Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін "Информатика" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).
Жалпы білім беру мектептің профильді сыныптарында информатика курсын оқыту қоршаған орта туралы ақпаратты алуға, іздеуге, талдауға, сын тұрғыдан бағалауға, ақпаратты таңдап алуға; ақпаратты жіберуге; объектілер мен үдерістерді жобалауға, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға; жоспарларды құруға, түзетуге және іске асыруға бағытталған.
2. Профильді 10-11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, оқушыларды ақпараттық мәдениетке қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.
3. Оқыту міндеттері:
1) қазіргі заманауи ақпараттық қоғам, жеке тұлғаның және мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру;
2) мәтінді және бейнені сканерден өткізу, танып алу дағдыларын қалыптастыру;
3) ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;
4) жобалық іс-әрекетте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану;
5) мәтіндік, сандық, графиктік және дыбыстық ақпараттарды өндеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
6) оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |