Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


«Расында, өз нәпсісін тазартқан кісі



Pdf көрінісі
бет52/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

«Расында, өз нәпсісін тазартқан кісі (тозақ 
азабынан)
құтылды» деген, «Шамс» сүресінің 9-аятында 
«өз нәпсісін тазартқан» деген сөздерде «зекет» сөзі 
«тазару» мәнінде қолданылып тұр. Ал зекеттің шариғат- 
тағы терминдік мағынасы: «Нисап көлеміне жететін дәу- 
леті бар мұсылманның Алла разылығы үшін байлығының
бір бөлігін шариғатқа сай, жылына бір рет Құранда көр- 
сетілген топтағы адамдарға беруі». 
Сұрақ:
Зекеттің үкімі қандай?
Жауап: 
Исламның негізгі бес тірегінің бірі Зекет ғибадаты 
Һижраның екінші жылы рамазан оразасынан кейін шәууәл 
айында парыз болды. Қасиетті Құрандағы: 
«Намаз оқыңдар, 
зекет беріңдер» 
(«Бақара» сүресі, 34, 83-аяттар)
,
 
«Олардың 
күнәларынан тазаланып, малдары көбейіп берекеттенуі 
үшін олардың (мұсылмандардың) малдарынан садақа 
(зекет)
 ал» 
(«Тәубе» сүресі, 103-аят)
,
 
«Шын мәнінде, садақалар 
(зекеттер) кедей-кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті 
жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі 
мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға т.б.), құлдарды 
азат етуге, қарызға батқандарға, Алла жолына және 
қиналған жолаушыларға берілуі Алла тарапынан парыз 
етілді», – деген 
(«Тәубе» сүресі, 60-аят)
аяттары зекеттің 
парыздығына дәлел болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың 
салауаты мен сәлемі болсын): «Ислам бес негізге құрылған: 
Алладан басқа құдай жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың 
құлы әрі Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру


71
рамазан оразасын ұстау және шамасы келсе, қажылыққа 
бару», – дейді 
(Бұхари)
. Барлық Исламның ғұлама-мүжта-
һидтері зекет ғибадатының парыз екеніне бірауыздан 
келіскен. Тіпті сахабалар: «Зекетті бермейміз дегендерге 
қарсы соғыс ашу керек» деген пікір айтқан. Кімде-кім зекет 
ғибадатының парыздығын қабылдамаса, діннен шығады. Ал 
парыздығын қабылдап орындамаса, күнәһар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет