Ақтөбе облысының 2012 жылғы қаңтар- маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы талдама анықтамасы 1



жүктеу 110.26 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі110.26 Kb.
Ақтөбе облысының 2012 жылғы қаңтар- маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы талдама анықтамасы
1.Үстіміздегі жылдың қаңтар – маусым айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 630,0 млрд. теңгені құрады. НКИ – 105,9%.

Өнеркәсіптің барлық негізгі салалары бойынша өсім байкалып, кен өндіру саласының өнімі - 496,0 млрд. теңгені (НКИ 107,1%), өңдеу өнеркәсібі – 102,1 млрд. теңгені (НКИ 107,1%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 26,2 млрд. теңгегені (НКИ 102,8%) құрады.

Сонымен қатар, 4210,2 мың тонна мұнай өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 100,8% құрады. Мұнайдың ілеспе газы – 2026,6 млн. текше.м. (108,9%), мыс рудасы – 1998,7 мың тоннаға (105,0%), мыс концентраттары – 175,3 мың тоннаға (122,8%), ферроқорытпа - 187,3 мың тоннаға (102,2%) электр қуаты 1476,4 млн. квт. сағат (104,6%) өндірілді.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда хром рудасын өндіру 1,5 % (39,8 мың тоннаға), хром концентратын өндіру 4,4% (85,2 мың тоннаға), жылу энергиясын өндіру 2,1% (86,6 мың Гкалға) төмендеді.

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% өсіп, саладағы қызмет ететін бір адамға шаққанда 17,2 мың АҚШ долларына жетті.

Қазақстан Республикасының индустрияландыру Картасына енгізілген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша облыста белсенді және жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Аталмыш Картаға Ақтөбе облысынан жалпы соммасы 631,5 млрд. теңгені құрайтын 68 жоба енгізілді.

2010-2011 жылдарда жалпы сомасы 183,7 млрд. теңгені құрайтын 51 жоба жүзеге асырылып, 4,6 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Үстіміздегі жылы 9,9 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде Индустрияландыру картасы шеңберінде 10 жоба жүзеге асырылуда. 2012 жылдың 1 жартыжылдығында 2,9 млрд. теңгеге 5 жоба жүзеге асырылып, 200 жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Бұрын пайдалануға берілген объектілердің жобалық қуаттылыққа шығуы және олардың үздіксіз жұмыс жасауы облыс әкімдігінің бақылауында тұр.

Пайдалануға берілгеннен бастап:

- 100% жобалық қуаттылыққа - 22 кәсіпорын;

- 70-тен 100% дейін жобалық қуаттылыққа - 1 кәсіпорын;

- 30-дан 70% дейін жобалық қуаттылыққа - 8 кәсіпорын;

- 30% дейінгі жобалық қуаттылыққа - 16 кәсіпорын жетті.

2011 жылдың желтоқсанында іске қосылған 4 жоба бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, себебі негізгі ғимараттардың құрылысы қыс мезгілінде жүргізілген болатын.

Іске қосылған объектілердің жағдайын тұрақтандыру аясында, жобалық қуаттылыққа шығару мақсатында жауапты тұлғалар бекітілген іс-шаралар жоспары дайындалды.



2. 2012 жылы 574,2 мың га дәнді дақылдар, 40,9 мың га майлы дақылдар, 8,4 мың га картоп, 5,1 мың га көкөніс, 2,8 мың га жүгері егілді. Көктемгі егіс және далалық жұмыстарға 10000 тонна дизель отыны бөлінді.

2012 жылдың қаңтар- маусым айларында «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке 286,9 млн. теңгеге 95 дана ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды.



Ауылшаруашылық өнімінің көлемі 2,7% өсіп, 37,6 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығында өткен жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда мал саны, оның ішінде: ірі қара – 0,1%, қой мен ешкі – 0,5%, жылқы – 1,9%, түйе – 1,9%, құс - 1,7% өсті.

2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мал мен құс еті (сойыс салмақта) – 3,5%, сүт – 2,0%, жұмыртқа – 1,3% өсті, оның ішінде ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі: ет – 16,6%, сүт – 6,2%, жұмыртқа – 52,9% құрады.

Еңбек өнімділігі (1 жұмыс жасайтын адамға) 291,9 мың теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4% (өткен жылы 277,0 мың. теңге) артты.

Алдын ала деректер бойынша есепті кезеңде ауыл шаруашылығына 2134,1 млн. теңгеге жеке және қарыздық инвестиция салынды, оның 310,0 млн. теңгесі бюджет қаражаты, 985,3 млн. теңге өз қаражаты және қарыздық несие есебінен, 706,8 млн. теңгесі «КазАгро»ҰБХ» АҚ» қарыздық заемдары. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда барлық инвестиция көлемі 2,7% артты.

Азық-түлік белдеуін онан әрі дамыту бағытында, 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында индустриализациялау картасы шеңберінде 5 объекті: қуаттылығы 100 тонна ет өнімдерін өңдейтін цех («Ақтөбе Жилкомплект 1»), қуаттылығы 11520 тона макарон фабрикасы («Нан өнімдері комбинаты» ЖШС), 3000 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы («АкТеп» ЖШС), қуаттылығы 312 тонна сүт өңдейтін модульдық цех («Болат ЛТД») және жылына 500 тонна көкөніс өндіретін 2 га 50 шағын жылыжай («Керемет-5» ӨК) пайдалануға берілді. 217 жұмыс орны ашылды.

3. Шағын және орта бизнесте белсенді субъектілердің жалпы саны 23,5 мың бірлікті құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 81,1%. Онда 105,5 мың адам (өткен жылға 96,5%) жұмыспен қамтылып, өндірілген өнім көлемі 138,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден 1,8% жоғары.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен түсімдер 46,5 млрд. теңгені құрады (118,5%).

Жұмыс жасайтындардың экономикалық белсенді тұрғындар санындағы үлесі 24,4% құрады.

Қаралып отырған кезеңге «Даму аймақтар 2» Бағдарламасы шеңберінде жалпы несие сомасы 155,69 млн. теңгеге 12 жеке кәсіпкерлік субъектісінің жобасы қаржыландырылды.

Ақтөбе облысының әкімдігі «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатыса отырып, бүгінгі күні кәсіпкерлер үшін аса маңызды мемлекеттік қолдау екендігін атап өтеді.

Бағдарламаны жүзеге асыруға 2012 жылы Ақтөбе облысына республикалық бюджеттен – 1 784,8 млн. теңге қаражат бөлінді, соның ішінде:

- субсидиялау бойынша – 648,5 млн. теңге;

- кепілдендіруге – 101,1 млн. теңге;

- сервистік қолдауға – 35,0 млн. теңге;

- инфрақұрылымдық қолдауға – 1000,2 млн. теңге;

Ағымдағы жылдың басынан бастап Өңірлік Үйлестіру Кеңесімен (ӨҮК) жеке кәсіпкерлік субъектісінің (ЖКС) 48 өтінімі мақұлданды, соның ішінде:

- субсидиялау бойынша – жалпы несие сомасы 4 343,1 млн. теңгеге 37 өтінім;

- кепілдендіруге – несие сомасы– 79,0 млн. теңгеге 3 өтінім;

- инфрақұрылымдық қолдауға – жалпы трансферт сомасы – 478,1 млн. теңгеге 8 өтінім.

Жалпы Бағдарламаның үш бағыты шеңберінде (субсидиялау, кепілдендіру және инфрақұрылымдық қолдау бойынша) жұмысшыларының саны 2583 адамды құрайтын 48 кәсіпорынға қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындарда 575 жаңа жұмыс орындарын құру және 2012 жылы бюджетке 1,3 млрд. теңге салық төлемдері жоспарланып отыр.

4. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 162,3 млрд. теңгені құрады (2011 жылғы деңгейге 107,0%). Оның ішінде қаржы көздері бойынша: бюджет қаржылары 18,6 млрд. теңге , кәсіпорынның жеке қоры 118,7 млрд. теңге, шетел инвестициялары 17,2 млрд. теңге, қарыз қаражаты 7,8 млрд. теңге.

Экономиканың басымды секторларына инвестициялар тартуды жоғары деңгейге жеткізу, инвестициялық ахуалды әрі қарай жақсарту және оларды тиімді қолдану мақсатында облыс әкімдігімен Ақтөбе қаласында Индустриалды аймақты құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетін жариялау және ақпараттық-презентациялық шығарып салу жұмыстары белсендірілуде.

2011 жылы «Инвестор атласы» буклеті, облыс кәсіпорындарының қағаз және электронды түрде каталогтары шығарылды. Инвестициялық әлеует туралы және облыстың инвестициялық жобалары туралы ақпарат облыс әкімдігінің және Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының вэб-сайтында орналасқан.

Экономиканың шикізат емес секторларына отандық және шетел инвестициялар көлемін арттыру және экспорт ахуалын жақсарту мақсатында Ақтөбе облысының әкімі А. Мұхамбетовтың басшылығымен делегация Баку қаласына іс- сапарға барды.

Достастық республикаларының іскер бизнес- орталарының 80- нен астам өкілдерінің біріккен Бизнес форумы өткізіліп, Ақтөбе облысының инвестициялық ахуалы және жобалары назарға ұсынылды.

Іс- сапар барысында «Сумгаит» технопаркі және «Ақтөбе» технопаркі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, Ақтөбе облысының сауда-өнеркәсіп палатасы және Әзірбайжан Республикасы сауда-өнеркәсіп палаталары арасында ынтымақтастық туралы Келісім жасалынған болатын.

БЭК елдер арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында, 2012 жылдың 26-27 сәуірінде Ақтөбе облысы әкімінің басшылығымен облыс делегациясы (мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және облысымыздың бизнес-шеңберінің өкілдері құрамындағы) Татарстан Республикасының Казань қаласына іс-сапарға барды.

Ақтөбе облысының әкімі А.Мұхамбетов пен Татарстан Республикасының Президенті Р.Миннихановтың кездесуі барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастық бойынша мәселелер талқыланған болатын.

Татарстанның өнеркәсіптік әлеуетімен танысу барысында, делегациямыз жоғарғы технологиялар саласындағы «ИТ-Парк» технопаркі мен «Химград» технополисіна барды. Ынтымақтастық туралы 3 Меморандумға қол қойылды: «ИТ-Парк» жоғарғы технологиялар саласындағы және «Ақтөбе» технопаркі арасында, «Алабуга» өнеркәсіптік-өндірістік ерекше экономикалық аймағы, Ақтөбе облысының сауда-өнеркәсіп палатасы және Татарстан Республикасы сауда-өнеркәсіп палаталары арасында.

«Алабуга» ЕЭА аралау кезінде «Ақтөбе бейметаллдар зауыты» АҚ және «Татнефть-Стекловолокно» ААҚ арасында әйнек талшықты бұйымдардың жеткізілімі бойынша ұзақ мерзімді келісімге қол қойылды.

Өзара тиімді сыртқы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында келесідей іс-шаралар өткізілді:

- 2012 жылдың 10 мамырында Ақтөбе қаласына ГФР Бас консулы Герольд Амелунг және неміс компанияларының өкілдерінің іс-сапары;

- 2012 жылдың 18 мамырында Ақтөбе қаласында Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасы Орал қаласындағы консулы С.М.Прохоровтың іс-сапары болды. Сапар шеңберінде Ақтөбе облысының әкімі А.Мұхамбетовпен, Қазақ-Орыс Халықаралық Университеттің оқытушылар құрамымен кездесуі болып өтті. Сонымен қатар танысу мақсатында «Ақтөбе мұнай құрал жабдықтар зауыты» АҚ және «Экотон-Батыс» ЖШС аралады;

- 2012 жылдың 26-28 маусымында «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» ХІ Қазақстан-Ресей өнеркәсіп көрмесі болып өтті.

Көрменің ашылуында Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының әкімдігі және Ресей Федерациясы Орынбор облысы Үкіметінің арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.



5. Құрылыс жұмыстарының көлемі 51,9 млрд. теңге немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 144,0% құрады.

Облыс бойынша 166,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол өткен жылдан 10,0% жоғары.

Тұрғын үйдің жалпы көлемінен республикалық бюджет қаражаты есебінен 20,8 мың ш.м. коммуналдық тұрғын үй; мемлекеттік емес сектордағы кәсіпорындардың есебінен 59,7 мың ш.м коммерциялық тұрғын үй; тұрғындар қаражаты есебінен 85,9 мың ш.м. жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Есепті кезеңде 1173 пәтер пайдалануға беріліп өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,9% артты, тұрғын үй құрылысына 11,2 млрд. теңге инвестиция бағытталды.



6. Бөлшек сауда айналымының көлемі 138,7 млрд. теңге немесе 19,1% өсті.

Сауда кәсіпорындары бөлшек сауданың көлемін 4,5% -ға, жеке сауда қызметімен айналысатын және нарықта сауда жасайтын жеке тұлғалар 33,1%-ға ұлғайтты.

Азық-түлік тауарларының бөлшек саудасы 62,6 млрд. теңгені құрады (жалпы көлемдегі салыстырмалы үлесі 45,1%), азық-түлік емес тауарлар 76,1 млрд. теңге (54,9%).

7. Барлық тауарлар бойынша инфляция деңгейі 102,4% (ҚР – 102,7%) оның ішінде азық –түлік тауарлары 102,0%, азық-түлік емес тауарлары 101,4%, ақылы қызметтер 103,8% құрады.

Өткен аймен салыстырғанда азық-түлік тауарлар тобы бойынша бағалардың келесідей өзгерістері байқалуда:

Өсуі: бөлкелер, ұннан жасалған кондитер өнімдері – 100,4%, ет және ет өнімдері – 101,5%, жемістер-көкөністер - 100,5%, кондитер өнімдері - 100,3%, алкогольсіз сусындар – 100,5%.

Төмендеуі: сүт өнімдері – 99,9%, қант – 99,0%, өсімдік майы – 99,7%, жұмыртқа – 93,2%.



Азық-түлік емес тауарлар топтамасы бойынша:

Өсу қарқыны байқалуда: киім және аяқ-киім – 100,2%, маталар –100,2%, үй тұрмысына қажетті заттар – 100,3%.

Төмендеуі: дәрідәрімек – 99,4%.

Ақылы қызмет көрсету топтамасы бойынша:

Өсу қарқыны байқалуда: тұрғын үйге жөндеу жүргізу және тауарлар алу – 100,6%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі – 100,6%, медициналық қызметтері -102,5%.

Төмендеуі: көлік қызметтері – 99,9%.

8. Орташа айлық еңбек ақы қаңтар- мамыр айында 84073 тенгені (атаулы 116,8%, нақты 111,6%) өсті, мамыр айындағы тұрғындардың жан басына есептегенде ақшалай табысы 52854 теңгені құрады (атаулы 127,8%, нақты 122,1%) өсті.

Ағымдағы жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша анықталған 50,5 млн. теңге еңбек ақы берешектері бойынша тиісті құзырлы органдармен жұмыстар жүргізілуде.



9. Шоғырланған бюджетке салықтар мен басқа да төлем түсімдері 292,4 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 62,5 млрд. теңгеге артты (Ұлттық қорды ескермегенде) болжамға 114,1%). Жергілікті бюджет түсімі – 32,0 млрд. теңгені (112,7%) құрады. Берешек көлемі 1067,1 млн. теңгені құрап өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,0% өсті.

10. 2012 жылы 61 білім нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарына 1680,3 млн. теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алулар ұйымдастырылуда.

Ақтөбе облысының білім беру саласы бойынша 2012 жылы 26 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Облыста мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 505 мекемелерде 35970 бала тәрбие алады, соның ішінде 26671 контингентімен 231 балабақша және 9299 бала тәрбиеленетін 273 шағын орталықтар. 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 61,2% құрады.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2012 жылы жалпы құны 14,5 млрд. теңгеге 13 объектінің құрылысы жүргізілуде. 6 денсаулық сақтау нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына 237,9 млн. теңге бөлінді.

Халық денсаулығы деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер жақсаруда. Үстіміздегі жылдың 1 маусымына 7258 сәби туылып (103,7%), өлгендер саны 1,0% төмендеді. Табиғи өсім 4764 адамды құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%, өсті.

11. 2011 жылдың жылу беру маусымы бір қалыпты өтті.

Бүгінгі таңда алдағы жылу беру маусымына облыс бойынша 42 жылу қазандығы (жоспардың 39,0%), 88,9 шақырым жылу желілері (35,5%), 21,9 шақырым су және кәріз желілері (10,0%), 137,4 шақырым электр желілері (21,3%), 62 білім беру (24,3%) және 67 денсаулық сақтау нысандары (26,2%), 14 әлеуметтік нысандар (33,3%) мен 167 тұрғын үйлер (15,3%) жөндеуден өткізілді.

Облыстың бюджеттік мекемелеріне 9 443,0 тонна қатты (17,3%) және 635,0 тонна сұйық (5,4%) отындары жеткізілді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде тұрғындардың коммуналдық инфрақұрылымының жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

2012 жылы Бағдарлама аясында шамамен көп қабатты 30 үй жөнделетін болады. Осы бағытта республикалық бюджеттен 812,5 млн. теңге бөлінді.

Үстіміздегі жылы жөндеу жұмыстарын Ақтөбе қаласымен бірге көпқабатты тұрғын үйлері бар аудандарда жүргізу жоспарланып отыр.



12. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігімен өңірдің жүйелік мәселелерін анықтау және шешу бойынша белгілі жұмыстар жүргізілуде. Негізінде, олар тұрғын – үй-коммуналдық шаруашылығы аясына қатысты және де бюджеттік қаржыландырудың шектеулі мүмкіндіктерімен байланысты орын алып отыр.

Облыста газ ресурстардың жеткіліктігіне қарамастан бар болғаны 68 елді мекен немесе жалпы санынан 16,4% газдандырылды. Қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен облыстың 5 елді мекенін газдандыруын аяқтауға (Алға ауданының Қарабұлақ, Қарақұдық, Шибаевка ауылдары,Ақтөбе қаласының Өлке ауылы және Шалқар ауданы Жылтыр ауылы), сонымен қатар, 6 елді мекенге газ құбырларын салуды жалғастыруға мүмкіндігі жоқ (Мұғалжар ауданы Жұрын, Ақкемер ауылдары, Қобда ауданы Қобда ауылы, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы, Алға ауданы Қарабұлақ, Маржанбұлақ ауылдары). Аталған мақсаттарға 2012 жылы қажетті инвестиция көлемі 1,7 млрд. теңгені құрайды.

Тағыда бір маңызды міндеттердің бірі ол облыс тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда облыстың 419 елді мекенінен сапалы құбыр суымен 117 елді мекен немесе жалпы санынан 27,9% қамтамасыз етілген. 10 елді мекенді сумен қамту бойынша ауыспалы жобаларды қаржыландыруға ағымдағы жылы 1,3 млрд. теңге қажет етеді.

Облыс орталығының тұрғындарын және облыстың даму әлеуеті жоғары кейбір елді мекендерін коммуналдық қызметтермен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жылу, сумен қамту және кәріз жүйелерін салу, реконструкциялау қажет. Қаржыландырылуы жергілікті бюджет құралдарынан басталған осы жобалардың кезеңмен жүзеге асырылуына 2012 жылы қосымша 2,0 млрд. теңге қажет.



Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, өңірдің ең өзекті мәселелерін шешуге республикалық бюджеттен 5 млрд. теңге қаражат қажет.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет