Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


-тарау. "Информатика" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет6/33
Дата29.09.2022
өлшемі333.2 Kb.
#461596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Ресурс1.6-1 Оқу бағдарламасы 5-6-9кл-Информатика-(334)

2-тарау. "Информатика" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4. "Информатика" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;


2) 11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.


5. Информатика курсын оқыту үдерісінде әртүрлі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүреді.


1) алгебра және анализ бастамалары пәнімен пәнаралық байланыс: графикалық және анимациялық объектілерді, web-беттерді, мәтіндік құжаттар мен полиграфия басылымдарын қалыптастыруға арналған негізгі операциялардың алгоритмдерінің орындалуы;


2) геометрия пәнмен пәнаралық байланыс: координаталық жүйелері және олардың компьютерлік графика мен анимацияда қолданылуы;


негізінде симметрия мен алтын қима ережесіне сәйкес жатқан графикалық объектілерді қалыптастыру;


3) "Қазақ, орыс және шетел тілдері" пәндерімен пәнаралық байланыс: оқушылардың сөз қорының жаңа терминдермен толығуы;


мәтіндік процессор мен баспа жүйесінде жұмыс істеуде орфографиялық және сөйлеу дағдысын жақсарту;


компьютерлік терминологияны меңгеру;


шетел тілін оқу құралы ретінде телекоммуникациялық ресурстарды пайдалану;


4) әдебиеті пәнімен пәнаралық байланыс: әртүрлі стилистикалық типтер мен жанрлардағы мәтіндермен өз бетімен жұмыс іскерлігін дамыту;


оқушының жария сөз жоспары мен уақыт межелеуді жоспарлау іскерлігін дамыту.


5) география пәнімен пәнаралық байланыс: графикалық бейнелерді визуальды өнімдерге: Web (Веб)-беттерге, анимациялық роликтерге, полиграфиялық басылымдарға орналастыру үшін қалыптастыру;


6) биология пәнімен пәнаралық байланыс: табиғаттың "жанды" және "жансыз" графикалық бейнелерін визуальды өнімге, Web (Веб)-беттерге, анимациялық роликтерге, полиграфиялық басылымдарға орналастыру үшін қалыптастыру;


компьютерлік және биолгоиялық вирустар арасында салыстыру жүргізу;


7) "Адам. Қоғам. Құқық" пәнімен пәнаралық байланыс: ақпараттық кеңістіктің ауқымдығы және ұлттық қауіпсіздігі;


ақпараттық нарық, ақпараттық ресурстар аймағындағы мемлекеттік саясат пен құқықтық реттеу;


8) тарих пәнімен пәнаралық байланыс: әлемде және Қазақстан Республикасының болып жатқан тарихи жағдайларды программалау тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру;


анимация және мультипликацияның алғы шарттары;


html (аш ти эм эл)-дедакторының, Web (веб)-беттер және сайттардың шығу тарихы.


6. 10-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны:


1) Кіріспе (1 сағат): техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру;


2) Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат): әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар, білім беру ақпараттық ресурстары;


3) Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат): аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы, компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату (веб-камера, сканер, принтер, желілік принтер);


4) Ақпараттық технологиялар (24 сағат): мәтіндерді танып алу, мәтіндерді сканерлеу; мәтінді танып алу технологиясы, мәтіндерді танып алу программасы, сканерлеген мәтіндерді редакциялау, құжаттарды мәтіндік процессорға экспорттау; мәтіндік процессор, құжаттың терезе түрін баптау, құжатты қарау тәртіптері, терезелерді бөлу, ретке келтіру; стильдер, стильдерді өзгерту, жаңа стиль құру; кеңейтілген алмастыру буфері; беттің белгіленуі, бет түсі, беттерді бір-бірінен бөлу; бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағанда орналастыру; құжаттың құрылымы, беттердің нөмірлеуі, колонтитулдер, құжатта сілтемелерді ұйымдастыру, атауы, иллюстрация тізімі, қиылыс сілтемелер, мазмұнды баптау, рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау, құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру; макростар; анимация және мультипликация, анимацияға кіріспе, программамен және оның интерфейсімен танысу; анимациялық фильмдерді сақтау; геометриялық анайылықтарды салу, өзгерту және орнын ауыстыру, фигураның түсін орнату, қарапайым анимациялар жасау, анимация реттері; компьютерлік анимацияда қабаттар рөлі; бірнеше қабаттардан тұратын объектілердің орнын ауыстыру; бірнеше объектілер анимациясы, дыбыстық эффектілер, дыбыстық файлдарды құру, жариялау; Создание веб-страниц с использованием визуального html (аш ти эм эл) – редакторы; визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі; Web (веб)-беттер және сайттар, визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі; сайттың қарапайым алғашқы бетін құру, кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру, сайттың гиперсілтемелері мен навигациясы, веб-бетке gif (гиф)-анимация және баннерлерді кірістіру; сайтты жариялау.


5) Жобалық іс-әрекет (5 сағат).


7. 11-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны:


1) Кіріспе (1 сағат): техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру;


2) Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат): ақпаратты құқықты қорғау; компьютерлік құқық бұзушылықтар түрі; ақпараттарды тираждауда авторлық ақпараттарды қорғау;


3) Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (4 сағат):


программалық қамтамасыз ету түрлері (лицензияланған, шартты тегін, тегін) және оларды қолдану ережелері; ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйелер құралдары: файлдарды қорғаумен, компьютерлерді қорғаумен жабдықтау; компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерге ену жолдары; вирустардан сақтау шаралары, вирусқа қарсы программалары; қауіпсіздік параметрлері, қолжетімділікті басқару, пароль қою;


4) Ақпараттық технологиялар (20 сағат): суретпен сипаттауларды, яғни иллюстрацияларды қалыптастыру, векторлық графиканы өңдеу редакторы; объектілерді импорттау және экспорттау; дайын кітапханалардағы графикалық объектілерді өңдеу, қисықтармен жұмыс, әсерлер; монтаждау және бейнелерді жақсарту, растрлық графика редакторы; сурет салу және бояу, фотомонтаж, фотосуреттерді өңдеу мен баспаға даярлау, коллаж, әсерлерді пайдалану; басылым жүйелерінің жіктелуі; электронды басылымдар, басылымның міндетті атрибуттары; рәсімдеу ережелері (буклет, кітапша, кітап, журнал, жарнамалық бет), редакциялаудың техникалық ережелері, терминология. беттің пішімі, мәтінді пішімдеу, қаріптермен жұмыс, құжат стилі, басылымды макеттеу (жобаны құру); мәтінді дайындау, иллюстрацияларды дайындау, қаріптерді таңдау, беттеу, макетті баспадан шығару;


5) Жобалық іс-әрекет (7 сағат).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет