алты күн 
оразаның мол сауабымен сүйіншілеген 
(Мүслим)
. Бұл ораза 
сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсіндіруге 
болады. Құранда «Әнғам» сүресінің 160-аятында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет