Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат



бет2/5
Дата19.12.2023
өлшемі29.92 Kb.
#487088
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
77 Каскатаева.2023-24 Силлабус Құзырлылық

Бағалау критериялары:
Үй тапсырмаларының немесе МӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікір таластарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
МӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін МӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:
(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4


3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты – Магистранттардың әдістемелік құзырлылықтарын жетілдіру және оларды білім алушылардың әдістемелік және математикалық құзырлылықтарын дамыта білуге дайындау.
«Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру негіздері» пәнінің негізгі міндеті ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелері:
1) Магистранттар отандық және халықаралық тәжірибені зерттеу және аталған курсты меңгеру негізінде білім алушылардың әдістемелік және математикалық құзырлылықтарын дамыту әдіс-тәсілдерін және әрекеттер жүйесін біледі, қолдана алады;
2) Магистранттар әдістемелік құзырлылықты тиімді қалыптастыруға бағытталған оқу құралдарын, электрондық басылымдарды пайдалану жолдарын біледі;
3) Білім беру процесінде әртүрлі ақпарат дерекөздерін пайдалану және электрондық ресурстарды қолдану мәселелерін түсіндіру, қажет ақпараттарды өздігімен іздей білу дағдылары қалыптасады;
4) Магистранттар жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдануға дағдыланады;
5) Болашақ мамандардың әдістемелік құзырлылығының қалыптасқандық деңгейін анықтаудың жүйесі қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет