Автоматты станок (автомат) деп – жүктеп өңделген бөлшекті қайта беруді қоса, өңдеудің технологиялық циклін орындауға қажетті бүкіл негізгі ижәне қосалқы қозғалыстары автоматтандырылған станокты айтамыз. Автоматты қамсыздандыру периодты түрде наладкаға, материалдың станокқа берілуіне және өңделетін бөлшектердің бақылауынаәкеліп соғады.
Жартылай автоматты (жартылай автомат) станок деп – қозғалыстарының бір бөлігі автоматтандырылмаған автоматты станокты айтамыз. Көп жағдайларда бұл қозғалыстар дайындаманы жүктеу мен өңделген бөлшекті шешуге қатысты.
ЧПУ бар металлкескіш станоктары деп – бөлшекті өңдеуге керекті барлық анықтамалар (өңдеудің бірізділігі, жұмыс органының орын ауыстыру ауқымы, өңдеу режимі және т.с.с.) енгізілген басқару программасындағы есептеуіш құрылғысымен басқарылатын станокты айтамыз. Белгіленген басқару программасына сәйкес станок бөлшекті өңдеудің берілген технологиялық процессін орындауға арналған жұмыс органының барлық жұмыс және қосымша қозғалыстарын іске асырады.
өндірістік робот (программалық басқарылуы бар автоматты манипулятор) бірнеше қозғалыс деңгейі бар манипулятор түріндегі орындаушы құрылғыдан және өндірістік процессте қозғалыс және басқару функцияларын орындайтын программалық басқарудың қайта программаланатын құрылғысынан тұратын автоматты машина (стационарлы немесе қозғалмалы) болып табылады.
Икемді өндірістік жүйе (ИөЖ) – ЧПУ бар құрылғының, роботталған технологиялық комплекстердің, икемді өндірістік модельдердің, технологиялық жабдықтардың бөлек бірлігінің және орнатылған шек сипаттамасындағы еркін номенклатуралы бұйым өндірісінде (өндірістің сериялығына және басқа факторларға байланысты) автоматты қайта наладкалау қасиетіне ие («адамсыз технологияны» жүзеге асыру мүмкіндігі) белгіленген уақыт аралығында автоматты режимде функциялануының қамсыздандыру жүйесінің (бірдей мөлшердегі) қосындысы. Икемді өндірістік модуль басқару программасының автоматты құрылғысымен және автономды функциялаушы, көпретті циклды жүзеге асырушы және жоғары деңгейдегі жүйеге енгізу мүмкіндігіне ие технологиялық процессті автоматтандыру құралдарымен жабдықталған технологиялық жабдықтың бірлігінен тұратын икемді өндірістік жүйе болып табылады.
Роботталған технологиялық комплекс – технологиялық жабдық білігінің, өндірістік роботының және автономды функциялаушы және көпретті циклды жүзеге асырушы жабдықтау құралдарының қосындысы. Көрсетілген техникалық құралдар базасында икемді өндірістік жүйелер жүзеге асуы мүмкін.
Икемді өндірістік жүйелер ұйымдастырушылық сипаттамаларға сәйкес икемді автоматтандырылған бөлімшелер және икемді автоматтандырылған цехтар болып ажыратылады. Көбінесе назар технологиялық жабдықты қолдану бірізділігінің өзгеру мүмкіндігі қарастырылған технологиялық маршрутпен функциялаушы автоматтандырылған басқару жүйесімен қосылған бірнеше икемді өндірісітк модульден тұратын икемді өндірістік жүйе болып табылатын икемді автоматтандырылған бөлімшелерге бөлінеді.
«Адамсыз» (программаланатын) өндіріс – өндірістік процессте адамның қатысуынсыз және көбінесе өндірістік роботтар мен автоматты жабдықтардың болуымен сипатталатын өндірістің жаңа түрі болып табылады. Бұл өндірістің автоматизация коэффициенті Kа→1. Kа дегеніміз өндірістің автоматты жүйесімен өңделетін және алынатын ақпарат көлемінің технологиялық процессті іске асыруға керекті толық ақпарат көлеміне қатынасы. «Адамсыз» өндірісті ұзақ уақыт бойына, мысалы ауысымға, функциялау үшін, адаптацияланатын технологиялық және роботталған жүйелер керек, сонымен қатар диагностикалық операциялар және басқару жүйесі мен жабдықтың жұмыс істеуі жоғары сенімді болуы керек. Қазір квазибезлюдный атты өндірістің пайда болуы туралы ақпарат бар, ондағы жұмысшылар саны әдеттегі өндіріспен салыстырғанда 10-15 есеге азайған.
Достарыңызбен бөлісу: |