Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


Электронды оқытуды  ұйымдастыру жүйелері



Pdf көрінісі
бет183/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   189
bilimdi akparattandyru

11.4 Электронды оқытуды  ұйымдастыру жүйелері
Электрондық оқытуды ұйымдастыруда оқыту үдерісін 
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін электрондық оқыту ортасын 
таңдау маңызды рөл атқарады. LMS\LCMS-ді (Learning Management 
System) таңдаудың негізгі белгілеріне келесілер жатады:

функционалдылық. Жүйеде əрдеңгейлі қызметті, атап айтқанда, 
форумдарды, чаттарды, оқушылардың белсенділік талдама-
сын, курстарды жəне оқушыларды басқаруды жəне басқа да 
жинақтауларды білдіреді;

сенімділік. Бұл қасиет басқаруды ыңғайлау жəне қолданыста 
бар үлгі қорында контентті жаңарту қарапайымдылығын 
білдіреді. Басқару ыңғайлылығы жəне ішкі əсерлерден қорғау 
жүйеге қолданушылардың қарым-қатынасына, оларды  пайда-
лану тиімділігіне айтарлықтай əсерін тигізеді. 

тұрақтылық. Жұмыстың əртүрлі режимдеріне жəне 
қолданушылардың белсенділік деңгейіне қатысты жүйе 
жұмысының орнықтылық деңгейін білдіреді;

құн. Жүйенің өз құны мен оны енгізу, курсты дайындау жəне 
жүргізу құндары қоса алынады;

тыңдаушыларға (студенттерге) лицензия санына шектеудің 
болуы немесе болмауы;

контентті дайындау құралдарының болуы. Оқу контентінің 
кіріктірілген редакторы курсты дайындауды жеңілдетіп қана 
қоймай, сондай-ақ əртүрлі саладағы оқу материалдарын 
біріктіріп көрсетуге мүмкіндік береді;


329

SCORM көмегі. SCORM стандарты электрондық курстармен 
алмасудың халықаралық негізі болып табылады жəне оның 
жүйеде болмауы жинақылықты төмендетіп, тасымалдау курс-
тарын құруға мүмкіндік бермейді;

білімді тексеру жүйесі. Онлайн режимінде оқушылардың 
білімін тексеруге мүмкіндік береді. Əдетте мұндай жүйеге 
тесттер, тапсырмалар жəне форумдардағы оқушылардың 
белсенділік деңгейін тексеру кіреді. 

қолдану ыңғайлылығы. Жаңа жүйені таңдауда оны қолдану 
ыңғайлылығын қамтамасыз ету керек. Əлеуметтік оқушылар 
қолайсыз болып көрінген немесе қозғалту барысында қиындық 
туғызған технологияны қолданбайтындықтан, бұл маңызды 
параметр. Оқыту технологиясы интуитивті түсінікті болуы 
қажет. Оқыту курсында көмек мəзірін табу, бір бөлімнен екінші 
бөлімге көшу жəне құрастырушымен қарым-қатынас оңай 
жүзеге асырылуы керек;

модульдік. Электрондық оқытудың қазіргі заманғы жүйелерінде 
курстың құрамы басқа курстарда пайдалануға болатын микро-
модульдер немесе оқу материалдарының блоктарынан тұрады;

қолжетімділікті қамтамасыз ету. Оқушылар кез кел-
ген уақытта, кез келген жерден оқу программасына кірерде 
кедергілерге тап болмауы қажет, сондай-ақ олардың жеке 
бас кемтарлықтары да қарастырылуы тиіс (ағзаның шектеулі 
қызметі, көзінің нашар көруі). Сондай-ақ программалық 
жабдықтың шектеулі ортасын пайдаланатын «ертеңгі күн» 
технологиясын қолдану əлеуметтік қолданушылар ортасын 
айтарлықтай азайтады;.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет