Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Аузымды ашамын деп ниет етіп, бірақ ашпаса



Pdf көрінісі
бет8/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Аузымды ашамын деп ниет етіп, бірақ ашпаса 
ораза бұзыла ма?
Жауап: 
Аузын ашуға ниет еткен адамның оразасы тамақ 
ішпегендіктен бұзылмайды. Себебі, оразаны бұзатын әрекет 
жасалмады.
Сұрақ:
Сәресі уақытында әуелі су ішу керек пе, әлде 
ниет еткеннен кейін ішу керек пе?
Жауап: 
Ауыз бекіту уақыты – ниет еткеннен кейін емес, 
таң намазының уақыты кірісімен басталады. Сол себепті, 
сәресі уақыты әлі шықпаған болса (яғни, таң намазы кіріп 
қоймаған болса), қайта су ішуіне болады. Бұл әрекеті алдын-
ала жасаған ниетін бұзбайды, һәм оразасы дұрыс болып 
саналады. Десе де ауыз бекітетін уақыт кірмеген болса
сәресіден кейін пастамен тісін тазалап, су ішіп болған соң 
ниет етіп, дұғасын жасағаны абзал.
Сұрақ:
Түске дейін ниет етпеген адам ішіп-жемеген 
болса, ораза ұстай алады ма?
Жауап: 
Ханафи мазһабының еңбектерінің бірі Марақил-
Фалах кітабында: «Зәуәл (тал түс) уақытына дейін оразаға 
ниет етпеген болса, сол күнгі оразасын ұстай алмайды», – 
деп жазылған.
Оразаға ниет


14
СӘРЕСІГЕ ҚАТЫСТЫ
Сұрақ: 
Сәресіге ұйықтап қалып, күні бойы ешнәрсе 
ішіп-жемесе, ораза ұстаған болып санала ма?
Жауап: 
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен 
сәлемі болсын) «ашура» күні хабарлаушы кісіге: «Кім бір 
нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік 
етіп тамамдасын. Ал ештеңе жемеген адам, сол күйінше 
жемесін (ораза ұстасын)»,деп жар салуын бұйырды 
(Бұхари)
. Демек, сәресіге ұйықтап қалған адам ұйқысынан 
тұрғанда нәр тартпастан, ниет етіп оразасын жалғастырады. 
Бастысы, таңертең еш нәрсе ішіп-жемеуі және түске дейін 
ниет етіп үлгеруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет