Сабақтың мақсаты: Ішкі карантин объектілерімен танысу (Қосымша А),
карантиндік тексеру және бақылау әдістерін зерттеу.
Түсініктеме
Ӛсімдіктер карантині Республиканың ӛсімдік ресурстары мен
ӛсімдік текті ӛнімнің карантинді объектілердің басқа мемлекеттерден
сондай-ақ Республиканың карантинді аймағынан әкелінуінен және енуінен
қорғауға, ал олар таралған жағдайда, олардың таралу ошақтарын
оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін
кӛздейтін құқықтық режим. Карантинді объектілерге - ӛсімдіктерге және
ӛсімдік ӛніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін Республика аумағында
жоқ немесе шектеулі тараған, бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне
зиянкестер, ӛсімдіктердің ауруын қоздырғыштар, арамшӛптер жатады.
Фитосанитарлық
бақылауға
жататын
карантиндік
ӛнімділіктің
номенклатурасы болады. Карантиндік қызмет - жүктерді, кӛлік құралдарды
экспертиза жүргізіп, бастапқы және қайталама тексеруден ӛткізеді. Шет
елдерден келетін отырғызылатын және егілетін материалдарды
карантиндік питомниктерде қосымша экспертизалардан ӛткізеді. Ауыл
шаруашылық қоймаларда карантиндік объектілерді анықтап шығару үшін
жүйелік тексерулер ӛткізеді. Олар табылған кезде, олардың ошақтарын
жоюдың белсенді шаралары қолданылады.
1 - тапсырма. Қазақстан территориясында шектеулі таралған
карантиндік объектілермен танысу, 1 - кестені толтырыңыз.
2 - тапсырма. Карантиндік объектілердің ошақтарын анықтау
карантиндік материалдарды тексеру тәсілі арқылы тексеру әдістерімен
танысу.
1 кесте - Ішкі карантин объектілерінің сипаттамасы
№ Зиянды
ағзалар
Зияндылығы
Зерттеу
әдістері
Тасымалдау және
таралу әдістері
Күресу
шаралары
3 - тапсырма. Карантиндік тексеру және зерттеу әдістерімен танысу, 2 -
кестені толтырыңыз.
2 кесте - Карантиндік тексерудің әдістері
№
Карантиндік
тексерудің
тәсілдері,
зерттеулері
Тәсілдерінің сипаттамасы
Карантин
объектісі
Бақылау сұрақтары :
1.Сыртқы карантиннің негізгі міндеті?
2. Ішкі карантиннің негізгі міндеті?
3. Карантиндік тексеру және зерттеудің негізгі әдістеріне сипаттама
беріңіз.
4. Ішкі карантин объектілерін атап шығу және олардың таралу
аймақтарына кӛрсету.
5. Карантиндік объектілерінің ошағын жою үшін қандай шаралар
қолданылады?
6. Қандай әдіспен карантиндік жүкті залалсыздандырады?
8 - тақырып : Өсімдік қорғаудың механикалық және физикалық әдістері.
Сабақтың мақсаты: Ӛсімдік қорғаудағы негізгі физикалық және
механикалық әдістерімен танысу.
Түсініктеме
Ӛсімдік қорғаудың механикалық әдістері басқа күресу әдістерін
қолдануға мүмкіндік тумаған кезде қолданады. Бұлар - еліктіргіш,
тосқауыл жыра, сақина және басқа кұрылғылар колдануға негізделеді,
қыстайтын жұмыртқаларын және бунақ денелілердің ӛрмекті ұяларын
жинау және зиянкестерді жоюды қамтиды. Сонымен қатар бұл тәсілге
ауру ӛркендерді және ағаш бұтақтарын кесу, сорттық егістіктерде
фитотазалау және кӛшеттерді ауру ӛсімдіктерден тазалау, ауру
қоздырғыштарын аралық ӛсімдік-иелерін жою жатады.
Физикалық әдісті негізінен ӛнімді және оның ӛңделген ӛнімін сақтау
мерзімінде
зиянды
ағзалармен
күресте
және
кӛшетханаларда,
жылыжайларда және бүркемелерде топырақты залалсыздандыру үшін
қолданады. Ол жоғары және тӛмен температураны, ультрадыбысты,
жоғары тоқ жилігін, радиациялық сәулелену, жарық және басқа
физикалық агенттерін қолдануға негізделген.
1 - тапсырма. Ӛсімдік қорғаудың физикалық және механикалық
әдістерінің негізгі тәсілдерімен танысу. 1,2- кестелерді толтырыңыз.
1 кесте - Зиянды ағзалардан ӛсімдік қорғаудың физикалық тәсілдерінің
сипаттамасы
№
Тәсілдің атауы
Орындалу
мерзімі
Зиянды ағзалар
Әсер ету
механизмі
2 кесте - Зиянды ағзалардан ӛсімдік корғаудың механикалык тәсілдерінің
сипаттамасы
№
Тәсілдің атауы
Орындалу мерзімі
Зиянды ағза
Бақылау сұрақтары:
1. Ӛсімдік қорғаудың физикалық әдістің мәні және қолдану аумағы.
2. Механикалық әдіс қандай дақылды ӛсіргенде кеңінен қолданылады?
3. Қояндар мен кеміргіш тышқандардан жеміс дақылдарын қалай
қорғайды?
4. Бидайдың тозаңды қара күйесінің қоздырғыштарымен қандай
физикалық тәсіл арқылы күресуге болады?
5. Жылыжайларда топырақты термиялық залалсыздандыру қалай
жүргізіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |