Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Ауызды немен ашқан дұрыс?



Pdf көрінісі
бет6/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Ауызды немен ашқан дұрыс?
Жауап: 
Хадисте: «Сендерден кім ауыз ашса, құрмамен 
ашсын. Расында құрма – береке. Егер құрма табылмаса,
сумен ашсын. Өйткені, су – таза», – деп айтылған 
(Тирмизи)
.
Сұрақ:
Ауызашар берудің сауабы қандай?
Жауап: 
Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамба- 
рымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза 
ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның 
сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш 
кемітілмей беріледі», – деп сүйіншілеген 
(Тирмизи)
.
Рамазан оразасына қатысты


11
ОРАЗАҒА НИЕТ
Сұрақ:
Рамазан оразасына ниет етудің үкімі мен уақыты 
бар ма?
Жауап: 
Оразаның кез келген түрі үшін ниет ету шарт. 
Құранда «Бәйинә» сүресінің 5-аятында:
«Оларға да хақ 
дінді шын көңілден толық қабылдап, «таухид» сенімімен 
бір Аллаға риясыз құлшылық ету, намазды кемеліне 
келтіріп, ақсатпай уақытылы оқу және зекеттерін толық 
өтеу бұйырылған еді», – делінген. Рамазан оразасына ниет 
ету ақшам намазынан басталып, ораза ұстайтын күннің 
таң уақыты кіргенге дейін жалғасады. Ал сәресі уақытында 
ниет етпей ұйықтап қалған жағдайда, таңертең еш нәрсе 
ішіп-жемеген болса, түске дейін ниет етуіне болады. Десе 
де, ең дұрысы түнде және сәресі уақытында ниет ету.
Сұрақ:
Рамазан оразасының әр күніне бөлек ниет ету 
шарт па, әлде айдың басында ниет ету жеткілікті бола ма?
Жауап: 
Оразаның әрбір күні өз алдына бөлек ғибадат. 
Сондықтан әр күнге жеке ниет ету шарт болып саналады. 
Фиқһ ғалымдары бір күннің оразасын бұзу басқа күндердің 
оразасын бұзбайтынын айта отырып, Рамазан оразасының 
әр күніне жеке-жеке ниет ету қажет деген тұжырымға 
тоқтаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет