Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



бет16/20
Дата23.02.2016
өлшемі2.06 Mb.
#3592
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Аудиториялық сабақтар төмендегідей анықталады:

лекция – 30 сағат;

семинар – 15 сағат;

барлығы – 60 сағат.
ІІ. Кезекті және аралық бақылау балдарын (30) анықтау:

Семестр бойынша 2 аралық бақылау өткізіліп, олардың әрқайсысына 30 балдан бөлінеді.


Аралық бақылаудың өткізілу кестесі:

Бақылау

түрі

Формасы

Мерзімі

Жоғары балл

Тақырыптар

Аралық бақылау

Тест тапсырмалары, тақырыпқа сәйкес тапсырма

7 апта

5

1-7 оқу аптасы

Аралық бақылау

Кешенді тапсырма, бақылау жұмысы

15 апта

5

8-15 оқу аптасы


ІІІ. Орындалған тапсырмаларға балл қою:
Тапсырма түрі:

- семинар (ОБСӨЖ) сабағында жауап берген кезде

- өте жақсы – 1 балл;

- жақсы – 0,7 балл;

- қанағ. – 0,5 балл;

- қанағатсыз. – минус 0,5 балл

- лекцияға қатысып, конспект болса – 0,2 балл;

- қосымша – 0,3-0,5 балл;

- баяндама – 1,0 балл;

- реферат – 1,5 балл;

- бақылау жұмысы – 0,3 балл;

- глоссарий – 0,2 балл;

- кроссворд құрастыру – 0,3 балл;

- студентік конференцияға дайындық – 1 балл;

- мерзімдік баспасөзге талдау жасау – 0,2 балл;

- лекция, семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса – 0,5 балл.

Семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса, студент кесте бойынша сол сабақтарды қатаң түрде өтейді.

Сабақ қалдырған студентке кезекті бақылау жұмысы тапсырған кезде, төменгі жағдайларға назар аудару керек:



  • егер студент себеппен сабақ қалдырған болса, оның өтелген сабағының бағалауы төмендемейді, мысалы студент «5» ке жауап берсе, баға сақталады.

  • егер студент себепсіз сабақ қалдырған болса, оның бағалау коэффициенті төмендейді: берілген тапсырма бір аптаның ішінде орындалса – 0,8 балл, келесі аптада орындалса - 0,6 балл, екі аптадан кейін орындалса – 0,4 балл, одан кейінгі орындалған тапсырмалар қабылданбайды.


Қорытынды бақылау тапсырмалары:

1. Бақылау жұмысына дайындық.

2. Бақылау тестісіне дайындық.

3. Глоссарийдың түсініктерімен жұмыс істеу.


ІV. Аралық бақылау тест, бақылау жұмысы, тақырыпқа сәйкес тапсырмалар ретінде оқытушының талабы бойынша өткізіледі.
Аттестация қорытындысы бойынша рейтинг балдарды анықтау:


Дұрыс жауап бергендегі %-тік көрсеткіш

Бағалау

55-60

5 (өте жақсы)

45-54

4 (жақсы)

30-44

3 (қанағат.)

0-29

2 (қанағатсыз.)


Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:


Балдар(%)

Бағаның әріптік жүйесі

Балдың

цифырлық


баламасы

Баға

95-100

90-94


А

А-


4.0 3.67

Өте жақсы

85-89

80-84


75-79

В+

В

В-



3.33

3.0


2.67

Жақсы

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

С+

С

С-



2.33

2.0


1.67

1.33


1.0

Қанағаттанарлық

0-49

Ғ

0

Қанагаттанарлықсыз

Бақылау түрі мен формасына қарай балл қою:

1 ескерту. Семестр қорытындысы бойынша тиісті баға алып, 30 балл жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтихандағы тиісті баға 20 балл.

2 ескерту. Қалдырылған практикалық сабақтар орындалған жұмысты қорғау арқылы өтеледі.

9.Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды өткізу кестесі:

Ағымдағы бақылауапта сайын өткізіледі.

Аралық бақылау –7-8 апта,екіншісі – 14 -15 апта

Қорытынды бақылау (емтихан) –15 апта



12. К у р с т ы ң с а я с а т ы :

Елбасының жыл сайынғы жолдауларында білім беру стратегиялық маңызы зор сала ретінде аталады. Қазіргі күн сайын жаңарып келе жатқан қоғамда өзгелермен иық тірестіріп қатар тұрып, батыспен байыпты сұхбат құрып, шығыспен шынайы қатынас орнатып, түстіктегі жұрттармен тең сөйлесе алатын іргелі ел болуымыз білікті мамандарға тәуелді екендігіне тағы да көз жеткіздік. Ал білікті маман дайындау- білім берудің моделіне, құқықтық базасына тікелей байланысты.

Еліміздегі балабақшалардан бастап, орта білім беретін оқу орындарына дейін жас ұрпақтың бойында ұлттық дүниетаным мен діл мәйегін сіңіріп, оларды нағыз отаншылдық рухта тәрбиелеп өсіруге қажетті осы заманғы оқу құралдары мен технологиялардың жетістігін пайдалана білу шеберлігіне дағдылану.Бүгінгі қоғамның сұранысына орай, білім мазмұнын қалыптастырып игеру. Білім беру жүйесін дамыту мен оның техникалық жетістіктерін меңгере білумен кәсіби шеберлік дағдыларын нығайтуға ерекше көңіл бөліну.

- Отандық тарихты оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі мазмұнын, оның гуманитарлық білім жүйесіндегі орнын тану;

- Тарихи ойлау мен тұжырым жасап өз пікірін, көзқарасын білдіретін сауаттылық пен мәдениетін игерту;

- Ұлттық тарихи құндылықтар мен мұраттарымызды танып біліуге үйрету;

- Этикалық және құқықтық қатынастар жүйесінің аясында оқушылар мен қарым-қатынас жасау мәдениетін сіңіру;

- Болашақ мамандығын жақсы меңгерген шеберлік дағдыларын жетілдіру барысында ізденгіш еңбек қорлық дағдысын қалыптастыру;


13. Тәртіп пен өзін өзі ұстау этикасының саясаты

- Сабаққа кешікпей қатысу.

- Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.

- Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.

- Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)

- Сабақ үстінде артық сөйлемеу.

- Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.

- Сабаққа тиісті киіммен келу.

- Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)

- Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.

- Оқу процесіне белсенді қатысу.

- Курстастарыңа, оқытушыға іззетті, ашық бол.

- Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.

- Әрбір сабаққа міндетті дайындық:

- Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.

- Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.

- Сабақты жіберген жағдайда барлық өтілген тапсырмаларды орындауға жауаптысыз.

- Егерде жіберілген сағаттар саны дәлелсіз болса (ауырмасаңыз немесе басқа да дәлелді себептердің анықтамасы болмаса) кредит сағат санының курс бойынша екі есеге артса, біз сізді курстан қалдырамыз.

- Сіз барлық топтың оқуына септігіңізді тигізуге тиістісіз.

- Сіз өзіңіздің оқуыңызға ден қойып жақсы білім алуға талапты болуға тиістісіз.

- Оқу жылы барысында өзіңізге тиісті міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауға тиістісіз.

- Оқу процесіне сіздің тек келіп кетуіңіз емес, сапалы қатынасыңыз маңызды екенін естен шығармаңыз.




Қазақстан қазіргі заман тарихынан тест тапсырмалары:
1. 1941жылы жазылған "Ленинградтық өренім" өлеңінің авторы кім?

1. С. Мұқанов

2. С. Торайғыров

3. Ж. Жабаев

4. М. Дулатов

5. С. Сейфуллин



2. Қашан және қай қалада Қазақстанның барлық облыстарының өкілдері қатысқан бірінші Бүкілқазақтық съезд болды?

1. Ақмолада, 20-21 мамыр, 1917 жылы

2. Орынборда, 21-26 шілді, 1917 жылы

3. Петропавлда, 25-26 тамыз, 1916 жылы

4. Өскеменде, 23-24 сәуір, 1918 жылы

5. Таразда, 24-25 қыркүйек, 1919 жылы



3. Соғыс жылдары тылда күріштен мол өнім жинаған атақты күрішші?

1. Ү. Иманқұлов

2. С. Өтепбергенов

3. Ж. Қуанышбаев

4. Ы. Жақаев

5. Ш. Берсиев



4. І Бүкілқазақтық съезде А.Байтұрсынов пен М.Дулатов не айтты?

1. пантюркизм идеясы

2. парламенттік республиканың идеясы

3. тәуелсіз автономиялық Қазақстан құру туралы

4. Егеменді Қазақ мемлекетін құруды

5. Газеттер шығаруды



5. 1917 жылғы І Бүкілқазақтық съезде депутаттық тізімге қанша кандидат енгізілді?

1. 46


2. 64

3. 81


4. 18

5. 63


6. І Бүкілқазақтық съезде қандай мәселе қаралмады?

1. ұлттық автономия туралы

2. аграрлық мәселе

3. депутаттар кеңесін құру туралы

4. халықты ағарту туралы

5. халық шаруашылығы мәселелері



7. Қай жылы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының нәтижесінде патша билігі құлады?

1. 1915 жылы

2. 1917 жылы

3. 1919 жылы

4. 1914 жылы

5. 1916 жылы



8. Ақпан буржуазиялық - демократиялық революциясы қай жылы болды?

1. 1915 жылы

2. 1918 жылы

3. 1917 жылы

4. 1916 жылы

5. 1914 жылы



9. Қай жылы «Алаш» партиясының облыстық, уездік съездері өткізілді?

1. 1917 ж., сәуір-мамыр

2. 1918 ж., наурыз-сәуір

3. 1919 ж., ақпан-наурыз

4. 1920 ж., қаңтар-ақпан

5. 1914 ж., ақпан-наурыз



10. Орынбор қаласында Кеңес үкіметі қай жылы орнатылды?

1. 1917 ж., 19 ақпан

2. 1918 ж., 18 қаңтар

3. 1918 ж., 27 мамыр

4. 1919 ж., 4 мамыр

5. 1919 ж, 25 мамыр



11. «Алаш» партиясы қашан құрылды?

1. 1918 жылы

2. 1917 жылы

3. 1905 жылы

4. 1914 жылы

5. 1920 жылы



12. «Үш жүз» партиясының саяси бағдары қандай?

1. социалистік

2. буржуазиялық-либералдық

3. конституциялық-демократиялық

4. мұсылмандық

5. буржуазиялық



13. Қай жылы Орынборда екінші Бүкілқазақтық съезд болды?

1. 1917 ж., 10-15 қараша айы

2. 1918 ж., 17-20 қаңтар айы

3. 1917 ж., 15-18 қыркүйек айы

4. 1917 ж., 5-12 желтоқсан

5. 1920 ж., 4-13 сәуір



14. Қазақ АКСР-і қай жылы құрылған?

1. 1920 жылы

2. 1922 жылы

3. 1918 жылы

4. 1936 жылы

5. 1924 жылы



15. Қай қала Қазақстанның ең алғашқы астанасы болды?

1. Қызылорда

2. Алматы

3. Орынбор

4. Омбы

5. Ақмола



16. Индустрияландыру барысында Ф.И. Голощекин Қазақстан үшін қай жолды белгіледі?

1. дербес индустриялды мемлекет

2. орталық өнеркәсіптің шикізат базасы

3. индустриялды-аграрлы республика

4. өнеркәсіпті шеткі аймақ

5. аграрлы аймақ



17. Қашан біздің республикамыз Қазақ АКСР-і деп атала бастады?

1. 1936 жылы

2. 1925 жылы

3. 1991 жылы

4. 1949 жылы

5. 1954 жылы



18. Бірінші бесжылдық жылдары?

1. 1930-1934 жж.

2. 1927-1931 жж.

3. 1928-1932 жж.

4. 1933-1937 жж.

5. 1930-1935 жж.



19. Қазақ этносының ХХ ғасырдыңң 30 жылдарындағы шығыны қанша?

1. 1 млн. адам

2. 2 млн.-ға жуық

3. 100 мың адам

4. 6 млн. адам

5. 7 мың


20. ХХ ғасырда біздің өлкеміз қай әліпбиді қолданған жоқ?

1. араб әліпбиі

2. латын

3. кирилл жазуы

4. глагол жазуы

5. латын


21. Әміре Қашаубаев қай елде ән шырқамаған?

1. Қазақстан

2. Франция

3. Германия

4. Италия

5. Испания



22. Қашан Қазақ АКСР-і одақтас республика болып өзгертілді?

1. 1936 жылы

2. 1924 жылы

3. 1991 жылы

4. 1949 жылы

5. 1919 жылы



23. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына неше қазақ ие болған?

1. 497 адам

2. 97 адам

3. 11600 адам

4. 15 адам

5. 1000 адам



24. Майданға және қорғаныс өнеркәсібіне республика тұрғындарының қаншасы жұмылдырылды?

1. қазақстандықтардың жартысы

2. әрбір төртінші тұрғын

3. халықтың 20 пайызы

4. 1 млн. адам

5. 2,5 млн.



25. Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО қанша адамнан айрылды?

1. 7 млн.

2. 10 млн.

3. 27 млн.

4. 30 млн.

5. 5 млн.


26. жылы қай жерде әскери жағдай жарияланды?

1. Оралда, Гурьевте

2. Алматыда

3. Шымкентте

4. Оралда

5. Қызылордада



27. Қазақстан Ұлы Отан соғысына қалай қатысты?

1. бөлінген республика ретінде

2. қарсылас ретінде

3. елдің біртұтас бөлігі ретінде

4. қатыспаған

5. егеменді ел ретінде


28. Кеңес Одағының екі мәрте батырлары тізіміндегі қатені табыңыз:

1. Талғат Бигельдинов

2. Леонид Беда

3. Бауыржан Момышұлы

4. Иван Павлов

5. дұрыс жауап жоқ



29. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?

1. 1944 жылы

2. 1946 жылы

3. 1945 жылы

4. 1947 жылы

5. 1948 жылы



30. КСРО-ның тарихи межесін анықтаңыз:

1. 1922-1991 жж.

2. 1917-1945 жж.

3. 1920-1990 жж.

4. 1930-1989 жж.

5. 1932-1990 жж.



31. Қандай халықтар 1944 жылы ақпан айында Қазақстанға күштеп көшірілген?

1. шешен, ингуштар

2. балхардықтар

3. түрік-месхетиндер

4. кәрістер

5. еврейлер



32. Е.Бекмахановтың кітабын қолдануға қай жылы тыйым салынды?

1. 1950 жылы

2. 1956 жылы

3. 1948 жылы

4. 1953 жылы

5. 1955 жылы



33. 1970-ші жылдары Қазақстан жерінде құрылған ірі территориялық өндірістік комплекстік.

1. Петропавл

2. Жамбыл

3. Маңғыстау

4. Жетіген

5. Көкшетау



34. Е. Бекмахановты жалған әшкерелеудің бастамасы болған мақала қандай басылымда жарияланды?

1. Простор

2. Современник

3. Правда

4. Жалын

5. Қазақ әдебиеті



35. И.Сталин қай жылы қайтыс болды?

1. 1956 жылы

2. 1953 жылы

3. 1949 жылы

4. 1951 жылы

5. 1964 жылы



36. Қай жылы Сталиннің жеке басына табынуы жою туралы шешім қабылданды?

1. 1952 жылы

2. 1956 жылы

3. 1949 жылы

4. 1953 жылы

5. 1958 жылы



37. Біздің өлкеде сауатсыздықты толық жою қай кезде аяқталды?

1. 60 жылдардың аяғында

2. 20 жылдардың аяғында

3. 1939 жылы

4. 1924 жылы

5. 1943 жылы



38. Қай кезде республикамызда жалпы бастауыш білім беру енгізілді?

1. 1917 жылы

2. 1925 жылы

3. 1930 жылы

4. 1999 жылы

5. 1956 жылы



39. Қазақстанда тың жәе тыңайған жерлерді игеру қай жылы басталды?

