Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің



жүктеу 30.56 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі30.56 Kb.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің

(бұдан әрі – Сараптамалық кеңес) сырттай отырысының

2 хаттамасы


Астана қ.                                                                    2014 жылғы 31 қаңтар




Төрағалық еткен:

1. Венера Ғалымжанқызы Хамзина



- Инвестициялық саясат департаменті директоры, сараптамалық кеңес төрағасының орынбасары;









Сараптамалық кеңестің мүшелері:


2. Ержанбек Құрманбекұлы Бакиров

3. Анатолий Висханович Попелюшко


4. Саин Рысбайұлы

Бақтыбаев


5. Әуезхан Кәмешұлы Даринов

6. Николай Владимирович Радостовец

7. Шолпан Мұратқызы Мусина


- «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығының президенті;
- «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;
- «Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;
- «Қазақстанның Фермерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;
- «Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспортқа шығарушыларының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;

- «Қазақстанның азық-түлік одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті.









Күн тәртібі:

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) «Астық қабылдау кәсіпорны сақтауға қабылдаған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісін айқындау, сондай-ақ астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі болған кезде залалдың мөлшерін есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы жобасы заңды тұлғалардың аккредиттелген бірлестіктеріне электрондық мекенжайлары бойынша тарату арқылы қарау және қорытынды беру үшін жіберілді.



Сараптамалық қорытынды ұсынғандар:

1) «Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі (ұсыныстарсыз және ескертулерсіз) 2014 жылғы 20 қаңтардағы №10/01 хат ;

2) «Қазақстанның азық-түлік одағы» заңды тұлғалар бірлестігі (ұсыныстарсыз және ескертулерсіз) 2014 жылғы 21 қаңтардағы №12 хат;

3) «Қазақстанның Фермерлер Одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі (ұсыныстарсыз және ескертулерсіз) 2014 жылғы 28 қаңтардағы №101 хат.



Сараптамалық қорытынды белгіленген мерзімде ұсынбағандар:

1). «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі;

2) «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығы;

3) «Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспортқа шығарушыларының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі.

Ереженің 13-тармағы негізінде сараптамалық кеңес мынаны ұсынады:

«Астық қабылдау кәсіпорны сақтауға қабылдаған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісін айқындау, сондай-ақ астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі болған кезде залалдың мөлшерін есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы жобасы мемлекеттік органдарға белгіленген тәртіпте қарау үшін жолдау.





Сараптамалық кеңес

төрағасының орынбасары

Инвестициялық саясат департаменті директоры

Хатшы ___________ Қ. Нұрбекова





В.Хамзина



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет