Оқу курсының типі: МК
Пәннің мақсаты: болашақ маманға әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту арқылы дүниетанымы кең, оқырмандық мәдениеті, қызығушылығы жоғары, парасатты, ізгілікті, ұлттық рухани қазынаны, салт-дәстүрді жинақтаған және оны таратушы әдебиетші мұғалім келбетін қалыптастыру. Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап жазба әдебиеттің түрлерін білім мен тәрбие құралы ретінде пайдалану жолдарын, әдіс-тәсілдерін үйрету арқылы студенттердің шығармашылық, әдістемелік қабілетін, педагогикалық ойлау, этикалық әдеп дағдыларын пәнді оқу барысында игерген кәсіби білімімен бірге, шығармашылық, сыни ойлау, ашық пікірлі, сөйлеу шеберлігі қалыптасқан тұлға ретінде өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға, инновациялық технологияны меңгере отырып, тәжірибеде қолдана білу құзыреттілігін қалыптастыру.
Пәннің негізгі міндеті: студенттерді кәсіби мамандыққа бейімдеуде мектепте қазақ әдебиетін оқытудың қалыптасу, даму тарихы жөнінде мағлұмат беру; әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының ерекшелігі, мақсат- міндеттері мен салаларын таныстыру; студенттердің осыған дейін меңгерген теориялық білімдері мен білік дағдыларын кәсіби мамандыққа қарай бағыттай отырып, әдеби білімнің әр жақтылығын, жүйелілігін, ұлттық сипатын, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық-адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін түсіндіру және оны оқытудың шығармашылық сипатын күшейту.
ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН) орта мектептердегі әдебиет пәнінің мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын, көркем шығарманы оқыту жолдарын, пән бағдарламасындағы оқу мақсаттарына сай сабақ түрлерін, сағаттарын жоспарлауды, жазба жұмыстарының әдістемесін; сабақты дайындап өткізуді, көркем шығарманы талдау жолдарын, тиімді жаңашыл педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдануды, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды қалыптастыру болып табылады:
1. көркем шығарманы өмір оқулығы ретінде тани отырып, оқушыларға жеткізуде теориялық және әдістемелік білім жинақтау;
2. қазақ әдебиеті теориясынан алған білімдерін көркем шығарманы оқытуда пайдаланып педагогикалық әдіс-тәілдерді тиімділігіне қарай топтастыру;
3. білім беру ісінің пайда болу заңдылықтарын, қазақ әдебиетін оқытудың жеке ұстанымдарын, пәнаралық сабақтастығын, ерекшелігін тану, оқушы білімін бағалау;
4. көркем әдебиетті әлем әдебиетінің бір бөлшегі ретінде тани отырып, оны оқытудың өзекті мәселелеріне қатысты айтылған отандық және шетелдік ғалымдардың ойларын, пікірлерін түсіндіру;
5. көркем шығарманы талдай және сараптай алу, әдеби материалдарды талдау барысында өзіндік тұжырым мен қорытындылар жасай білу, қазіргі білім беру саласындағы технологияларды қолдану, педагогикалық әдеп, педагогикалық ортада өзіндік шешім қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |