Қазақстан республикасы білім және ғылым мин


Кешенді экономикалық бағалау



бет44/54
Дата02.01.2022
өлшемі163.55 Kb.
#452560
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
Контент табигатты пайдалану

Кешенді экономикалық бағалау

Кәсіпорынның жұмысы пайдалылық пен рентабелъділік көрсеткіштері бойынша бағаланатын жағдайда табиғи ресурстардың тегіндігі оған бейберекет қарауды туғызады. Кәсіпорын пайдаланғаны үшін төлем жасайтын өндірістің басқа факторларымен бірдей деңгейде табиғи ресурстарды қою қажеттігі пісіп-жетілді. Табиғи ресурстарды бағалау өте қажет. Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау жүйесі ретінде аталмыш

табиғи игіліктерді сақтауға жоғары шекте рұқсат етілетін шығындардың орталықтандырылған белгіленген нормативтері жүйесі ұғынылады. Оның басты мақсаты — пайдалы қазбаларды пайдалануды оңтайландыру базасында қоғамдық өндіріс тиімділігін көтеру.

Жоспарлы есептеуді шығару үшін жекелеген ресурстардың экономикалық бағасын ғана анықтап қоймай, пайдалы қазбалар кен орындарының да кешенді бағасын беру қажет. Мәселен, тау жұмыстарында жерді бағалау тауды өндеудегі шығындарды анықтауға мүмкіндік береді, ал руда кені мен орын алған пайдасыз жыныстарды кешенді бағалау оларды неғұрлым толық өңдеуге мүмкіндік береді.

Қадастрлық және жоспарлы-перспективалық бағалауды анықтау қажет. Кадастрлық бағалаудың обьектісі-пайдаланылатын немесе соған дайындалып жатқан табиғи ресурстар. Жоспарлы-перспективалық бағалау жеткілікті зерттелмеген табиғи ресурстар үшін, мысалы, жекелеген деңгейдегі пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеу үшін жүргізілуі тиіс. Табиғи ресурстар үшін негізгі бағалау көрсеткіші оларды пайдалануда тиісті табиғи ресурстар әкелетін дифференциалдық рента көлемімен сипатталатын пайдалану құндылығы көрсеткіші болуы тиіс.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет