10 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЭКОЛОГИЯСЫ
Лекция жоспары:
Табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогресс
Қалдықсыз өндіріс және қалдықтарды залалсыздандыру, пайдалану проблемалары
Табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техниакалық прогресс
Табиғат рисурстарын тиімді пайдалану –халық шаруашылығының әлеуметтік –экономикалық тиімділігін көтерудің маңызды тұстарының бірі. Түпкі өнім шығарудың өсуі оның бірлігіне жұмсалатын ресурстар көлемінің азаюымен үндесу тиіс. Экономиканың мұндай жолы тиімді, өнім шығару шығындары салыстырмалы түрде азаяды.
Табиғи-шикізат ресурстарын тиімді пайдалану үшін жүзеге асырылатын техникалык-экономикалық шаралар негізінде ғылыми- техникалық прогресс жатады. FTП, ресурсты өндіруден оны дайын өнім күйінде тұтынуға дейіңгі бүкіл өндіріс циклының материалдық базасын құрайды. FTП қоғамның осы келе жатқан тұтынуы мен оның ұдайы өндірісі және қоры бойынша табиғаттың шектеулі мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтарды шешу құралы ретінде әрекет етеді. Мұнда бірнеше аспектілерді бөліп қарауға болады:
жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алудың дәрежесінің көтерілуі;
өндірілетін шикізаттың бардық компоненттерінің кешенді қайта өңделуі, өтілденуі;
ресурстарды дайын өнімге өндеуде және тұтынушыға дейін жеткізу процесінде шығынды қысқарту;
үнемдеу ресурсына, қандай да қажеттіліктерге ресурстар тұтыну құрылымын жетілдіру;
энергия мен материалдардың жаңа түрлерін қолдану.
Ірі резерв ретінде - пайдалы қазбалар кен орнын іске қосудан қайтарымның ұлғаюы. Осы кезге дейін, мәселен, өндіру барысында жер қойнауында 30 процент көмір, 20 процент темір рудасы, 30 процентке дейін фосфат қалды. Бұл ресурстарды шикізатты өңдеудің жаңа тәсілдерін пайдаланып немесе оның алғашқы өндеуімен шаруашылық айналымға тартуға болады. Мысалы, су, бу айдау, жер асты қыздыру жолымен мұнай көлемін реттеп алуға болады. Бұл әдістер «ескі» кен орнында да өнімді ұлғайтуға мүмкіндік береді.
ҒТП скважина өтуін бірте-бірте арзандатып жеделдетеді, қойнаудан мұнай мен газ алуды көтереді. Газ құбырларының диаметрлерін ұлғайту және оларға қысымды көтеру есебінен тұтыну аудандарына газ жеткізуді жеделдетуге және оны пайдалануды арзандатуға болады.
Жаңа әдістер оны жасау мен қолдануға жаңа, өспелі шығындарды талап етеді.
Экономикалық мақсаттылық өлшемі болып өсу көлемі мен өндіруді ұлғайту жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асыруға арналған шығындарды салыстыру табылады. Мұнда табиғи ресурстардың шектеулілігін де ескеру керек.
Өндіруге шығынның өсуі оны өтілдеуге көп мақсатты мүмкіндікке негізделген шикізатты кешенді пайдалану тиімділігі мен жабылуы мүмкін. Мейлінше толық өндіру және ресуртарды қайта өңдеу түпкі өнім бірлігіне үлесті шығынның сақтауына әкеледі. Шикізат ресурстарын тиімді пайдалану терең, қайта өңдеу мен шығынның азаюын білдіреді.
Бар ресурстардан түпкі өнім шығуын ұлғайта отырып, халық шаруашылығы қажеттіліктеріне сәйкес техника жетістіктерін кеңінен таратып, қайта өңдеудін материалдық-техникалық базасын құру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |