Ара отбасына арналған мемлекеттік стандарт (МемСт 20728-2014). Бұл стандарт ара отбасыларының сапалық көрсеткіштерін реттейді. Ара отбасының жағдайы маусымдық өзгерістерге ұшырайтындығына байланысты оның сапалық көрсеткіштері күнтізбелік мерзімге сәйкес жіктеледі.
кесте - Кезеңдер бойынша аралардың тірілей салмағының өзгеруі
Ара отбасындағы аналық ара жасы екі жастан аспаған болу керек. Тергиттер мен стерниттердің мөлшері, ет тұмсығы, түсі, салмағы барлығы тұқым ерекшелігіне және тұқымның аудантастыру жоспарына сәйкес болуы керек.
Ара отбасының ұя салатын корпусының өлшемі 12 рамалы 435х300 мм және 20 рамалы 435х230 мм болуы шарт. Ұяларға кәріздер керек емес уақытта қоймады сақталып, араларды сату кезінде қосымша береді. Кәріздің түсі ашық қоңыр немесе қоңыр түсті, ұяшықтары дұрыс жасалған болу керек. Ара отбасыда 435х300 мм ұя рамаларынан, бал мен перганың белгілі бір мөлшері бар арнайы ұрпақ көбейтуге арналған кәріз болуы керек.
кесте – Ара отбасының ұрпаққа, бал мен балтозаңға қажеттілігі
Достарыңызбен бөлісу: |