4 - тақырып: Өсімдік ауруларымен күресу құралдары.
Сабақтың мақсаты: Топырақты аурулардан залалсыздандыру, вегетация
және тыныштық күйіндегі ӛсімдіктерді, тұқымдық, отырғызу
материалдарын ӛңдеуге арналған препараттар түрімен танысу.
Түсіндірме
Фунгицидтерді ауру қоздырғыштарға әсер ету сипаты бойынша
қорғағыш, емдік, құртқыш әсерлі, ӛңделген объектіде таралу сипаты
бойынша - жанаспалы, жүйелі, міндеті бойынша - отырғызылатын
материалды және тұқымды егудің алдындағы залалсыздандыру үшін,
топырақты ӛңдеу, ӛсімдік тыныштық немесе вегетация кезеңінде ӛңдеу
үшін деп шартты түрде топтастырады. Фунгицидтердің түрлері кӛп
жылдық қолдану тарихы бар жанаспалы (мыс, күкүрт негізіндегі)
препараттармен және қазіргі кезде жоғары тиімді және ұзақ әсер етуші
жүйелік фунгицидтерден тұрады. Фунгицидтер таңдамалылығымен және
арнайы әсерлілігімен ерекшеленеді.
1 - тапсырма. Бордосс қоспасын және әк-күкірт қайнатпасын қолдану
тәсілдерін зерттеу. Жұмыстық құрамын дайындау жолдарын, қолдану
ерекшеліктерін жазып алу.
2- тапсырма. Топырақты залалсыздандыру, кӛп жылдық егістіктердегі
тыныштық сатысындағы ауру қоздырғыштарына қарсы бағытталған,
жойғыш ӛңдеулермен танысу. 1 - кестені толтырыңыз.
1 кесте - Топырақты залалсыздандыру және жеміс ағаштары
отырғызылған жерлерде қоздырғыштарды құрту үшін арналған
препараттар
Ӛңдеу
мерзімі
Препарат
Әсер ету
спектры
Қолдану әдісі
және уақыты
Шектеу
3 - тапсырма. Ӛсімдік қорғауда вегетация кезеңінде, отырғызылу
материалын және тұқым дәрілеуге қолдану үшін рұксат етілген түрлерімен
танысу, 1 кестені толтырыңыз.
1 кесте - Жидек, жеміс, кӛкӛніс, техникалык, бұршақ, дәнді дақылдарын
ӛндеуге және дәрілеу үшін қолданылатын препараттар
Кӛрсеткіштер
Әсер етуші заттың аталуы
Дақыл
Сатылатын атаулары
Әсер ету механизімі
Ӛңдеу мерзімі
Дақыл
Ауру
Қолдану әдісі
Күту мерзімі
Қауіптілік класы
Бақылау сұрактары:
1. Фунгицидтердің жіктелуі.
2. Фунгицидтерді таңдау.
3. Бейорганикалық фунгицидтер. Қолдану ерекшеліктері.
4. Топырақты залалсыздандыру және түбімен құрту үшін арналған
препараттар.
5. Маусымдық кезеңде ӛсімдіктерді ӛңдеу үшін арналған фунгицидтер.
5 - тақырып: Өсімдік қорғау бойынша шаралардың тиімділігі.
Сабақтың мақсаты: Пестицидтерді колданудың тиімділігін анықтайтын
әдістерді меңгеру.
Түсіндірме
Пестицидтерді қолдану шығынмен байланысты, сондықтан барлық
шаралар тиянақты негізделген болу керек. Ӛсімдік қорғау қүралын
қолдану тиімділігі пестицидті дұрыс таңдап алуына, қолдану тәсіліне және
басқа факторларға байланысты. Зиянды ағзалармен күресте пестицидтерді
қолдану нәтижесін биологиялық, шаруашылық, экономикалық тиімділік
кӛрсеткіштері бойынша бағалайды.
Биологиялық тиімділік зақымдалған ӛсімдік санын, ӛсімдік
мүшелерінің зақымдалуын, зақымдалу дәрежесінің тӛмендеуін немесе
зиянды ағзалардың ӛлуін пайызбен кӛрсетеді.
1 - тапсырма. Формулаларды жазып алу, инсектицидтердің
биологиялық тиімділігін анықтау және кестелерді толтыру.
Ӛсімдік зиянкестерінен қорғау құралдарының биологиялық
тиімділігі.
Ӛсімдік зиянкестерінен қорғау құралдарының биологиялық
тиімділігі есептеу үшін кӛбінесе Аббот формуласы қолданылады:
Э=(А-В) 100/A
Бұнда: Э - пестицидтің тиімділігі, зиянкестер санының тӛмендеуі
пайызбен кӛрсетілген немесе ӛсімдіктің әр түрлі ағзалармен зақымдалуы
бақылау арқылы есептелінген, (%);
А - бақылаудағы нақты есептеу мерзімінде зақымдалған ӛсімдіктер
немесе тірі дарақтардың саны, (дана);
В – тәжірибедегі нақты есептеу мерзіміндегі зақымдалған ӛсімдіктер
немесе тірі қалған дарақтар саны, (дана).
Кейбір жағдайларда, әсіресе кӛбеюдің үлкен мүмкіншілігі бар
түрлеріне Абботтың модификацияланған формуласы қолданылады:
Э=100х(1-Та х Св / Тв х Са)
Бұнда: Э - пестицидтің тиімділігі, зиянкестер санының тӛмендеуі
пайызбен кӛрсетілген немесе ӛсімдіктің әр түрлі ағзалармен зақымдалуы
бақылау арқылы есептелінген, (%);
Тв – тәжірибедегі ӛңдеудің алдындағы зақымдалған ӛсімдіктер
немесе тірі дарақтардың саны;
Та – тәжірибедегі ӛңдеуден кейінгі зақымдалған ӛсімдіктер немесе
тірі дарақтардың саны;
Св - бақылаудағы алдын ала есептеуде зақымдалған ӛсімдіктер
немесе тірі дарақтар саны;
Са - бақылаудағы кейінгі есептеуде зақымдалған ӛсімдіктер немесе
тірі дарақтар саны;
Есеп А). Жаздық жұмсақ бидайдың егістігін инсектицидпен ӛңдеуге
дейін (масақтану фазасының аяғында) бидай трипсінің имаголарының
саны қаққышпен 100 рет қаққанда №1 егістікте - 720 дарақ, №2 егістікте -
680 дарақ, №3 егістікте - 760 дарақты құрады. №2-3 егістіктер
фосфорорганикалық инсектицидтермен ӛңделді. №1 бақылау ретінде
ӛңдеусіз қалды. Бүркігеннен бір тәуліктен кейін егістіктің нӛмерлеріне
сәйкес бидай трипс саны 670, 127, 155 құрады. Үшінші тәулікте
сәйкесінше - 420, 110, 115. Инсектицидтердің биологиялық тиімділігін
анықтау керек.
1 кесте - Жұмсақ бидайдағы бидай трипсіне қарсы инсектицидтердің
биологиялық тиімділігі
Егістіктер
Қаққышпен 100 рет
қаққанда трипс саны
Биологиялық
тиімділігі, %
ӛңдеуге
дейін
есептеу
күні
есептеу күндері
1
3
1
3
№2
№3
№ 1 - ӛңдеусіз
Достарыңызбен бөлісу: |