ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
сол бір дәуірінің саяси жүйесі бейне-ленген деп қандай да бір өзге
авторға сілтеме жасау оңай. Бір кездері қазақтардың өз тарихы
болған жоқ, олардың шынайы тарихы Қазақстанның Ресейге
қосылуынан кейін ғана басталды деген де пікір болды. Сондықтан
қазақ авторлары тарихтың белгілі бір оқиғаларына, айғақтарына
байланысты өз қатынастарын айтуға батпады. Сол себепті қазақ
тарихшылары жалғыз объективті, беделді пікір ретінде шетелдік
авторлардың айтқандарына сүйенуге мәжбүр болды» [1, 15–16 бб.].
Демек, осы айтылғандардан елімізде болып өткен тарихи
үдерістерді қайта қалпына келтіруде жазба деректермен қатар, ата-
бабаларымыздың қолданған тарихи білімін де, ауызекі тарихи дәстүр
мен шежірені де пайдалану мәселесі туындайды. Бұл мәселе соңғы
кездері арнаулы ғылыми әдебиетте де, мерзімдік баспасөз беттерінде
де көтеріліп жүр.
Қазақ тарихына қатысты «даланың ауызша тарихнамасы»
мәселесін өзінің еңбектерінде шығыстанушы-ғалым В.П. Юдин
өткір қойып, қолданбалы және теориялық деректанудағы кейбір
мәселелерді тарих ғылымында ресми қабылданған ұстанымдарға
қайшы келетініне қарамастан батыл көтерді. Ол шығыстық жазба
дерек көздерімен ұзақ жылғы жемісті еңбегінің нәтижесінде XIV
ғасырдағы қазақ даласының тарихындағы кейбір ақтаңдақтардың
(срай төңірегінде арнайы тапсырыспен жазылған тимуридтік
және шайбанидтік жазба деректерде осы дәуірде Шығыс Дешті
Қыпшақта тайпа билерінің, кейіннен Жошының 13-баласы Тұқай-
темір ұрпақтарының билікке келуі мүлдем айтылмайды) орнын
толтыратын осы жазба деректердегі өзгеше жіктемелік топты
бөліп алып шықты. Олардың қатарына тікелей Дешті Қыпшақ
көшпенділерінің ауызша тарихи біліміне негізделген шығар-малар
жатқызылады. В.П. Юдин мұндай дерек көздеріне «Тауарих-и гузида-
йи нусрат-наме» (авторы Мұхаммед Шайбани хан болуы мүмкін,
XVI ғ., Мәуреннахр), Өтеміс қажының «Шыңғыс-наме» (XVI ғ., Хиуа
қаласы), Қадыр Әлі би Жалаиридің «Жылнамалар жинағы» (XVII ғ.,
Касимов қаласы), Әбілғазының «Түрік және моңғол шежіресі» (XVII ғ.,
Хиуа қаласы) шығармаларын жатқызады.
В.П. Юдин Өтеміс қажының «Шыңғыс-нәмесінің» материалдары
негізінде XIV ғасырдағы қазақ даласының саяси тарихын қалпына
келтіру барысында деректер көзінің осы ерекше тобының
маңыздылығына тоқталады: «Біз мәліметтерінің маңыздылығы бір
де кем емес, көп жағдайда ерекше, сондықтан да аса бағалы түбірлі
жаңа деректі көрсетуге тырыстық, – бұл өз өткені туралы тарихтың
өз субъектінің жады – даланың ауызша тарихнамасы. Қазақстанның
122
Достарыңызбен бөлісу: |