Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


-   оқу-тəрбие үдерісінде денсаулық сақтауды дамытуды жоспар- лау; -



Pdf көрінісі
бет160/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   189
bilimdi akparattandyru

-   оқу-тəрбие үдерісінде денсаулық сақтауды дамытуды жоспар-
лау;
-   ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын 
қолдану арқылы оқыту барысында пайдаланылатын мектептің 


286
іс-əрекетін денсаулық сақтау мақсатында ұйымдастыру бойын-
ша əрекетті талдау мен жоспарлау;
-   оқу-тəрбие үдерісін денсаулық сақтау мен сүйемел-
деуге бағдарланған оқытушылардың дайындығы мен мотива-
циясы;
-   компьютерлік техниканы қолданумен сабаққа дайындалу 
мен өткізу барысында СанПиН талаптарын сақтау бойынша 
бақылауды ұйымдастыру;
-   ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын 
қолданумен оқыту барысында демалыс пен оқу іс-əрекетінің 
рационалды сəйкестігін сақтау бойынша бақылау жүйесін 
ұйымдастыру;
-   денсаулық сақтау мақсатындағы мұғалімдер, оқушылар жəне 
ата-аналардың үздіксіз білім беру жүйесін құру;
-   ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын 
қолдану арқылы оқушылардың шаршауын азайту мақсатын-
дағы оқу материалын жүйелеу, кіріктіру жəне оңтайландыру 
жолымен оқыту мазмұны мен əдістерін жетілдіру;
·   ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының мектеп 
оқушыларының денсаулығына əсерін оқып-үйрену. 
Оқу бағдарламаларын жаңа мазмұнмен толықтыра оты-
рып, оқу жоспарының мазмұнын жетілдіре отырып, шығарма-
шылық үдеріспен жəне əртүрлі ақпараттық-қатынастық 
технологиялардың құралдарын пайдалануға қызыға отырып, педа-
гогтар оқушылардың мүмкіндігі, физикалық жəне психикалық сипат-
тамалары туралы ұмытады. Нəтижесінде білім сапасы төмендейді, 
ал дұрыс емес педагогикалық əрекет оқушылардың денсаулығын на-
шарлатады. 
Мектепте денсаулық сақтау жүйесін құру, денсаулыққа əсер 
ететін барлық факторларды біріктіру жəне оларды ақпарат-
тық-қатынастық технологиялар құралдарын қолданумен оқытуда 
меңгеру, мектептегі барлық оқу сабақтарында жəне оқушы-
лардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, ағзаның 
жұмысқа қабілеттілігі мен қызметтік жағдайы оңтайлы деңгейін 
сақтауға міндетті түрде əсер етеді. Бұл ақпараттық-қатынастық 
технологиялардың құралдарын қолданумен оқытудағы басты 
мақсатының бірі. Қазіргі қоғамның дені сау, ақпараттық ағымда 
бағдарлануға қабілетті жəне ақпараттық технологиялардың 


287
негіздерін меңгерген мамандарды дайындауға жағымды əсерін 
тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет