Балдар: 1 сұрақ -30; 2 сұрақ – 30; 3 сұрақ - 40
Білім алушылар:
|
A
|
- стилистикалық сауатты, логикалық дұрыс сұрақтарға жауап берді;
- теориялық ережелерді нақты мысалдармен суреттеді;
- ғылыми терминологияның нақты қолданылуын көрсетті
- шығармашылық тәсілді қолдана отырып, практикалық тапсырманы толық көлемде орындады
|
B
|
– жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламаған шағын олқылықтарға жол берілді;
- баяндаудың мәніне қатты әсер етпейтін елеусіз дәлсіздіктерге жол берілген.
|
C
|
білім алушы теорияны жаңа жағдайда және/немесе практикалық тапсырманы орындау кезінде қолдана алмады.
|
D
|
терминологияны пайдалану кезінде ұғымдарды анықтауда қателіктер жіберілді.
|
F
|
жұмыс оқушының тексерілетін пән бойынша міндетті білімі мен іскерлігінің толық жоқтығын көрсетті.
|
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының типі: ТК
3. Пәннің қысқаша мазмұны.
Пәннің мақсаты студенттердің Қазақстанның ежелгі тарихы, тарихи процестің негізгі кезеңдері және ерекшеліктері туралы, толық білім беруде дағдыларын, тиянақты түрде және санқырлы негізде қазақ халқының шығу тегіне қатысты мәселені айқындап, жан-жақты білімді қалыптастыру болып табылады.
Пәннің негізгі міндеттері: Қазақ мемлекеттігінің өткен тарихын танып білу отансүйгіштік сезімді тәрбиелеудің, басқа халықтардың рухани және материалдық мұрасына сыйластықпен қараудың, жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеудің маңызды факторы. Еліміздің тарихы, қазіргі жалпы дүниежүзілік тарихтың, соның ішінде Евразия тарихының, түркі халықтары тарихының құрамдас бөлігі болып табылады, оның тарихы да, тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты және республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында негізгі пәндердің бірі болып оқытылады. Әрбір қазақстандық азамат үшін өз Отанының тарихын білу өз халқының өткен және келешек ұрпақтары алдындағы қасиетті борышы. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстан Республикасы қазіргі кезеңде Қазақстанның ежелгі тарихы пәніне ерекше мән беруде.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: Тас және қола дәуірлерін, адамның пайда болуы, қалыптасуы және алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы мен халық ретінде орнығып, қалыптасу тарихи үрдістерін меңгереді. Сонымен қатар Қазақстанның қазіргі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып хронологиялық тұрғыдан, мол фактологиялық материалдармен, тарихи деректермен жұмыс істеуге машықтандырумен, түрлі тарихи оқиғалар мен құбылыстарды, кәсіби біліктілікке байланысты мәселе төңірегінде ізденістер жүргізумен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |