Қазақстан республикасы білім және ғылым мин



бет43/54
Дата02.01.2022
өлшемі163.55 Kb.
#452560
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
Контент табигатты пайдалану

Әдебиеттер: 1,6,8,16,20,23,24


9 ТАҚЫРЫІІ. МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП КЕШЕНДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ.



Лекция жоспары:

    1. Минералдық ресурстарды кешенді пайдалану

    2. Кешенді экономикалық бағалау

    3. Минералдық ресурстарды игерудің экономикалық тиімділік есебі



    1. Минералдық ресурстарды кешенді пайдалану

Халық шаруашылығы айналымына минералды ресурстарды тарту қаркыны ұлғайған жағдайда оларды кешенді пайдалануда үлкен мәнге ие болады. Бұл қазіргі ҒТП мүмкіндіктеріне сәйкес бастапқы шикізаттан мейлінше көп бағалы компоненттерді шығаруға және бұл элементтерді халық шаруашылығы қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету міндеттерін шешу олардьң өндіріс обьектілері санын ұлғайту әдісінен гөрі бұл шикізатты тиімді қайта өңдеудің көмегімен мейлінше пайдалырақ. Бұл шикізатты өңдеуге арналған жаңа өндірісті құруға қажеттілікті тудырмайды, оларды тасымалдауға кететін көлік шығындарын азайтады.

Минерал шикізаттарын кешенді пайдалану өнеркәсіптің ішкі резервтерін пайдалануда және барлық қоғамдық өндірісті интенсификациялауда маңызды бағыт болып табылады. Оған кіретіндер: оны пайдалану кезеңінде минералдық шикізатты толығынан пайдалану, яғни жер байлығын кешенді игеру; қайта өңдеу кезеңінде оларды толық пайдалану. Минерал шикізатын кешенді пайдалану деңгейі оның дәрежесі мен және кешенді игеру; қайта өңдеу кезеңінде оларды толық пайдалану. Минерал шикізатын кешенді пайдалану деңгейі оның дәрежесімен және толықтығымен сипатталады. Шикізаттың дәрежесі одан алынатын компоненттердің ретімен және санымен анықталады. Толықтығы шикізаттан алынатын бағалы компоненттерінің процентімен сипатталады. Минералды шикізатты кешенді пайдалану экономикалық проблемалардың негізгілерінің бірі болып табылады, ал оның дәрежесі техникалық прогрестің маңызды көрсеткіші болып есептеледі. Шикізат өндеудің жаңа техникасының құру, техниканы дамыту бастапқы шикізатты алынатын компонеттер аясын кеңейтуге, кешенді рудаларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Табиғи ресурстар тығыз өзара байланыста болады. Сондай-ақ жердің, судың, ауаның жағдайы әртүрлі пайдалы қазбаларды пайдалану дәрежесіне тәуелді. Жалпы ресурстарды тиімсіз пайдалану басқалардың сапасының нашарлауына соқтырады. Тау-кен байыту кәсіпорындарының қалдықтары ауа және су бассейндерін ластайды, жердің бір бөлігін ауылшаруашылығы айналымынан шығарады. Осыған байланысты қоршаған ортаны қалдықтармен ластау адамға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің кері әсерін тигізеді. Осыменен бірге қалдықтардың құрамында алынуы халық

шаруашылығының қажеттіліктер оларды өңдеуге күрделі қаржы салмай-ақ қанағаттандыратын әртүрлі бағалы компоненттер болады. Осылайша минералдың шикізаттарды жеткіліксіз толық пайдалану екі есе шығындарға әкеледі: бір жағынан қалдықтардың құрамында бағалы компоненттер кетеді, екінші жағынан жаңа кен орындарын игеру мен пайдалануға күрделі қаржылар қажет.

Кешенді қайта өңдеулің оңды тәжірибесі Донбаста қалыптасқан. Онда темір бетон өнімдерін шығаратын көптеген заводтар қалдықпен жұмыс істейді.

Минералды шикізатты кешенді пайдалану айрықша экономикалық тиімділік береді. Біздің көзқарасымызша, «экономикалық тиімділік» категориясына салалық және халық шаруашылығы деңгейіне бөлінеді. Салалық тиімділік қалдықтарды жинақтауға жұмсалатын шығындарды ықшамдау, шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайту, қор қайтарымын көбейту, өзіндік құнды төмендету есебінен қалдықтардан бірқатар элементтер өндіруде тікелей орын алады. Халық шаруашылығы тиімділігі ел бойынша шикізат тасымалдаудың көлік шығындарын үнемдеуде, ауылшаруашылығы жерлерінің өнімділігін көтеруде, технологиялық құрал-жабдықтардың коррозияға ұшыраған тозуын азайтуда, шикізат базасын дамытуға өндіргіштік емес күрделі қаржыны азайтуда т.б. көрінеді.

Қоршаған ортаға қалдықтардың әсерін азайту арқылы тұрғындардың денсаулығы мен тіршілік сапасын, еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту, үзіліп қалған ормандар мен су қоймаларын қалпына келтіруге ықпалы тиетін миниралды шикізатты кешенді пайдаланудан әлеуметтік тиімділік үлкен маңызға ие болады.

Минералды шикізаттарды кешенді пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік аспектілерінің өзара тығыз байланысын атап өтуге болады. Қалдықтарды үнемдеу тұрғысынан қарағанда ол қоршаған ортаны ластау деңгейн азайтуға әкеледі, оның өзі тұрғындардың денсаулығы жақсаруында көрінеді, ал бұл өз кезегінде еңбек өнімділігіне оң әсерін тигізеді, табиғи ортаны ластауға байланысты аурулар бойынша жұмысқа шықпай қалу санын азайтады.

Минералды шикізатты кешенді пайдалану табысты шешілуі қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақты да қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет