Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е


Оқуға ұсынылатын кітаптар



бет70/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Rustemov okulik 00

Оқуға ұсынылатын кітаптар

  1. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы.

М.Жаманбалинов, Ә.Дүйсенбиев. - Алматы: Балауса, 1992.

  1. Бесік жыры. –Алматы: Жалын, 1989.

  2. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.

  3. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 3 кітап. - Павлодар: Арман, 2004.




  1. тарау. Ж.СМАҚОВ

Өлеңдері. Ж.Смақовтың «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ойындар мен жұмбақтар», «Күлдірген», «Сылдырмақ» және «Жүз бір жұмбақ» деген өлеңдер жинағы басылды. Ақын қаламынан алуан формалы жанр үлгілері туды. Ақын өлеңдері - баланың өміртанымдық әліппесі іспетті. Ойыншыққа жан бітіреді, жан- жануарлармен таныстырады, бала мінезін әңгімелейді. Ж.Смақов - «Опай-сопай», «Тамшы», «Бүршақ туралы ертегі», «Кім күшті, кім мықты?», «¥зын аяқ», «Аю қалай адасты?» ертегі, поэмалардың авторы.
Бесік жырлары атқаратын қызметіне қарай қазіргі фольклортануда сәбиді қоршаған ортамен таныстыратын бесік жырлары, халық мұратын арқалаған бесік жырлары және ананың ішкі әлемі сырын шертетін бесік жырлары деп қарастырылып жүр. Бүгінгі авторлық бесік жырларында танымдық мақсат хабарлаушылық сипатта көрінеді де, тәрбиелілік пен жедел-қабыл ұштасады. Мәселен, Ж.Смақовтың бесік жырында немересіне
Жылама, балам, жылама,
Әжең отыр әндетіп.
Әжең отыр тербетіп
Апаң кетті нанына
Папаң кетті малына. - деп оны әке-шешесінің күнделікті тірлігінен хабардар етеді. Ары қарай «үйде отырып бола ма, сен өскенше ер жетіп» деп жалғасатын жолдардан әженің немере алдына ата-ананың күнделікті тірлігін ақтағысы келген көңіл-күйі байқалатындай. Әрі «еңбексіз бос отыруға болмас» дегенге де емеурін бар. Ақыр соңында «апаң кетті нанына, папаң кетті малына, әжең отыр жаныңда» деп немере көңіліне сенім ұялатар сөз тауып айтады.
Қазіргі авторлық бесік жырларының «әлди, бөпем» деп басталуы немесе оларда «әлди, бөпем, әлди-ай» қайталамаларының кездесуі шарт емес. Халық өлеңінің «әлди, әлди, аппағым, қойдың жүні қалпағым, жалпыға жаман болса да, өзіме жақсы аппағым» деп келетін(3,17) шумағындағы «аппағым» сөзін Ж.Смақов жаңа шырайда қолданады.
Аппақ, Аппақ, Аппағым,
Тыныш ұйқтап, жат, жаным.
Халық өз перзентін қастерлісіне балайды:
Әлди-әлди, бөпешім,
Қозы жүнді кепешім,
Жұрт сүймесе сүймесін
Өзім сүйген бөпешім. Немесе
Айналайын, шырағым
Көлге біткен құрағым.
Жапанға біткен терегім,
Жаман күнде керегім. - деген шумақтар аяулысына баланған жанға, кішкентай тіршілік иесі санатындағы ұрпағына арналған. Авторлық бесік жырларында «қозы жүнді кепешім», «көлге біткен қүрағым», «жапанға біткен терегім», «жағамдағы құндызым», «әуедегі жұлдызым» тәрізді бейнелі тіркестеріне ұқсас сөз қолданыстары ұшыраса қоймайды. Автор бөбекті жақсы нәрсеге теңегеннен гөрі, оның мінезін, қылығын, іс-әрекетін қызықтауға көбірек көңіл бөледі. Әйтсе де, сәбиге деген сүйіспеншілігі әр жолдан байқалып тұрады. Мәселен, ақын өлеңінің біріндегі ананың баланы сүйген көңілі орындалатын да, орындалмайтын да мақсатқа ұмтылысынан көрінеді:
Ақ інгеннің тайлағын,
Әкелейін, айналдым.
Аспандағы айды алып,
Әперейін, айналдым.
Бүгінгі ғылыми техниканың қарыштап дамыған заманында адамның Айға ұшып барып келе қоюы да таңқалдырудан қалған. «Аспандағы айды алып беруді» ниет еткен ананың тілегі осы жайтты ескеруден туған болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, «бесігіңе жат, жаным, тыным алсын көкешің» деп өзіне қадірлі екі жанның да тыным алуын тілейді, басты қалауы сол.
Ж.Смақовтың бесік жырларының халық тақпағы үлгісінде келетіні де кездеседі. Қыс көріністері суреттеледі, аю, бұғы, түлкі, қоян, қасқыр әрекеттері баяндалады. Бірінші сатыда аналар поэзия тілімен сәбиді қоршаған ортамен таныстыруды мақсат тұтады. Орыс балалар фольклорында бұл мысық, көгершін, әтеш, сиыр т.б. жан- жануарлармен таныстырудан басталады. Аң-құс тіршілігімен таныстыру сипаты қазақ балалар фольклорынан гөрі, қазақ ақындары бесік жырларынан байқалады. Мәселен, Ж.Смақовтың «Әлдиіндегі» ана аң- құстың бәрінің «ұясында қалғитындығына» жеке-жеке тоқтала келіп, сәбиіне төмендегідей өтініш білдіреді:
Бұзауқан пыс-пыс етеді,
Мамасын емді, жетеді.
Бөпешім, сен де жатасың,
Ұйықтасын десең апашың.
Өтінішін сыпайылап жеткізеді, айтарын «Бұзауқан пыс-пыс етеді, мамасын емді, жетеді» деп барып қана айтады. Ж.Смақовта бесік жырын нәрестенің әжесі де, анасы да, апасы да айтады. Бұл - фольклордан жалғаскан дәстүр. Ал бөпесіне ағасының бесік жырын айтуы -авторлық бесік жырының жаңалығы. Ақынның бесік жыры, түсау кесу жыры, тақпақ элементтері тоғысқан «Менің бөпем» өлеңінде күннен-күнге, жылдан-жылға өсіп келе жатқан інісін қызықтаған бала бар. Ол жақсы көретін бөпесіне бесік жырын айтады:
Бөпемді жақсы көремін,
Ұнатамын мінезін.
Мамама көмек беремін,
Ұйқтатамын оны өзім.
Әлди-әлди, бөпешім,
Ұйықтасаң, бөпем, ұйықтай ғой,
Ұйқтамай қайтсін, құйттай ғой.
Бөпесін сүйген ағасы тұсау кесу жырындағыдай «жүрсең, бөпем, құлама, құласаң, бөпем, жылама!» дейді. «Жақан Смақов - бесік жырынан бастап сәби құлағын үйретіп, қаз-қаз бастырып, жырмен тұсауын кесіп, ертегі тыңдатып, ертегі айтқызып, баланы мектепке ертіп апарған ақын»(16,119). Және ақынның бала кейіпкері де аталған жақсылықтың барын өз бөпесіне жасайды. Оған дәлел - аталған «Менің бөпем» өлеңінде жас сәбидің туғанынан балабақшаға барғанға дейінгісі сипатталады, тіпті ағасының оны келешекте мектепке ертіп апармақ ойы бар екендігі де хабарланады. Балаларға арналған халық өлеңдері(бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ т.б.) элементтері мен детальдарының Ж.Смақовтың бір өлеңінің өн-бойынан өзара үйлесім тауып орнығуынан немесе сол өлеңдер үлгісінде ақынның циклдық өлеңдер топтамасының түзілуінен оның «сәбидің санатқа қосылу эволюциясын»(16,119) танытуды мақсат еткен мүддесі айқын көрінеді. «Менің бөпем» өлеңінен, сондай-ақ, жас балдырғанның балалық, аңқау мінезі, әрекеті көрінеді.
Бөлем кейде асыр сап, Жасырынбақ ойнайды. Басын ғана ол жасырса,
«Жасырындым» деп ойлайды.
Бетін ғана ол жабады,
Аяғы сыртта қалады.
Бөпесінің әрбір қылығы ағасының мақтаныш сезімін туғызады, інісіне деген қамқорлығы үлкен сүйіспеншіліктен туған. Қайталанып келіп отыратын «бөпемді жақсы көремін» жолдары адамзат перзентін жақсы көрмеудің мүмкін еместігін әйгілеп, жалпы жақсы көру сезімін кеудеде іркіп қалмай жариялап отырудың да қажеттігін аңғартатындай. Ал енді осы баланың алғаш бесікке бөленгеннен кейінгі қырқынан шығуы, отыруы, тілінің шыға бастауы, қаз тұрып, жүре бастауы түрлі жоралғылармен аталып өтіліп, тілектер айтылады. Халықтың тұсау кесу ырымында мақсат-мұрат ірі, айқын: «Өмірге аяқ баса бер, асулардан аса бер». Ж.Смақовтың «Қаз-қаз бас» өлеңінде баланың әр қадам басқан сайын сүріну мүмкіндігін ескерген сыңайы бар:
Қаз-қаз-қаз,
Қаздаң бас,
Бір-екі-үш,
Аздан бас.
Қаз-қаз бас,
Құлама, Құласаң, Жылама.
Ересек адам санасы бүл тілекті «өмірде сүрінсең, жігеріңді құм қылып жасыма, жылағаныңды көрсетпе» деп қабылдайды. «Алақанда алақан» өлеңінде ересек адамды жүруге талпынған баламен байланыстырып тұрған олардың алақандары:
Алақанда алақан,
Ал келе ғой, балапан. Қаз-қаз!
Кәне, жүрсең, көрейін,
Келсең, кәмпит берейін. Қаз-қаз!
Алақанда алақан,
Ал келе ғой,балапан Қаз-қаз!
Алақанымен демейді, сөзімен жетелейді. Бүгінгі баланың құмар нәрсесі - кәмпит. Кәмпит көрсе, оған талпынбайтын, ұмтылмайтын бала болмайды.
Уату-алдарқату мақсатын көздейтін «Қуырмаш» өлеңінде әр саусаққа бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек деп ат беріледі де, олардың атқаратын қызметтері санамаланады. Өлеңде төрт түлікті күнделікті тіршілігінің өзегі еткен қазақ халқының ата кәсібі көрініс табады. Ж.Смақовтың «Бес саусақ» өлеңі де дәстүрлі міндеттерді - бала ұғымын жүйелі ету, санауға үйрету, еңбекке т.б. тәрбиелеу жүгін арқалайды: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, қолымда сонда саусағым нешеу? Бес саусақтың сипаттамасы - бес балаға берілген мінездеме. Бірінен бірі өтетін балалар: кішілерге қамқор, елгезек, ойнақы, епті. Бір үйдің бес баласы көз алдыңа келеді. Халық өлеңінде де, авторлық өлеңде де адамға деген қамқорлық басты орында.
Ақынның «Он батыр» санамағы - соны ізденіс нәтижесі. Он батырдың аттары аталады да, нағыз батыр соңынан анықталып шыға келеді.

    • Ағайынды он батыр, Бесеуің оңға тұр. Бесеуің солға тұр. Бәріңді бастайтын

Кім батыр?

    • Мен батыр.

Сұрақ-жауап түрінде айтылатын халық өлеңдерінің бір түрі - сұрамақ. Ж.Смақов өлеңдерін оқып отырып, белгілі «Бақа, бақа, балпақ» үлгісінде жазылған біріне көз тоқтаттық.
Бақа, бақа, бақ-бақ!
Сеніп жүрсем мақтап,
Бетің неге сатпақ?!
Бақа, бақа, бақ-бақ!
Жұрт қояды мақтап.
Үстің неге батпақ?
Бақа, бақа, бақ-бақ!
Жүру үшін мақтап,
Болу керек әппақ.
Өлеңде риторикалық сұрақ бар. Жауап қажетсінбейтін сұрақ. Сұрақ ұялтады, әрі ойлантады. Тағы да ересек адам ойымен, ересек адам көзімен таразыласақ, «жақсы болсаң ғана, мақтауға лайықсың» дегенді аңдаймыз. Үлкенге де, кішіге де керек ой, нақты, қысқа, ұғынықты. Автордың тағы бір сұрамағы
Әйей бала, әй бала,
Ағатайың әйей ме,
Ұрмай ма сені аяй ма? - деген сұраққа құрылады, халық санамағынан ерекшелігі сонда сұрақтың өзінен жауапты аңғаруға болады. Ж.Смақов мазақтамалары баланың мінез-құүлық кемшіліктерін, теріс іс- әрекеттерін әшкерелейді. Әсіресе, жылауық, қорқақ, аяншақ, ұйқышыл, салақ балаларды келемеж қылады. Көп жылайтын бала, көбінесе, автор мазақтамаларының объектісі болып келеді. «Жылауық» мазақтамасын
Жылауық-ау, жылауық,
Жақсы бала болмайсың,
Қоймасан сен
Бір ауық - деп түйіндесе, «Тағы бір жылауық» өлеңін былай қайырады: Қойсаңшы енді, жетеді,
Жыламасаң, не етеді?
Жылауық-ау, жылауық,
Қойсаңшы енді бір ауық.
Дәстүрлі мазақтамалардан ерекшелігі, ақын өлеңдері салыстыру негізіне құрылған. «Абалаған ит те үргенін қойды», «ызаланып ысқырған үскірік боран да басылды» «сен де енді қойсаңшы» дейді. Ақыры болмаған соң
«жұмыстан шаршап кеп оралған әкеге тыныштық керек» деп ескертеді.
Сонымен балалар фольклоры үлгілері негізінде Ж.Смақов қазақ балалар поэзиясын жанрлық түр жағынан ғана байытып қойған жоқ, мазмұн, идея, стиль, буын, ұйқас жөнінен де байытты. Ақынның фольклорлық жанрлық түрлер(бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, мазақтама, ойын өлеңдері т.б.) дәстүрінде туған өлеңдерінен бүгінгі сәби психологиясының автор еркін өз ырқында ұстағандығы бірден көзге шалынады. Бұл жайт, әрине, өз жырымен қайтсе де бала көңілін табуға тырысқан ақынның мақсат- мүддесіне еш қайшылық келтірмеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет