Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет112/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
теориялық деңгейі жоғары болғаны абзал. Тілдік жағынан алғанда, 
көне түркі, шағатай және қазіргі қазақ тілдерінің ерекшеліктерін 
көрсететін тілтану жүйелері жасалынғаны дұрыс деп білеміз.
Біздің жүргізген талдауларымыз осыған ұқсас тарихи шығарма-
ларды тарих философиясы тұрғысынан зерттеуде, мысалы Мұхаммед 
Хайдар Дулати мұрасын, өз септігін тигізеді деп есептейміз және 
басқа да методологиялық принциптерді айқындауда өз нәтижесін 
береді деген үміттеміз.
Соңғы жылдары халықтың санасы мен мәдениетінде жаңаша 
тарихи дүниетаным қалыптасып келеді. Осы кезеңге сәйкес 
келетін адамдық философиялық ойлау жүйесін жасау және оны 
әлемдік философия тарихы аясында өрбітіп, шыңдап, жоғары 
деңгейде дамытып, халықтың өзін-өзі түсінетін жағдайга келтірсе 
үлкен ғанибет болады. Жалпы-мәндік идеялардың тууы және 
басты – философияның негізгі функциясы болып табылады. Бұл 
идеяларды нақты тарихи негізінде реконструкциялау үлкен мақсат. 
Адам болмысының өркениетті аспекті-лерін айғақтау және оны 
философия тарихы тұрғысынан әспеттеу үшін көлеңкеде қалып 
қойған ойшылдардың еңбектерін зерделеп, ғылыми өріске жету 
міндеті зор. Осы жолда ұлы да мәңгілік дүниетанымдық идеяларды 
жан-жақты зерттеу қажет. Ол мына идеялар: ғалам, космос және 
адам бірлігі, тұтастығы; тұлғаның құқығы мен еркіндігі, еркіндік пен 
жауапкершілік бірлігі; жеке адам мен адамзаттың, жеке адам мен 
халықтың, халық, ұлт және басқа ұлттар, халықтар бірлігі; Басқа сөзбен 
айтқанда Ақиқат, Әсемдік, Байлық, Жетістік бірлігін философиялық 
және өмірлік құндылықтар ретіндегі көрінісін ажырата, тоғыстыра 
және келешегін айқындай қарастыру методологиялық мәнде үлкен 
орын алады. Бұл ретте атап өтетін жағдай, біздің Отанымызда әлемдік 
өркениеттен бөле жара қарастыратын ғылыми бағыттарға үлкен 
тосқауыл қойылар еді. Негізгі философиялық идея – бұл өркениет 
адамының ұлы ойшылдар идеяларының шеңберіндегі қиын да 
ұзақ қалыптасуын анықтау, гуманитарлық құндылықтар аясындағы 
философиялық ойлау жүйелерінің адами келбетін ешқашанда естен 
шығармау керек.
Біздің еліміздің ғылыми-техникалық мүмкіндіктері мол. Бірақ 
адам өмірін жеңілдетуге, жақсартуға келгенде бұл мүмкіндіктердің 
атқаратын рөлі өте аз. Қазіргі өркениет талаптарына біздердің 
үйлеріміз, жолдар, қалалардың сыртқы түрлері, олардағы сақта-
лып келе жатқан ілгері адамзат үлгі алатын мұражайлардың орна-
ластырулары және т. б. көп жағдайда сәйкес келе бермейді. Осының 
негізінде рухани азғындық жатқан болу керек: адамгершілік, ізгілік, 


 
115


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет