Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет1/33
Дата29.09.2022
өлшемі333.2 Kb.
#461596
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Ресурс1.6-1 Оқу бағдарламасы 5-6-9кл-Информатика-(334)






Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 шілдеде № 19105 болып тіркелді

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

БҰЙЫРАМЫН:


1. "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелді, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 146 (28085) санында жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:





1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:


"6) бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары осы бұйрыққа 175 – 191-2-қосымшаларға сәйкес;";





34, 70, 90 және 188-2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;


191-1, 191-2, 198-1 және 198-2-қосымшалар осы бұйрыққа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес толықтырылсын;


аталған бұйрықтың 193-қосымшасының:





1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:


"1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).";





6-тармағы келесі редакцияда жазылсын:


1. "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:


1) 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;


2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;


3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;


4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;


5) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.


Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).


көрсетілген бұйрыққа 200-қосымшасы осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;


көрсетілген бұйрыққа 204-қосымшада:





1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


"1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).";





4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


"4. "Биология" пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:


6) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;


7) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;


8) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.


Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген).";


көрсетілген бұйрыққа 206 және 207-қосымшалар осы бұйрыққа 10 және 11-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.


2. "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының мен факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу туралы тізілімінде № 15982 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 28 қарашадағы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:


көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:


20-тармақтың 15) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:


"15) Қажығали Мұхамбетқалиев "Тар кезең" романы.";


аталған қосымшаның негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ әдебиеті" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарында:


мына жол:


"



Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат



Н.Айтұлы "Бәйтерек" поэмасы,


К. Гамсун "Аштық" романы



Түсіну және жауап беру



9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;


9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;


9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;


9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану



Анализ және интерпретация



9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегікомпозициялық амалдарды талдау;


9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;


9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;


9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу



Бағалау және салыстыру



9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыдасалыстырып, жаңашылдығына баға беру;


9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;


9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу



"


келесі редакцияда жазылсын:


"



Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат



Н.Айтұлы "Бәйтерек" поэмасы,


Қажығали Мұхамбетқалиев "Тар кезең" романы



Түсіну және жауап беру



9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;


9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;


9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;


9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану



Анализ және интерпретация



9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;


9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;


9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;


9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу



Бағалау және салыстыру



9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыдасалыстырып, жаңашылдығына баға беру;


9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;


9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу



";


көрсетілген бұйрыққа 15-қосымшада:


14-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:


"14) "Көбею". Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі. Екінші реттік жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Менструалдық цикл. Менструалдық циклдағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы. Контрацепция түрлері, жыныстық жолмен берілетін аурулар: Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС), сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары.";


16-тармақтың 2) тармақшасында:


мына жол:


"



1. Көбею



7.2.1.1 өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау;


7.2.1.2 өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру;


7.2.1.3 айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау;


7.2.1.4 гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау



8.2.1.1 жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру;


8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру;


8.2.1.3 ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру



9.2.1.1 адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау;


9.2.1.2 аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу;


9.2.1.3 жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау;


9.2.1.4 менструалдық цикл мен экстроген және прогестеронның маңызын сипаттау;


9.2.1.5 контрацепцияның маңызы мен түрлерін түсіндіру;


9.2.1.6 жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру



"


мынадай редакцияда жазылсын:


"



1. Көбею



7.2.1.1 өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау;


7.2.1.2 өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру;


7.2.1.3 айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау;


7.2.1.4 гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау



8.2.1.1 жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру;


8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру;


8.2.1.3 ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер-дің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру



9.2.1.1 адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау;


9.2.1.2 жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау;


9.2.1.3 менструалдық цикл мен экстроген және прогестеронның маңызын сипаттау;


9.2.1.4 контрацепция-ның түрлерін және жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру



";


көрсетілген қосымшаға негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған "Биология" оқу пәнінің жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарда:





3) тармақшада:


мына жол:


"



Көбею



Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі



9.2.1.1 адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау



Зертханалық жұмыс "Аталық және аналық гаметалардың құрылысын зерттеу"



9.2.1.2 аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылысын зерттеу



Екінші реттік жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу



9.2.1.3 жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау



Менструалдық цикл: менструалдық циклындағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы



9.2.1.4 менструалдық цикл мен экстроген және прогестеронның маңызын сипаттау



Контрацепция түрлері және олардың қолданылуы мен маңызы.



9.2.1.5 контрацепцияның маңызы мен түрлерін түсіндіру



Жыныстық жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы, сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары



9.2.1.6 жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру



"


мынадай редакцияда жазылсын:


"



Көбею



Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі.



9.2.1.1 адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау



Екінші реттік жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу.



9.2.1.2 жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау



Менструалдық цикл: менструалдық циклындағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы.



9.2.1.3 сипаттау



Контрацепция түрлері.


Жыныстық жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС), сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары.



9.2.1.4 контрацепцияның маңызы мен түрлерін және жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру



".


3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:


1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;


2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпараттар институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;


3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;


4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін.


4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Ф. Н. Жақыповаға жүктелсін.


5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде төмендегі:


1) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 2-тармағы;


2) осы бұйрыққа 4-қосымшада:


1-сыныптар үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан, 2 және 3-сыныптар үшін 2021 жылғы 1 қыркүйектен, 4-сыныптар үшін 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 7 және 21-тармақтар, көрсетілген қосымшада бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар;


2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармақ;


2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 16 және 18-тармақтар;


2019-2020 және 2020-2021 оқу жылдарындағы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 17-тармақ;


2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 19-тармақ;


3) 1-сыныптар үшін 2020 жылғы 1 қыркүйектен, 2-сыныптар үшін 2021 жылғы 1 қыркүйектен, 3-сыныптар үшін 2022 жылғы 1 қыркүйектен, 4-сыныптар үшін 2023 жылғы 1 қыркүйектен, 5-сыныптар үшін 2024 жылғы 1 қыркүйектен, 6-сыныптар үшін 2025 жылғы 1 қыркүйектен, 7-сыныптар үшін 2026 жылғы 1 қыркүйектен, 8-сыныптар үшін 2027 жылғы 1 қыркүйектен және 9-сыныптар үшін 2028 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 5, 6, 7 және 8-қосымшалары;


4) 9-сыныптар үшін 2019 жылғы 1 қыркүйектен, 5 және 6-сыныптар үшін 2020 жылғы 1 қыркүйектен, 7 және 8-сыныптар үшін 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа 9-қосымша;


5) осы бұйрыққа 10-қосымшада:


7-сыныптар үшін 2019 жылғы 1 қыркүйектен, 8-сыныптар үшін 2020 жылғы 1 қыркүйектен, 9-сыныптар үшін 2021 жылғы 1 қыркүйектен, сондай-ақ 9-сынып (өтпелі кезең) үшін 2019 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілетін және 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылатын 6 және 24-тармақтар, көрсетілген қосымшаға қосымшада жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақстан тарихы" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар;


2019 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілетін 19-тармақ;


2020 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілетін 20-тармақ;


2021 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілетін 21-тармақ;


2019 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілетін және 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылатын 22-тармақ;


6) осы бұйрыққа 11-қосымшада:


7-сыныптар үшін 2019 жылғы 1 қыркүйектен, 8-сыныптар үшін 2020 жылғы 1 қыркүйектен, 9-сыныптар үшін 2021 жылғы 1 қыркүйектен, сондай-ақ 9-сынып (өтпелі кезең) үшін 2019 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілетін және 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылатын 4 және 21-тармақтар, көрсетілген қосымшаға қосымшада жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар;


2019 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілетін 16-тармақ;


2020 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілетін 17-тармақ;


2021 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілетін 18-тармақ;


2019 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілетін және 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылатын 19-тармақты қоспағанда күшіне енеді.



Қазақстан Республикасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет