Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы


-бөлім. Бала құқықтарына оқыту барысында балалар кітаптары мен анимациялық фильмдердегі сюжеттерді және кейіпкерлерді пайдалану



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#131926
1   2   3   4   5

4-бөлім. Бала құқықтарына оқыту барысында балалар кітаптары мен анимациялық фильмдердегі сюжеттерді және кейіпкерлерді пайдалану

Үздік педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, балалардың негізгі құқықтарымен танысу, егер балалардың құқын оқыту барысында, балаларды образды түрде қанағаттандыратын анимациялық фильмдер мен кітаптардағы жарқын және қызықты сюжеттер, жарқын кейіпкерлер сияқты, халықтың тіл байлығын, күнделікті өмірін, дәстүрі мен мінезін дәріптейтін мақалалар сияқты оқыту тәсілдері қолданылса анағұрлым тиімдірек болады. Шынайы өмірге байланысты анимациялық фильмдердің, балалардың кітаптары мен мақалдардағы сюжеттер, оқушылардың жағдайды түсіну және қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып балалардың құқы жөніндегі жұмыстардың мазмұнын анықтауға, кейіпкерлер әрекетінің себебін талдауға, әлемді тұтастығымен, қиындығымен қоса әдемілігімен көруге мүмкіндік береді.

Жағымды кейіпкерлер өз елін, табиғатты жақсы көреді, берген сөзінде тұрады, әрқашан мұқтаж адамдарға көмекке келеді, жан дүниелері де, түр-тұлғалары да әдемі келеді.

Кино өнерінің, кітаптардың, фольклордың жеке тұлғаның дамуына тигізетін әсері бір нәрсені қабылдау арқылы жүзеге асырылады, ол қоршаған өмірдегі тікелей сезімдік бағытты қамтамасыз ететін заттардың, жағдай мен оқиғалардың тұтастай көрінісі ретінде түсіндіріледі.

Анимациялық фильмдерді, балалардың кітаптарын, мақалдарды пайдалану негізінде оқушыларды құқықтық жағынан тәрбилеудің тиімділігі, өз құқықтарын терең және эмоциялық жағынан меңгеруге ықпал ететін әдістер мен амалдар жүйесіне қарай туындайды. Балалар әдебиетімен, мақалдармен, анимациялық фильмдермен жұмыс істеудің әдістері мен амалдарын таңдау үшін оқушылардың психологиялық мүмкіндіктерін және Бала құқықтары туралы Конфенцияның және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңның мазмұнын меңгеру ерекшеліктері есепке алынуы тиіс.

Көрнекі, образдық түйсіктің де маңыздылығы басым. Балалардың нақты образдарды есте сақтауға, оқиғаның әрбір бөлігін және көбінесе жақсылап ұғынуға бейімділігі, құқықтық білім жүйесін бұдан кейін анағұрлым терең меңгеруі үшін ең қажетті негіз болып табылатын ақиқат білімінің фундаметін қалайды.

Алдыңғы тәжірибені өңдеу негізінде шығармашылық қиялы дамиды, бала қажетті образды өзі ойлап табады. Анимациялық фильмнің немесе балалар кітабының сюжетін қабылдаған жағдайда көбінесе оқушылар «біздікі-біздікі емес», біз-олар», өзіміз-өзіміз емес» деген нәрселерге шек қояды, бұл оқытушының болып жатқан оқиғаларды негізді түрде талдауды ұйымдастыруға және біріктіру үдерісіне баса назар аударуын талап етеді, бұл үшін шығармашылық қиялы туралы ойлануды қажет ететін тапсырма керек. Оқушылармен жұмыс істеуде балалар шығарма кейіпкерлерінің орнына өздерін қоя алатындықтарын ескеру қажет, бұл оқиғаны ойнау кезінде айқын көрінеді.

Рольдерді ойнау кезіндегі балалардың тәуелсіздігі, фантазиялары, жарқын эмоциялары, оларға кез келген рольде ойнай алауына, соның салдарынан автор шығармасындағы көркем образдар әлеміне енуіне көмектеседі.

Оқушылардың жағдайды қабылдауы және түсінуі бойынша 4 негізгі деңгейді ерекше атап өтуге болады:


  1. екі қосымша деңгейден тұратын қайта кескіндеу: фрагменттік және сюжеттік-логикалық;

  2. эмоционалдық-сюжеттік;

  3. құқықтық;

  4. саналы-құқықтық.

Аталған деңгейлер сюжетті түсінудегі сапалы өзгерістермен ерекшеленеді, оқушының жасына байланысты емес қабылдау серпінін көрсетеді. Әрбір деңгейді сипаттай отырып, қайта кескіндеу деңгейі «қабылдағандарды шығармашылық жағынан қайта өңдеместен және тереңіне бойламастан шығарманың сюжеттік-оқиғалық жағынан мазмұнын меңгеруді көрсететінін» атап өтуге болады. Балалар шығармадағы оқиғалардың бірізділігін естеріне сақтай отырып, оның фабуласын меңгереді.

Осы деңгейде қабылдаудан бөлек ондағы екі қосымша деңгейдің бөлінуі белгі болуы мүмкін. Бірінші фрагменттік деңгей – бала тек жеке кейіпкерге, есте қаларлық эпизодтарға ғана назар аударады, оларды бір тұтас ретінде біріктірмейді.

Екінші деңгей сюжеттік-логикалық – шығарманы анағұрлым толық қабылдау бойынша сипатталады, соның нәтижесінде балалар оқығанын толығымен есте сақтап және егжей-тегжей баяндап беруге тырысады.

Қабылдаудың эмоционалдық-сюжеттік деңгейі оқушының қабылдау қабілетінің дамуына мүмкіндік бере отырып, кейіпкерлерге жеке-жеке қарау, олардың жан дүниесін түсіну және ерекше толғану сезімін қалыптастырады.

Түйсіктік-құқықтық деңгей, шығарманы толығымен және өз бетінше қабылдауда, шығармадағы ұнаған фрагменттерді түйсікті түрде таңдауда, оның құқықтық мазмұнын түсіне білуге талпынуда және жалпы шығармаға өзінің көзқарасын айтып беруде көрінеді.

Саналы-құқықтық деңгей тұтастай-талдамалық болып аталады. Бұл сатыда балалар көркем суреттің образдық жағынан алғандағы сапасын түсіне бастайды, кейіпкердің іс-әрекетіндегі артықшылықтар мен кемшіліктерді бағалауға тырысады. Осының негізінде оқушылар қабылдау құрылымында басты назарлардың орнын ауыстыра бастайды – бірінші орынға 1-2 жауаптардағыдай таным аспектісімен қатар көркем шығарманың сюжетін, құқықтық құбылыстардың маңызын түсінуге, талдау және синтездеу элементі туындайын түсіну және қабылдау деңгейіндегі көркем образдың қалыптасуын алға жылжытуды бірінші орынға қойылады.

Оқушылардың анимациялық фильмдерді тодықтай түсінуі, кітаптар мен мақалдарды қабылдауы әр бала үшін жеке-жеке әсер етеді, ол оқиғаны қабылдау үдерісіндегі баланың жігерлілік, зияткерлік және эмоционалдық ерекшеліктерінің дамуына негіз болады.

Балалардың құқы бойынша жұмыс істеу үдерісінде анимациялық фильмдер, суреттер, фотосуреттер, кітаптағы кейіпкерлердің бейнелерін, мақалдарды пайдалану оқушылардың көзбен көру дағдыларын дамытады. Осындай жағдайда төмендегі негізгі идеяларға сүйенуге болады:



  1. Біз мәтінді қалай оқысақ суретті де солай «оқи» аламыз, суретке қарап ой түйе аламыз.

  2. Көрнекі символдар ойды немесе эмоцияны бере алады. Бірақ көзбен көру тілінің кодтары мен ережелері жазбаша немесе ауызша тілге қарағанда айқындалмаған.

  3. Біз суреттегі көрнекі ақпараттар мен көрнекі символдарды тани аламыз, осы символдарға субъективті түрде түсініктеме беріп, пікірімізді білдіре аламыз.

  4. Біздің суретке түрліше мән беруіміз мүмкін және ол суретте бейнеленген адамдарға/оқиғаларға қатысты біздің мәдениетімізге, жеке тәжірибеміз бен нанымдарымызға байланысты қалыптасады. Мысалы африкалықтар, «Бе-неттон» компаниясының жарнамасындағы қара нәсілді әйелдің ақ нәсілді баланы емізу кезіндегі бейнесіне өз қарсылықтарын білдірді, өйткені олар үшін бұл сурет құлдықпен ассоцияланады. Сондай-ақ рассистердің де бұл жарнамаға көңілдері толмады, бірақ олар мұны нәсілдерді араластыру деп түсінді!

  5. Біз белгілі бір суреттерді белгілі бір түсініктермен ұштастырамыз. Мысалы көзін бақырайтып тұрған баланы біз қорқып тұр деп түсінеміз, ал бұлшық етті еркекті күшті деп түсінеміз. Бұл түсініктер біздің санамыздағы түйсік арқылы болады. Олар қоғамымыздың құндылықтарын көрсетеді және осы құндылықтардың туындауына ықпал етеді. Дәл осы бойынша көзбен көру тілі әсерлі болып табылады және ол қоғамдағы өзгерістерді суреттейді. Суретті толықтай түсіну үшін оны кең контексте қарастыру қажет және ондағы әлеуметтік құндылықтардың, саяси жағдайлардың және басқа да қоғамдық мәні бар дәстүрлердің басымдығын ескеру қажет.

  6. Барлық суреттер белгілі бір идеялармен және мәнділіктермен толықтырылған. Суретке онда бейнеленгендердің мәнін түсіндіру үшін мәтін жазылады.

Бала құқықтарын зерделеу кезінде табысты түрде қолдануға болатын кейбір құралдарды қарастырайық:

Суреттер. Суреттер бақылау қабілетін, ынтымақтастық дағдысын дамыту үшін, қиялы мен эмпатия сезімін дамыту үшін пайаланылуы мүмкін. Оқушыларға Бала құқықтары туралы конвенция және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң бойынша дайындалған суреттер топтамасын, басқа да мектеп оқушыларының құқықтық құндылықтармен танысуы үшін мектеп көрмесіне қоюға болады.

Бұл құралды қалай қолдануға болады?

Балалардың құқын қорғауға қатысты түрлі себептермен байланысты газеттердегі, журналдардағы, кітаптардағы суреттерді, фотосуреттерді жинаңыз. Әрбір оқушыға сурет салу үшін материалдар (қағаз, қарындаш, фломастерлер) мен бір-бір суреттен беріңіз. Оларға қолдарындағы суреттерін бір-біріне көрсетпеуін ескертіңіз.

Бастапқыда бірінші оқушы өз серіктесіне өзінің суретінде не бейнеленгенін сипаттап беруі тиіс, екінші оқушы сипаттаманың негізінде сурет дайындауға тырысуы қажет. 10 минуттан кейін бұл жұп рольдерімен ауысады. Уақыттың аздығына байланысты суреттер өте қарапайым болуы тиіс. Бұл жаттығуда маңызды нәрсе сурет салу емес, оны сипаттап беру.

Жаттығуды аяқтағаннан кейін оқушылар кезек бойынша өз суреттерін түпнұсқасымен салыстырады. Оқушылардан маңызды бір нәрсе ескерілгенін немесе ескерілмегенін сұраңыз. Неге? Не үшін?

Оқушыларға мақалдарды пайдалана отырып балалардың құқын бейнелейтін сурет салу бойынша тапсырма беруге болады. Мысал ретінде төмендегі балалар суретін беруге болады:




Үйіміз біздің панамыз, ортамызда анамыз

Ынтымақтын түбі – игілік,

тірліктін түбі - бірлік




Ауызша ассоциацялар. Бұл тәсілдерді мәтінді зерделеуді бастамас бұрын оқушылардың тақырып бойынша не білетіндіктерін анықтау мақсатында және аяғында қандай жаңа нәрселер меңгергендігін анықтау мақсатында қолдануға болады.

Құрал қалай қолданылады?



  • Негіз ретінде балалардың кітаптарындағы сюжеттерді алыңыз.

  • Оқушылардан осы кітап туралы естігенде ойларына келген сөздерді жазу туралы сұраңыз. Бұл бір-екі минутты ғана қажет ететін қысқаша жаттығу.

  • Бірде бір сөз жазбауға болатынын түсіндіріңіз. Нәтижесі – оқушы кітаппен, әңгімемен, ертегімен ассоциациялайтын сөздік тізімін «лезде еске сақтап қалу».

  • Оқытуды бағалау үшін «дейінгі» және «кейінгі» нәтижені салыстыруға болады. Бұл сізге өзіңіздің оқыту үдерісіңізді бағалау үшін, оқушыларға өздерінің жеке жетістіктерін көруге көмектеседі.

  • Немесе мәтінді зерделеудің соңына қарай әрбір оқушыдан осы кітапқа байланысты не ойлайтындықтарын немесе не сезінетіндіктерін бір минуттың ішінде айтып берулерін сұраңыз. Олардан осы тақырыпқа байланысты бірнеше сөздерді мысалға келтіруді өтініңіз. Сөздерді жинай отырып сыныпты аралап шығыңыз. Бір немесе екі оқушыдан осы сөздердің тізімін дайындауды сұраңыз.

Ақпаратты елестету. Ақпаратты меңгерудің және түсінудің жақсы әдісі, оны басқа түрде елестету болып табылады. Мысалы, әңгімені тыңдағаннан кейін оны сурет-ашық хатқа бейнелеу. Оқушылар ақпараттағы басты нәрсе не екендігін анықтауы және оны қалайша елестетуге болатынын шешуі тиіс. Оқушы « Мен бұл нәрсені осылай істеуім қажет, өйткені...» деген мәселені шешуі тиіс. Бұл тәсіл қиялды ғана емес, қадағалаушылықты, логикалық ойлауды, таңдай білу қабілетін дамытады.

Тәсіл қалай қолданылады?

Оқушылармен бірге әңгімені, анимациялық фильмді, суретті немесе тақпақты негізгі тақырып қылып алыңыз. Мысалы егер сынып отбасыда өмір сүру және тәрбиелену құқын оқып жатса, онда босқын бала бейнеленген суретті пайдалануға болады.

Оқушылар бастапқы нұсқаны мұқият оқиды, қарайды немесе тыңдайды. Олар әңгіменің қай бөлігін жаңаша суреттеуге болатынын өздері шешеді және өз таңдауларын түсіндіреді.

Егер сіз суретті пайдалансаңыз, онда оқушылар бейнеленгендер тарихтан сыр шертуі тиіс.

Егер олар суретті түпнұсқада жоқ нәрсемен толықтырғысы келсе, неліктен олай жасағысы келетіндерін түсіндіруі тиіс. Оқушылар жаңа нұсқасын ұсынады.

Ақпаратты елестетудің түрліше әдістері болуы мүмкін: қысқаша жазылған әңгіме, сурет-ашық хат, көрме немесе стенд, балалардың құқы жөніндегі кітап.

Анимациялық фильмнің жанры. Ол өте ерекше және қызықты. Пайда болған таптаурындарға қарамастан ең үздік мультипликациялар жас көрермендерге ғана емес, көп жағдайларда ересектерге де арналып түсіріледі. Бәлкім өткен жылдың ең шулы анимациялық фильмі Эндрю Стэнтонның «ВАЛЛ-И» «WALL-E» картинасы шығар, бұл картина бірде бір фантастиканы ұнататындарды елсоқ қалдырмаған шығар. Pixar киностудиясы кино сүюшілерге керемет шығармалар ұсына отырып, көрермендердің күткенінен де асырып жіберді. Тамаша пейзаж, керемет графика, ең бастысы – адамадардың болашағына алаңдайтын және жақсы көре білетін ВАЛЛ-И-дің әсерлі образы. Бұл Жерді адамдардан қалған қоқыстан тазартатын робот туралы батырлық пен ізгілікті дәріптейтін кино. Ол көзіне ілінген ұсақ-түйектерді жинайды, өлімнен әлдеқалай құтылған тарақанмен дос болады. Ол болашақта өмірінде керемет өзгерістердің болатынын әлі білмейді: ол өзінің өмір бойғы махаббатын кездестіреді, ғарышқа ұшып барып және планетадан кеткен адамдардың қайтып оралуына көмектеседі. Бұл махаббат, достық және борыш туралы, қоршаған ортаны жақсы жағына қарай өзгертуге қатысу құқы туралы дәріптейтін оқиға. Осылайша ол планетадағы өмірді өзгерте отырып, біздің сол туралы танымымызды өзгерте алады. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей көптеген балалар осы фильмді көргеннен кейін Валли туралы жаңа оқиғаларға тап болатын, өзінің даралығын көрсете білетін персонаж ретінде жақсы балалар кітабын жазуға болады деп есептейді.

Оқушылар қызықты мультфильмдердің бірі ретінде DreamWorks студиясының «Кунг-фу-Панда» мультфильмін айтады. Оқушылардың айтуынша олар мультфильмді көруден, керемет анимациядан, тамаша музыкалық керкемдеуден (Ханс Циммер әр кезде биіктен көрінеді) керемет әсер алғанын айтады, ал әсерленгіш жас көрермендер үшін ең бастысы – рольдерді керемет дыбыстандыру (М. Галустян, А. Гребенщикова, И. Лагутенко). Фильм ұлы кун-фу қаһарманы болғысы келетін, позитивті жігер беретін икемсіз панда туралы.

Тағы бір керемет фильм голливуд киноиндустриясы сыйлаған «Хортон» (Horton Hears a Who!). Басты ролінде Джим Кэрри ойнаған қызықты және әсерлі анимация, мұның өзі киноны көру кезінде ішің пыспайтынын білдіреді. Көп күттірген «Мартышки в космосе» (Space Chimhs) мультфильмін көрермендер онша әсерлі емес анимациясына қарай әр қалай қабылдады. Онда жақсы әзілдер де, кейіпкерлердің мінездері де және құқық мәселелеріне қатысты жағдайлар да бар.

Бұл фильм балаларға ұнайды. Еуропалық киностудия 2008 жылы көрермендерге «Охотники на драконов» (Сhasseurs de dragons) (Германия-Франция-Люксембург) фильмін ұсынды. Бұл мультфильм көп жағдайда Астерикс және Обеликс оқиғасын еске түсіреді, әсіресе ол кейіпкерлердің образдарында айқын көрінген. «Новое полнометражное космическое приключение!» - «Футурама: Зверь с миллиардом спин» (Futurama: TheBeast with a Billion Backs) мультфильмінің жаңа нұсқасы осылай аталған, ол тамақ талғағыш-кино сүйгіштердің сүйікті мультсериалының керемет жалғасы бола алған.

2008 жылғы анимациялық фильмдердің ішінен «Бабка Ежка и другие» мультипликациясын ерекше айтуға болады. 2D форматта орындала отырып, ол серпінділігімен және оқиғаның фантастикалық дамуымен таң қалдырады. Мультфильмнің «Новые приключения Бабки Ежки» атты жалғасында да осы серпін байқалады. Бұл балаларға ұсынуға болатын және құқықтық негізін талқылауға болатын тамаша жұмыстар. Мультфильмдер тек балалар үшін ғана түсірілмейді, бұл туралы ұмытпаған жөн. Сапалы анимациялық жұмыс жастардың да ересектердің де аудиториясын әрқашан қуантып отырады. Тек мұғалім ғана емес, басқа да ересек адамдар мультфильмнің мазмұны бойынша сұрақтар қойса, құндылықтарын нақтылап отырса, ондағы жағдайлар мен оқиғаларды талқыласа жақсы болар еді.

Балалардың құқын оқытуда анимациялық фильмдерді пайдалану оқушылардың рольдік ойындарға қатысуға үлкен қызығушылығы мен ынтасын тудырады.

Бала құқықтары туралы Конвенцияның және «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңының негізінде оқушылардың құқықтық білімі саласындағы жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдерімен бірге аталған оқу құралы авторларының жұмыстары, балалардың құқы бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізу үдерісінде балалардың құқы туралы Кітап дайындау бойынша оқушылардың еңбегі орасан зор деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, педагогика және заң бойынша жоғары оқу орындарының студенттері, ата-аналар мен оқытушылар ұжымдық еңбек – Бала құқықтары жөніндегі кітап дайындауға аса қызығушылықпен қатысады. Оқушылар конкурстар мен байқауларда Кітаптың тұсаукесерін үлкен ынтамен өткізуде.

Бала құқықтары туралы кітап дайын болғанға дейін оқушылар:



  1. Біреккен Ұлттар Ұйымы туралы, ООН ЮНИСЕФ Балалар қоры туралы, халықаралық құжат ретінде Бала құқықтары туралы Конвенция туралы, туылғаннан кәмелетке толғанға дейінгі бүкіл әлемдегі балалардың құқы туралы білуі;

  2. Бала құқықтары туралы Конвенцияда баяндалған балалардың құқы туралы білім жүйесін меңгеруі;

  3. адам өмірінің, денсаулығының, бостандығының құндылығын және адамдардың намысын түсінуі және олардың құқықтарын құрметтеуі;

  4. қатігездікке, зорлыққа, жеке бастың құқын бұзуға, өзін және басқаларды төмендетуге қырын қарауы;

  5. заңмен қарастырылған өз құқықтарын қорғау амалдарын білуі, балалардың құқын қорғайтын мемлекеттік органдар туралы білуі;

  6. қандай әрекеттер мен қылықтарға заңмен тыйым салынғанын білуі, неге солай әрекет етуге болмайтынын түсіндіре білуі, олардың өздеріне немесе ата-аналарына қолданылатын құқықтық ұйғарымдарды бұзу бойынша қандай жазаға тартылатындықтарын білуі, әрекет ету нормалары мен ережелерін бұзбауға тырысуы;

  7. балалардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіретін әрекеттер туралы білуі, жеке бастың қауіпсіздігі үшін сақталуы тиіс ережелерді білуі тиіс.

Сынып оқушылары немесе шығармашылық топ Бала құқықтары туралы Кітап дайындау барысында төмендегі сатылар пайдаланылады.

  1. Бала құқықтары туралы Кітаптың мазмұны мен атауын анықтау.

Кітапты дайындау кезіндегі жұмыс, кітаптың бағытын, оның атауын, мазмұны мен құрылымын анықтау бойынша сынып оқушыларының немесе шығармашылық топтың келісілген әрекет ету жоспарын білдіреді. Мультфильм, ертегі, оқиға немесе жағдай, әңгіме кітаптың негізі бола алады.

  1. Кітапты дайындау бойынша ұсыныстармен оқушыларды таныстыру.

Оқушыларға Бала құқықтары туралы Кітапқа қойылатын талаптар

туралы және оны дайындау бойынша міндеттер туралы түсіндіріңіз, кітапты безендіруге, оның мазмұнына, суреттеріне жауапты адамды белгілеңіз, кітапты дайындау барысында оқушылардың орындауы тиіс тапсырмаларды талдаңыз.



  1. Бала құқықтары туралы Кітаптың тұсаукесері.

Кітаптың тұсаукесері театрландырылған қойылым ретінде көрсетіледі.

Оқушылар басқа сыныптардың алдында немесе ересектер тобының алдында Бала құқықтары туралы Конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы бойынша жұыстарының қорытынды шарықтау сәті ретінде қойылым көрсетеді.

Төмендегі балаларға арналған жолдауда көрсетілген Бала құқықтары туралы Кітапты безендіруге қойылатын талаптарды қарастырайық.


ҚҰРМЕТТІ БАЛАЛАР!

Біздің сыныпта оқитын оқушылар Бала құқықтары туралы Кітапты дайындауға қатыса алады. Сендер дайындайтын Бала құқықтары туралы Кітап (24 бет):



  • оған қойылатын талаптарға сәйкес мұқият және әдемі безендірілген мұқабадан;

  • кітаптың өзі сендердің құқықтарыңды айқындайтын мазмұннан;

  • өздерің дайындаған суреттерден тұруы тиіс.

Алғашқы беті (1-бет)

Оқырманның көңілін аудару үшін әдемі безендірілген мұқаба маңызды роль атқарады.

1-бетте төмендегі ақпараттар болуы тиіс:

Мектептің мекен-жайы мен атауы,

Әңгіменің атауы,

Түрлі-түсті суреттер

Алғашқы бетініндегі стандартты А 4 форматының үштен екісі толтырылуы тиіс.

Есте жеңіл сақталуы үшін атауы қысқаша болуы тиіс.

Соңғы беті (24-бет)

Кітапты жапқандағы соңғы бетте тұрады.

Әдетте оқырман кітапты жалпы түсінікке ие болу үшін оны соңынан бастап қарайды.

Соңғы беті үшін төмендегі талаптар сақталуы қажет: Бір сөйлем арқылы кітаптың мазмұнын сипаттау.

Түрлі-түсті суреттерде мысалы, мектептегі, үйдегі, ойын алаңшасындағы және т.б. қыз бен ұл (мына жағдайлар бейнеленуі мүмкін мысалы: балалар күлегештер конкурсында немесе сынып сағатында, сабақта ...) немесе мульфильмдердің, ертегілердің, балалар кітаптарының, ойдан шығарылған оқиғалардың кейіпкерлері бейнеленуі мүмкін. Мүмкіндігінше жай ғана сынып бөлмесінің, мектеп ауласының, мектеп символының немесе ойын алаңының, орман, таудың фотосуреті емес, сурет анағұрлым әсерлі болуы тиіс.



Кітап беттерінің ішкі мазмұны (2-23-беттер)

Бұл беттерде жобаға қатысқан ұлдар мен қыздардың аттары көрсетіледі. Аттарымен қоса олардың тектері алфавиттік тәртіпте жазылғаны дұрыс, осындай жағдайда аттары мен тектері үлкен әріппен жазылады. Мысалы: Әдбірахманов Әлішер, Әділетов Данияр, Гаврилова Лена, Жырымбаева Анар, Иванов Петя, Нұрмағанбетова Диана.



3 және 22-беттердің мазмұны

3-бетте:



  • Әңгіменің атауы

  • Жобаға жетекшілік ететін оқытушының аты

  • Мектептің атауы мен нөмірі болуы тиіс.

4-беттен бастап әрі қарай 22-бетке дейін мәтін мен түрлі-түсті суреттер болады.

Мәтін 10 беттен тұрады



  • Әрбір бет мәтіндік редактор бойынша терілген шамамен 10 жолдан тұратын 160 сөзден тұруы тиіс. Қарібі «Arial», көлемі 12.

  • Егер сурет қажет етпесе кез-келген суретке мәтін жазудың қажеті жоқ. Егер беттеге мәтін өте үлкен болса, оны оқу қиын болады, ал бет болса тартымсыз болып көрінеді.

Мәтінді жазу бойынша бірнеше кеңес:

  • Параграфтың басындағы жолдан кейін бос жер қалдырма;

  • Мәтінді оңға немесе солға қарай түзет.

Назар аудар: Егер әңгіме 21 немесе 22 бетпен аяқталып және соңғы беті бос қалса ол жерге балаларға арналған нақыл сөздер жазуға болады.

Суреттер (9-бет)

Суреттер түрлі-түсті болуы тиіс. Одан кейін кәсіби фотограф бұл суреттердің жоғары сапалы көшірмелерін жасай алады.



  • Суреттер А4 тік форматта жасалуы тиіс;

  • Бояу келесі бетіне өтіп кетпеуі үшін қағаз өте қалың болуы тиіс;

  • Сурет тұратын қағаз таза болуы тиіс, дақтар мен қолдың іздері қалмауы тиіс;

  • Қарындаш, фломастер, акварель және т.б. сияқты түрлі сурет салу құралдарын пайдалануға болады.

Назар аудар! Суретті салған балалардың аттары мен тектері суреттің келесі бетіндегі төменгі бұрышта қарындашпен жазылуы тиіс (суретте із қалмауы үшін қарындашты батырмай жазу керек).


Орындалған жұмысты қалай жеткізу керек

Маңызды!


Кітапты өзің жөндеуге, суреті немесе мәтінін бар қағазға салуға тырыспау. Суретті қимау және оны мәтінге қосуға тырыспау. Мәтін мен суретті жеке файл папкасымен жеткізу.

Мәтінді дискета арқылы жеткізу. Барлық беттерін нөмірлеу.

Сондай-ақ шығарылған мәтіннің 10 нөмірленген бетін және суреттері бар 9 нөмірленген бетті жеткізу (4 А форматы тік түрінде), суреттің түпнұсқасы бірінші беттегі мұқаба үшін және фотосурет соңғы беттегі мұқаба үшін.

Кітапқа тақырыпты Бала құқықтары туралы Конвенция бойынша жұмысты жүйелегеннен кейін таңдауға болады. Балалар өздерінің құқын қалайша көрсету керектігі туралы өз ойларын қалыптастырады. Олар өз ойларын білдіреді және сыныптың басқа да оқушыларын ұсынылған тақырыпты қабылдауға және оны Кітапты жазу кезінде іске асыруға көндіруге тырысады. Кітаптың тақырыбын талқылау барысында сөзсіз бір-бірінің ойларымен келіспеушілік жағдайы туындайды. Бұдан жағдайда көбінесе балама ұсыныстар туындауы мүмкін. Кітапты дайындау барысында оны жазуға қойылатын талаптарды түсіну, кітаптың, мультфильмнің, ертегінің кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау, ата-аналар мен волонтердің ұсыныстарын кіргізу қажет. Балалар ортақ іс-әрекет жоспарын әзірлегеннен кейін өздері таңдаған тақырыпты қолдауға оқытушыны көндіруі тиіс. Бұл тақырыпты қолдаған бойда, сыныптың барлық оқушылары кітапты дайындау жұмысына қызу кірісіп кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет