Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет157/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
Жыраулардың рухани және мәдени құндылықтары әлеуметтік 
өмір мен моральдық сананың жалпыға ортақ контексіне көпшілік 
мақұлдаған дәстүрлер мен жаңа көзқарастардың жаңашылдық 
бірлігі болып табылады. Олар өздерінің халқын діни және адамгер-
шілік бастаулар мен дәстүрлерді маңызды, өмір сынынан өткен 
моральдық өлшемдер ретінде сақтауға шақырады. Жалпыға ортақ-
тыққа қосылудың дара рухани құралы ретінде өзін-өзі жетілдіруге 
шақырады.
Көшпелі ер адамның өміріндегі ең басты әлеуметтік мақсат-
тардың бірі – қадірлі тұлғаға айналу, далалық әлеуметтік иерархияда 
лайықты орын алу. Жас жігіт, жас жауынгер өз алдына ізгі мақсаттар 
қоюға: Отанның сарбазы – қорғаушысы, дәулетті ер-қожайын болуға, 
және содан кейін мемлекеттік, тұрмыстық және отбасылық істерде 
данышпан басшыға және кеңесшіге айналуға міндетті. Жастарға 
үндеулерінде жыраулар осыған сәйкес ғибратты кеңестер айтады.
Қазақ жырауларының шығармашылық мұрасында қалдырыл-
ған рухани құндылықтар саласында, поэтикалық суреттерде 
адамның ойланып жасалған таңдауына негізгі акцент жасалады. 
Мінез-құлық пен әлеуметтік қарым-қатынастардың олар теріс 
деп есептейтін ерекшеліктері олардың туындыларында сыналады 
және рухтың әлсіздік танытуының белгісі ретінде бейнеленеді. Бұл 
образдар мен суреттер әсерді ширата түсетін сияқты көрінетін 
арнайы тәсілдің көмегімен көрсетілген. Әлеуметтік өмірдің әр алуан 
ұнамсыз құбылыстары мен қасиеттері, ұнамсыз кейіпкерлер мен 
образдар, салыстырмалы түрде алғанда шағын сюжеттік көріністе 
бейнеленген. «Тығыздаудың» мұндай метафоралық тәсілін жыраулар 
жағымды қасиеттерді бейнелеуде де өте жиі пайдаланады. Ол оларға 
субъективтік түйсіну энергиясын арттыруға көмектеседі, көпшілікті 
субъективтік энергияны бейнелеп отырған суреттің фонындағы 
дербес бірдеме ретінде сезінуге мәжбүр етеді. 
Ойластырылған адамгершілік таңдау жыраулардың өздері 
салған әлемнің поэтикалық суретіндегі ұғымдарында өз еркін 
субъектінің рухани тәуелсіздігін оның өзінде, қоғам өмірінде және 
қоршаған әлемде бейнеленген жалпыға ортақ қарым-қатынастарға 
жігерлі түрде талпынушылығын білдіру болып табылады. Мұндай 
пішінде адамгершілік таңдау этикалық анықтамаға дәлірек сәйкес 
келетін императив болып табылады. Бұл терминнің мағынасы 
дәл осы жағдайда кеңейтілді және біз өзіміз жоғарыда сүйенген 
эзотериялықты түсіндіруге түзету енгізу арқылы нақтыланды. 
«Этикалық императивте» субъектілердің барлығының эзотерия-
лық та, сондай-ақ ерік пен интуицияның иесі ретінде реалды қарым-


160 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет