Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
қырып, барша өзбекпен жау болған. Әбілғазының айтуынша, сол
кездері «өзбек үш бөлінді, біреулері маңғыт, біреулері қазақ, енді
біреулері Мәреннахырға кеткен» [8, 180 б.]. Спандияр хан он алты
жыл патшалық құрып опат болған.
Орта Азияда Мұхаммед Шайбани құрған қуатты мемлекет
әлсірегеннен кейін, XVII ғасырда осы территорияда үш тәуелсіз мем-
лекет орнықты: Бұқар (Самарқанд) хандығы, Қоқан (Ферғана) және
Хиуа (Хорезм) хандығы. Жоғарыда Әбілғазының өмірінен алып сипат-
талған билікке бола өзара туысқандық қырқыс аталмыш дәуірдің
сипатын беріп тұрғандай. Бұл өзара қырқыстың нәтижесінде, ақыры
соңында М. Шәйбани әулетінен тұқым да қалмай, бұлар хандықты
басқаруға қазақ-қыпшақ, маңғыт-ноғай арасынан аштарханидтерді
тартатын болды. Осы хандықтардың кейінгі билеушілері жөнінде Қ.
Халид былай дейді: «...хандардың таққа отыруы орынсыз жанжал,
нахақ қан төгіспен қатар жүріп, халыққа еш уақытта тыныштық
әкелмеді. Ешбір хан халық пайдасына деп бір іс істеп, болмаса жөнді
нәрсе қалдырған жоқ. Олар тек өз басының амандығы, ойын-күлкі
сияқты хандықпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын істермен өмір
кешті, уақыт оздырды... Байқасақ, ханға тіке қарағанға өлім жазасы
кесіледі екен. Онда қай мүфти, молда, ғалым ханның бетіне келіп,
кемшілігін айта алсын! Олардан не үміт, не хайыр күтуге болады» [5,
32 б.].
Әбілғазының мұнан арғы өмірбаянынан да осы келеңсіздікті
аңғаруға болады. «Ел хан жұртынан безді, кетелік дегеннен басқа
сөз айтпады... Менің қасымда тұрған жақсылар маған: «Бұл халық
жұрт болмас, сіз кете көріңіз, біз соңыңыздан барайық», деді.
Мизамның ақыры, ақыраптың басында... мен қазақ ішіне кеттім»
[8, 189 б.]. Ол бастапқыда қазақ хандары – Есім хан мен Тәшкентегі
Тұрсын ханды, онан кейін Ферғана ханы Имамқұлыны паналап,
ақырында ағасы Спандияр ханның қудалауымен Қызылбас еліне
(Иран) жер аударылған. Сонда он жыл тұтқында болғаннан кейін,
қашып шығып, Маңғышлақ түрікпендерінің арасында болған. Бұл
түрікпенде ол уақытта қалмақ ханына қарасты болған екен. Әбілғазы
қалмақ ханының қолында бір жыл болып, 1645 жылы Спандияр
хан опат болғаннан кейін Хиуаға хан болады. Хан болғаннан кейін
Әбілғазы көршілес хандықтармен, қалмақтармен көп соғысып, тек
1663 жылы хандық билікті баласына беріп, өзі осы «Түрік шежіресін»
жазуға кіріседі. Бірақ бір жылдан кейін қайтыс болып, шежіренің
соңын оның ұлы Ануш Мұхаммед аяқтайды.
Әбілғазының аталмыш бұл еңбегі «Хиуа хроникалары» деген
атпен біріктіруге болатын Му’нистің, Агахидің, Санаидің, Байанидің
125
Достарыңызбен бөлісу: |