Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы



бет3/14
Дата24.02.2016
өлшемі0.89 Mb.
#13675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1. Дамудың негізгі параметрлері

Экономиканың көлеңкелі секторының көлемдерін қысқарту мақсатында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негізгi бағыттары» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен көзделген жалпыға бірдей декларациялауға көшіруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Көрсетілген бағдарламаны іске асыруда Үкіметпен Жалпыға бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасы бекітілген және Іс-шаралар жоспары (Үкіметтің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 975 қаулысы) бекітілді.

Жоспарды орындау үшін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірленді.

Заң жобасы мынадай негізгі қағидаттарға негізделген:


мемлекет пен жеке тұлғаның әлеуметтік серіктестігінің нысандары ретінде жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялауды енгізу;

салық шегерімдерін кеңейту арқылы әлеуметтік қолдау;

халық үшін мейлінше қолайлы табыстар мен мүлікті декларациялау рәсімін құру;

салық салудың жекелеген режимдерін реформалау арқылы жеке тұлғалардың салық салуына біркелкі тәсіл;

жеке тұлғалардың табыстары сәйкестігін тиімді бақылау жүйесін құру.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазақстанда жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкінен айтарлықтай төмен салық ставкалары болған кезде, салықтарды төлеуден жалтару ауқымдары едәуір болып қалуда. Ресми статистиканың 2008 жылға деректер талдауы Қазақстан Республикасында тұрып жатқан жеке тұлғалар табыстарының шамамен 50 %-ына салықтар салынбайды. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің, бағалы қағаздар нарығының, жылжымайтын мүлік нарығының дамуы жеке табыс салығы түрінде бюджетке түсетін түсімдердің барабар өсімін бермеді.

2008 жылы Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы (Ұлттық қорды ескере отырып мемлекеттік бюджет табыстарынан шамамен 43 %) бюджет табыстарының негізгі көзі болып қалуда, ал жеке табыс салығының түсімдері аз үлесті (Ұлттық қорды ескере отырып мемлекеттік бюджет табыстарынан 6 %) құрайды.

Дамыған елдерде бюджеттер негізінен жеке тұлғалардан алынатын салықтар есебінен қалыптастырылады. Атап айтқанда, шоғырландырылған бюджеттегі жеке табыс салығының түсімдері АҚШ-та - 60 %-ды,Ұлы Британияда, Швейцарияда, Швецияда - 40 %-дан, ЭЫДҰ елдерінде орташа - 30 %-ды, ал жалпы базадан алынатын әлеуметтік сақтандыруға жарналармен бірге табыс салығы сияқты - 55 %-ды құрайды.

Нарықтық экономиканы дамыту төлем көзінен салықты ұстап қалу жүргізілмейтін және заңнама бойынша жеке тұлғалармен дербес декларациялауға жататын жеке тұлғалар табыстары көлемінің ұлғаюын білдіреді, бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан осындай табыстардың толық көрініс табуын тиімді бақылауды ұйымдастыруды талап етеді.

Сонымен бірге, жеке тұлғалардың салық салу мақсаттары үшін табыстарын көрсетуін жан-жақты қамтитын бақылауды қамтамасыз ету және салықтар төлеуден жалтаратын тұлғаларды анықтау қиын, өйткені қазіргі уақытта табыстар туралы декларация мен мүлік туралы мәліметтерді республика халқының аздаған бөлігі ғана (Қазақстан Республикасы азаматтарының 3,8 %-ы ) ұсынады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жеке тұлғалардың табыстарына салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру міндеттерін шешу үшін, көлеңкелі экономика мөлшерлерін төмендету мақсатында халықтың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау маңызды шарт болып табылады.

Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша жұмыс шеңберінде кеден органдары тауарлардың контрабандасы мен есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күреске ерекше көңіл бөледі. Заң талаптарын бұзуға кез келген талпыныстардың жолы кесіледі. 2013 жылғы 11 айда 620 қылмыстық іс, олардың ішінде: 422 қылмыстық іс – экономикалық контрабанда бабы бойынша, 29 қылмыстық іс – кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша, 53 қылмыстық іс – тыйым салынған заттардың контрабандасы бойынша қозғалды.

Қозғалған қылмыстық істер бойынша тауарлар мен валюта сомасы 10 млрд. 716 млн. теңгені құрады. Қозғалған қылмыстық істер бойынша залалдың белгіленген сомасы 5 млрд. 562 млн. теңгені құрады.

2013 жылғы 11 айда 11 787 әкімшілік іс қозғалды, 628 млн. теңге сомаға айыппұлдар салынды, 392 млн. теңге сомаға тауарлар мен көлік құралдары тәркіленді. Заңсыз айналымнан 244,8 кг есірткі құралдары алынды.

2. Ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сыртқы факторлар

1) Инфрақұрылымның жетіспеушілігі;

2) салықтар мөлшерлемелерінің жоғары деңгейі мен ұқсас тауарлардың кедендік баждарының әртүрлі мөлшерлемелері;

3) экономиканың импортқа тәуелділігі.

Ішкі факторлар

1) Жеке тұлғаның мүлкі туралы ақпаратты иеленушілер – мемлекеттік органдар дерекқорының өзекті еместігі;

2) кеден органдарының әлеуметтік-экономикалық қорғалмағандығы.
9. Мемлекеттік қызметтер

1. Дамудың негізгі параметрлері

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға көңіл бөлу қажеттілігі туралы атап өтті. Міндет – мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарындағы біржақты билік тәсілдерінен азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел көрсетуге өту.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Президенті жоғары ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны туралы айта келе, жеке бизнес мемлекеттен гөрі әрдайым және қай жерде болса да тиімдірек әрекет ететіндігін атап өтті. Сондықтан да кәсіпорындар мен стратегиялық емес сипаттағы қызметтерді жеке қолға беру қажет. Бұл отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін қағидаттық жағынан маңызды қадам.

Мемлекеттік қызметтер құнын айқындау әдістемесіне сәйкес қызмет беруші қызметтерді көрсетуідің экономикалық тиімділігін есептелмейді. Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімсіз болған жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған шығыстарды оңтайландыру бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қызмет берушінің шығыстары құрылымына талдау жүргізіледі.

Осындай талдаудан кейін Қазақстан – 2050 стратегиясын орындау үшін қызметтерді бәсекелі ортаға беру бойынша ұйғарымдар жасауға болады.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Мемлекеттік басқару аппаратының жиі ұйымдастырушылық өзгерістеріне байланысты Министрлік көрсететін мемлекеттік қызмет көрсетулер санының, сондай-ақ оларды көрсету тиімділігінің нақты айқын еместігіне байланысты.

Қызметтердің бір бөлігін жеке бизнеске беру туралы басқарушылық шешімдер қабылдау үшін оларды жүзеге асыру тиімділігінің толық мониторингі қажет.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар

1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау, Мемлекет басшысының жолдауы, жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасын қабылдау және нәтижеге бағытталған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;



2) Министрліктің ведомстволарының сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуге ықпал ететін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері интеграциясының болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет