Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы


-ҚОСЫМША Бала құқықтары декларациясы



бет5/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#131926
1   2   3   4   5

3-ҚОСЫМША

Бала құқықтары декларациясы

(жеңілдетілген мәтін)

1-қағидат

Барлық балалар нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге наным-сенімдеріне, қай жерде туғанына немесе кімде туғанына қарамастан төменде келтірілгендерге құқылы.

2-қағидат

Сіз бостандығыңыз бен қадір-қасиетіңіз сақталып, денелік және рухани салауатты, қалыпты жолмен өсіп-дамуға құқылысыз.

3-қағидат

Сіз есім алуға және қандай да бір елдің азаматы болуға құқылысыз.

4-қағидат

Сіз ерекше қамқорлық пен қорғанысқа, жақсы тамақтануға, тұрғын үйге және медициналық қызмет алуға құқылысыз.

5-қағидат

Егер дене бітіміңізде немесе басқа да кемістіктеріңіз болса ерекше қамқорлыққа ие болуға құқылысыз

6-қағидат 

Сіз ең алдымен отбасыңыз тарапынан, олар болмаған жағдайда үкімет тарапынан махаббат пен түсіністікке ие болуға құқылысыз

7-қағидат

Сіз мектепке тегін баруға, ойнауға және дамуға теңдей мүмкіндіктер алуға, сондай-ақ жауапты және пайдалуға, болуға, үйренуге құқылысыз. 

Ата-анаңыз сіздің білім алуңызға және оқуыңызға ерекше жауап береді.

8-қағидат

Сіз үнемі бірінші болып көмек алатын адамдар арасында болуға құқылысыз

9-қағидат

Сіз барлық қатыгез әрекеттерден немесе қаналудан қорғалуға құқылысыз, мысалы, сіз дене бітіміміздің және ақыл-есіңіздің дамуына кедергі келтіретін жұмысты жасауға міндетті емессіз. 

Жасыңыз кішкентай болса сізге жұмыс істеуге болмайды, денсаулығыңызға зиян келтіретін немесе рухани жетілуге және дене бітіміміңіздің дамуына кедергі келетін болса тіпті болмайды.

10-қағидат

Сізді барлық адамдармен бейбіт және тату тұруға, түсінушілік пен төзімділік танытуға үйрету қажет.



4-ҚОСЫМША
Жаттықтыру Сабағы

Осы жаттықтыру сабағының алты жаттығуының міндеті — оқушыларды Бала құқықтары туралы Конвенциямен кеңінен таныстыру. Қатысушылар өздерінің балалық шақтарындағы ең керемет жазғы күндері туралы естеліктерден бастап, өздерінің елестетулері бойынша балалық шақта не қажет екенін анықтайды. Бұл негізгі элементтер кейін барлық балалар үшін құқықтар тізбесін жасауда қолданылатын болады. Жаттықтыру сабағын өткізу үшін бір мектеп сабағы жеткілікті, алайда, уақыт жеткілікті болса оны жалғастыруға болады.

Жаттықтыру сабағын БҚК-мен әлі таныспаған оқушыларға арналған. Бесінші тапсырманы орындамас бұрын оқушыларға әр бабында бір немесе екі жол ғана жазылған балаларға бейімделіп жасалған мәтіндегі Конвенцияны таратқан жөн. Конвенцияның мазмұны оқушылар үшін тосын сыйлық болуы тиіс, себебі олар анықтаған әр балаға өмір сүру үшін қажет заттар Конвенция баптарымен толықтацй дерлік сәйкес келетінін көреді.

Алты жаттығуды орындап болғаннан кейін оқытушы Конвенция мәтінін жасауға оқушылардың көмектескенін атап айтуы тиіс. Енді бұл Конвенция соларға тиесілі, себебі ондағы нормалар олардың балалық шағымен тығыз байланысты. Оқушылар практикумнан БҚК-ны түйсініп-түсініп шығулары тиіс және осы күннен бастап балаларға және әлемге адам құқықтары тарапынан қараулары керек.


Жаттықтыру сабағының ЖОСПАРЫ


  1. Өзіңіздің бала кезіңізді еске түсіріп, ең керемет жазғы күніңізді елестетіп көріңіз. Осы күнді суретке түсіріп алу қажет болған жағдайда, суретте не болар еді? Не істеп жатқан болар едіңіз? Кіммен болар едіңіз? Қандай сезімде болар едіңіз? Суретіңіз көзге көрінбейтін қандай сезімге бөлер еді? Осы сәтті суретке түсіріп алғандай, ойыңызды бір абзацқа жинақтап көріңіз.

  2. Жазғы күн туралы елесіңізді жазып болғаннан кейін, естеліктеріңізбен бірнеше сыныптасыңызбен бөлісіп, ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы талқылаңыз. Солармен бірге үлкен қағаз бетіне ең керемет жазғы күн туралы жалпы сипаттамалар тізімін жасаңыз.

  3. Тобыңыз ең керемет жазғы күн сипаттамалары тізімін жасап болғаннан кейін, болашақта балалар әлемі қандай болуы тиіс екенін елестетіп көріңіз. Ол қандай болды? Ол күн сіздің ең керемет күніңізбен ұқсас болуы мүмкін бе? Онда балалар не істейтін болады? Бұл әлемде балалар қандай сезімде болады? Қиялыңыздағы сурет бойынша бүкіл әлемдегі балалардың жағдайын жақсарту үшін не қажет екенін елестетіп көріңіз. Барлығыңыз, ақыл-ой шабуылы әдісімен «балалық шақтың негізгі элементтері» тізімін жасаңыз.

  4. Балалық шақтың негізгі элементтері тізімін жасағаннан кейін әлемдегі барлық балаларда осының барлығы бар ма екен? деп, бір-біріңізден сұраңыз. Тізіміңізге оралып, осы негізгі элементтерді құқықтарға жатқызуға болады ма екен деген сұраққа жауап беріңіз? Тізімге кезекпен қарау қажет болар. Талқылаудан кейін бір-біріңізден осы тізімнен қандай негізгі элементтерді Бала құқықтары туралы халықаралық конвенцияға қосу қажет екенін сұраңыз? Өз идеяларыңызды барлық балаларға осы негізгі элементтерге қол жеткізетініне кепілдік беретін басқарушы қағидаттар ретінде қараңыз.

  5. Бала құқықтары туралы конвенцияны зерделеу — Біріккен Ұлттар Ұйымы жасаған заңды құжаты. Конвенцияның кейбір баптары сіздің ең керемет жазғы күніңіз туралы естеліктеріңізге сәйкес келеді ме? БҚК-да балаларға арналған болашақтағы керемет әлем туралы елестеріңізге сәйкес келетін баптар бар ма? Топпен бірге ақыл-ой шабуылы әдісімен анықталған балалық шақты негізгі элементтерімен салыстырып көріңіз.

  6. Топтық қорытынды тапсырма орындалғаннан кейін тобыңыздың өкілі сынып тақтасына балалық шақтың негізгі элементтері тізімін жазуы тиіс, олардың негізінде басқарушы қағидаттар және Бала құқықтары туралы Конвенцияда бекітілген тиісті құқықтар жасалды. Жаттықтыру сабағын өзіңіздің естеліктеріңіздің, тәжірибеңіздің, балалық шақтың негізгі элементтерінің және сіздің елестетулеріңіздің бала құқықтары саласындағы нормативтік стандарттармен арақатынасы туралы тақырыпта жалпы пікірталас өткізумен аяқтаңыз.

Әдибиеттер тізімі

  1. Арғынов А.Х., Жұмақанова Р.А. Біз халық ... Азамат жобасы: Оқушыларға арналған оқу құралы.- Алматы, Азаматтық білім берудің гылыми-ақпарат орталығы, 2002 ж.- 44 б.

  2. Арғынов А.Х., Жұмақанова Р.А Біз халық. Азамат жобасы: Муғалімге басшылық Алматы, Азаматтық білім берудің гылыми-ақпарат орталығы, 2002 ж. - 56 б.

  3. Арғынов А.Х., Жұмақанова Р.А. Обучение правам человека. Пособие для тренеров. Алматы, НИЦГО, изд. Magicolors, 2006.

  4. Жұмақанова Р.А. Права ребенка: Методическое руководство по обучению Конвенции о правах ребенка в начальной школе Алматы, НИЦГО, 2003 г. 111

  5. Начальный курс. Обучения правам человека. Учебное пособие. Аmnesty international, London ,UK

  6. Шабельник Е.С., Каширцева Е.Г. Ваши права.- М.: Вита-Пресс,1995 г.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет