307
- электрондық оқытуда бағдарламаны жетістікті ету білім
алушының ынта-жігерінің бар болуына байланысты. Егер
адам оқытушының үнемі бақылауынсыз
өз бетімен оқи алма-
са, компьютер алдында ұзақ уақыт жалғыз отыра алмаса, бұл
қашықтықтан оқуына кедергі жасап қана қоймай, өз бетінше
жұмыс жасауға мүмкіндік бермейді;
- білім алушының жəне оқытушының компьютерлік
сауаттылығының жетіспеушілігі, қашықтықтан оқыту
тəжірибиесінің жоқтығы. Біздің
мемлекетте көп оқытушылар
мен білім алушылар мұндай оқыту əдісіне дайын емес.
Технологиялардың жетілдірілмеуіне байланысты кемшіліктер:
- Электрондық оқыту үшін қажетті техникалық жабдықтары бо-
луы керек. Ең жоқ дегенде, интернеті бар дербес компьютер,
дербес компьютерді қолдану дағдысының бар болуы жəне ин-
тернет желісін қолдана білуі керек.
- Интернетті оқытудың басты проблемасы білімді тексеру
барысындағы қолданушының аудентификациясы болып та-
былады. Себебі, осы уақытқа дейін тиімді технологиялық
шешім қабылданбады, қашықтықтан
оқыту бағдарламасының
көбі күндізгі емтихандық сессияны ұсынады. Байланыстың
ар жағында кімнің отырғанын білу мүмкін емес. Бұл өте
үлкен проблема болып табылады жəне осыған байланысты
оқытушылардан арнайы шара қолданылуы талап етіледі. Бұл
проблема көбіне камера орнату арқылы шешіледі.
- Оқыту жүйесін қамтамасыз ететін бағдарлама секілді, оқу
контентіне де, оқытудың бастапқы кезең жүйесіне инве-
стиция қажет. Сонымен қатар, аппараттық құралдарға да
кететін шығынды есептеу керек. Əрине бұл жағдайда шығын
құрылымы мен мөлшері оқыту
ұйымдарының даму деңгейі
жəне оқу жүйесін құру үшін таңдалған шешімге тəуелді бола-
ды.
- Электрондық оқыту контентін құру бұл үдеріске барлық
қатысушылардан арнайы білімді талап етіледі. Мұнда жалғыз
оқытушының бұрынғыдай дəріс конспектілерін дайындау ын-
тасы жеткіліксіз. Сапалы оқу курсын құру үдерісінде əр түрлі
маман иелері: оқытушылар, педагогикалық дизайнерлер,
бағдарламалаушылар, анимациялар мен бейнемонтаж жасай-
тын мамандар жəне т.б болуы керек. Бұл оқу контентін құру
мүмкіндігіне белгілі бір шектеу қояды.
308
- Оқыту жүйесінде қолданылатын
электронды оқу курстарының
көбі қайтарымды байланыс деңгейімен қамтылмаған. Көп
бар курстардың мазмұнды негізін мəтінді материалдер мен
қарапайым графикалық (сурет, фото) қамтиды, білімді бақылау
блоктары тесттік тапсырмалар негізінде жасалынған. Білім
алушыларды осындай сипаттамамен қызықтыру əрине мүмкін
емес. Бұл білім алу мен дағдыларды игеруге кедергі болып
келеді.
- Мамандықты игеру барысында электронды оқыту кейбір
мамандықтарға шектеу қояды: қашықтықтан медициналық
мамандық, актерлік шеберлік алу жəне т.б. Тек қана шынайы
практикалық жəне зертханалық жұмыс
кезінде ғана игерілетін
дағдылар болады.
e-learning-нің кемшіліктер қатарына мыналарды да жатады:
Достарыңызбен бөлісу: