Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі



бет1/5
Дата02.01.2022
өлшемі27.22 Kb.
#453415
  1   2   3   4   5
дәріс мәтіні
















Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым Министірлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

Мемлекеттік Университеті

Дәріс мәтіні

Орындағандар: Бейсеқұл А. Мырзатай А.

Тобы:ЮМ-13-1к3

Қабылдаған:Жорабаева Н

Тақырыбы: Қазіргі кезеңнің әлемдік экологиялық мәселелері.

Жоспары:

  1. Қоршаған ортаның ластануы

  2. Атмосфералық ауаның ластануы және атмосфералық ауаны қорғаудың өзекті мәселелері.

  3. «Жылу эффектісі».

  4. «Озон тесігі».

  5. «Қышқыл жаңбырлар».

Дәріс мақсаты: Қазіргі кездегі негізгі әлемдік экологиялық мәселелермен танысу.

1.Қоршаған ортаның ластануы.

Қоршаған ортаның ластануы оған тән емес агенттердің немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық,биологиялық,физикалық) артуын, соның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес,зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан болуын да жатады.

Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.

Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.



Табиғи және жасанды (антропогенді);

  • Пайда болу көзіне байланысты

а)өндірістік,ауыл шаруашылық,транспорттық және т.б.

б)нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін).

- Әсер ететін ауқымына байланысты : ғаламдық,аймақтық,жергілікті.

-Қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера,топырақ,гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б).

- Әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т.б.

- Әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиактивті,радиациялық жылулық,шу,электромагниттік), физико-химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.).

- Әсер ету периодтылығына байланысты (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші реттік (смогты құбылыстардың өнімдері).

- Тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – жүз, мың жыл тұратын (азот,оттегі,аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан,фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостығы,озон қабатындағы фреон).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет