Ұялы телефонның электромагниттік сәулесі адам ағзасына қалай әсер етеді ?
Ұялы телефонның бала денсаулығына қаншалықты зияны бар деп ойлайсыз ?
1. Ұялы телефонның адам денсаулығына зияндылығын білесіз бе?
2. Адам қанша уақыт ұялы телефонмен сөйлесе алады?
3. Ұялы телефон қандай ауруларға душар етуі ықтимал?
4. Ұялы телефон қандай дене мүшелеріне зиянды әсер етеді?
5. Ұялы телефонның зияндылығын қалай білуге болады?
Ұялы телефонның зияны жайлы не білесің ?
Электромагнитті ұялы телефонннан шығатын электромагниттік өрістер ол адам ағзасына біраз жиналып барып, «комулятивный действие» дейді, оның әсері 5-10 жылдан кейін бірақ пайда болады. Ол мүмкін ісік ауруы, жүйке ауруы, қан ауруы болуы мүмкін. Сондықтан, ұялы телефонды қолданғанда өте сақ болу керек.
Ғалымдар, әсіресе, «3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға телефон беруге болмайды» дейді. Өйткені, электромагнитті өріс, өсіп келе жатқан миға кері әсер етіп, кейін баланың есте сақтау қабілетін нашарлатады. Сондықтан, мамандар радиотехникалық нысандардан бөлінетін зиянды толқындарды тығыздық ағымын өлшейтін аспаптармен ұдайы тексеріп отырады. Айтуларынша, антенналар мен ұялы телефондардың шегі 10 микроватт шаршы сантиметрден аспау керек.
Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
Ұялы телефон мен көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.
Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.
Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.
Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.
Ғаламтор мен ұялы телефондағы тәуелділіктің апаратын жолы:
Зорлық-зомбылық
Қылмыс
Жыныстық бұзылу
Діншілдік
Суицид
Жүйке жүйесінің тозуы
Әртүрлі аурулар (денсаулыққа зияны)
Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді.
Әлеуметтік желі және ұялы телефон жастардың « індеті » ма немесе уақыт талабы ма ? Осы туралы ой пікірді тыңдайық.
Достарыңызбен бөлісу: |