1. 1932 жылы

2. 1896 жылы

3. 1934 жылы

4. 1954 жылы

5. 1968 жылы



40. 1954-1962 жылдары аралығында Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеру үшін қанша адам келді?

1. 1 млн. 750 мың адам

2. 2 млн. жуық адам

3. 2,5 млн. адам

4. 3 млн. адам

5. 5 млн. адам



41. Қазақстандағы ядролық полигон қай жылы салынды?

1. 1949 жылы

2. 1947 жылы

3. 1948 жылы

4. 1950 жылы

5. 1961 жылы



42. 1948 жылы қандай үш облыстың қиылысында ядролық полигон салынды?

1. Семей-Қостанай-Қарағанды

2. Павлодар-Өскемен-Қарағанды

3. Өскемен- Павлодар-Қарағанды

4. Семей- Павлодар-Қарағанды

5. Семей-Қарағанды


43. Қай жылы ең бірінші ядролық сынақ жасалды?

1. 29 тамыз, 1949 ж

2. 10 маусым, 1950 ж

3. 6 шілде, 1949 ж

4. 17 тамыз, 1931 ж

5. 23 қазан, 1966 ж



44. 1979 жылғы Целиноград оқиғасының себебі неде?

1. қымбатшылыққа қарсылық

2. Тәуелсіздік үшін күрес

3. партия басшылығына қарсылық

4. неміс автономиясын құруға қарсылық

5. жалақының халыққа уақытында берілмеуі



45. КСРО Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша 1949-1963 жылдары аралығында қанша сынақ жасалған?

1. 10


2. 500

3. 2000


4. 39

5. 45


46. 1938 жылы "Ленфильм" киностудиясы бірінші рет қазақ тілінде дыбысты кинокартина түсірілді?

1. "Жайлауда"

2. "Түрксиб"

3. "Амангелді"

4. "Жұт"

5. "Қаратаудың құпиясы"



47. 1970 жылы тамақ өнеркәсібінің үлесі өнеркәсіп өнімі көлемінің неше пайызы болды?

1. 13 %


2. 50

3. 40


4. 12

5. 56


48. Трансқазақстан магистралінің құрылысы қай жерде аяқталды?

1. Гурьев-Астрахань

2. Бейнеу-Қоңырат

3. Мойынты-Шу

4. Малат-Алтай

5. Бейнеу-Шу



49. Экономикалық реформаның аяқталуы...

1. 70 жж. бас кезі

2. 70 жж. ортасы

3. 60 жж. аяғы

4. 50 жж. аяғы

5. 40 жж. басы



50. 1970 жылы Қазақстан КСРО республикаларының ішінде әйелдерді қоғамдық өндіріске араластыруда нешінші орынға ие болды?

1. 6


2. 1

3. 8


4. 10

5. 5
51. Қай жылы Теміртау қаласында қайғылы оқиға болды?

1. 1951 жылы

2. 1959 жылы

3. 1973 жылы

4. 1956 жылы

5. 1949 жылы

52. 1953 жылы КСРО қандай тағамға мұқтаж болды?

1. ұн


2. қант

3. сүт


4. нан

5. көкөніс



53. Сегізінші бесжылдық жылдары?

1. 1966-1970 жж

2. 1951-1962 жж

3. 1970-1974 жж

4. 1968-1972 жж

5. 1969-1990 жж



54. 60 жылдардың жартысында ұжымшардағы еңбек өнімділігі алдыңғы бесжылдықпен салыстырғанда қай деңгейде көтерілген?

1. 2,5 есе

2. 1,5 есе

3. 1,8 есе

4. 3 есе

5. 5 есе


55. Әділетсіздіктің құрбаны болғандар?

1. Жұбанов

2. Жұмалиев

3. Сүлейменов

4. Дулатов

5. Байзақов



56. ҚазКСР Ғылым Академиясы қай жылы ашылды?

1. 1946 ж, маусым

2. 1944 ж., шілде

3. 1946 ж., наурыз

4. 1917 ж

5. 1965 ж



57. ҚазКСР Ғылым Академиясының алғашқы президенті кім болды?

1. Бекхожин.

2. Исмайлов

3. Сәтпаев

4. Әуезов

5. Мағауин



58. Қазақ ұлттық зиялы қауымының қалыптасу процесі қашан аяқталды?

1. 60-70 жж.

2. 20-30 жж.

3. соғыстың алдыңғы жылдары

4. соғыстан кейінгі жылдарда

5. 70-80 жж



59. Ең алғашқы Жердің жасанды спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан қашан ұшты?

1. 4 қазан, 1957 ж

2. 17 қаңтар, 1960 ж

3. 20 сәуір, 1976 ж

4. 2 ақпан, 1959 ж

5. 5 наурыз, 1969 ж



60. Понамаренко Қазақстан Компартиясының ОК бірінші хатшысы болып қай съезде сайланды?

1. ҮІІІ съезд

2. Ү съезд

3. ҮІ съезд

4. ҮІІ съезд

5. Х съезд



61. Қазақ халқының демографиялық дамуы қа йкезеңде өзгеріске ұшырады?

1. 1959-1970 жж

2. 1954-1960 жж

3. 1956-1962 жж

4. 1956-1963 жж

5. 1946-1966 жж



62. Н.С. Хрущев ел басқарудан қай жылы ауыстырылды?

1. 1963 жылы қараша айында

2. 1964 жылы, қазан айында

3. 1962 жылы, желтоқсан

4. 1963 жылы, желтоқсан

5. 1956 жылы, наурызда



63. 60 жылдардың екінші жартысында қанша өнеркәсіп іске кірісті?

1. 450


2. 540

3. 554


4. 445

5. 620


64. 1970 жылы темір рудасын өңдеу 1960 жылмен салыстырғанда қандай көлемге көтерілді?

1. 2 есе


2. 5 есе

3. 2,5 есе

4. 3 есе

5. 7 есе


65. 1970 жылы мұнай өндіру көлемі қандай деңгейге жетті?

1. 10 млрд.

2. 10 млн.

3. 10 мың

4. 15 мың

5. 20 млн.



66. 1943ж. тары өсіруден дүниежүзілік рекорд жасаған тарышы кім?

1. Ы. Жақаев

2. Ы. Нұров

3. Ш. Берсиев

4. М. Мұхамедова

5. Ж. Мұқашев



67. 1965жылы кокстелген көмірді өндіру 1960 жылмен салыстырғанда қанша пайызға өсті?

1. 50 %


2. 40 %

3. 21 %


4. 68 %

5. 65 %


68. 60жж. құрылыс қай бағытта дамыды?

1. қарқынды

2. қарқынды және экстенсивті

3. экстенсивті

4. баяу

5. интенсивті



69. Қай жылы КСРО өзінің әскерлерін Ауғанстанға кіргізді?

1. 1979 ж, желтоқсан

2. 1979 ж, ақпан

3. 1978 ж, желтоқсан

4. 1963 ж, қаңтар

5. 1956 ж, наурыз



70. Қай жылы КСРО өз әскерлерін Ауғанстаннан шығарды?

1. 1988 жылы

2. 1987 жылы

3. 1989 жылы

4. 1972 жылы

5. 1991 жылы



71. Жаңаөзендегі оқиғалар қай жылы болды?

1. 1986 жылы

2. 1989 жылы

3. 1988 жылы

4. 1966 жылы

5. 1992 жылы



72. «Азат» қозғалысы қай жылдары құрылды?

1. 1989 жылы

2. 1990 жылы

3. 1988 жылы

4. 1987 жылы

5. Е) 1978 жылы



73. 1989 жылы ақпан айында қандай қозғалыс ұйымдастырылды?

1. «Азат»

2. «Желтоқсан»

3. «Невада-Семей»

4. «Алаш»

5. «Қазақ»



74. «Невада-Семей» қозғалысын кім құрған?

1. О.Сүлейменов

2. М.Шаханов

3. Ә. Кекілбаев

4. Н.Назарбаев

5. М. Әуезов



75. «Невада-Семей» қозғалысы қай жылы басталды?

1. 1989 жылы

2. 1985 жылы

3. 1991 жылы

4. 1986 жылы

5. 1978 жылы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет