Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Жыраулық өнердің көрнекті тұлғасы Тілеуке Шал ақын
Құлекеұлы 1748 жылы Көкшетау өңірінде туады. Қанша уақыт өтсе
де мән-мағынасын жоймайтын, елдің мұң-зарын жырлап, қайғы-
шеріне дәру болған Шал ақын мұрасы өзіндік қолтаңбасымен терең
толғамды ой-тұжырымымен ерекшеленеді. «Жақсыдан сырым
жасырман, Жаманға сірә бас ұрман» деген ақын өз өлеңдерінде
жақсы мен жаманның, асыл мен жасықтың парқын айырып жырға
қосады, фәни мен бақидың сырын паш етеді.
«Ақиқатына келсек, діл мысалы, су қойма һәуізге ұқсар,
оның қалауы бес сезім сияқты бес арыққа ұқсар. Бұл арықтармен
һәуіз сияқты көңілге де су кірер. Егер көңіл қалап һәуіз түбінен
таза су шықсын десең, оның жолы һәуізге кіретұғын арықтарды
бекем байлағын. Оның ішіндегі суды шығарып тастағанда, түбін
терең кеулесең, таза су шығар, дәл осыған ұқсас көзге көрінер діл
айнасының талабы бойынша бес сезім жолымен пайда болар.
Мұнымен шұғылданбаса, діл тереңінен ілім бұлағының шығуы
мүмкін емес. Сондықтан діл айнасының қалауы деректерден
хабардар болып, һәуіз ділдің түбін қиыншылық кетпенімен қазған
жағдайда, әлбетте, таза білім бұлағының көзі ашылып, айнасы
жақыннан болар» [3, 50 б.] дейді ислам діни философиясының ірі
өкілі имам әл-Ғазали. Бұл жерде рухани жетілу жолындағы адамның
өзін-өзі тануының бір қыры ашылады. Ақиқат асыл ілім адамның
жүрек тереңінде жасырынғаны сөз болады. Бес сезім мүшесі арқылы
жиған білімнің сол асыл ақиқатқа жетудегі белгілі бір саты ғана деп
біледі. Жүрек ділді құдыққа теңеп, бес арық бес сезім мүшесі арқылы
оған жиылған судың да білім екендігін тұспалдайды, бірақ нағыз
кәусарға, тұнық судың көзіне жету үшін – тыстан келетін ағын судың
жолын бекітіп, құдықты (ділді) тазалап, құдық түбін терең кеулеу
қажеттігін айтады. Ақиқат ілім діл тереңінде жататыны, ол – өзін-
өзі таныған, діл-жүрек тереңіне бойлаған ердің ғана несібесі екені сөз
болады. Гносеологиялық тұрғыда хақиқаттың танылу мүмкіндігін
жоққа шығармайды. Бірақ ақылдың және хауастың (бес сезім) таным
мүмкіндігінің осы жолдағы шектеулілігін белгілей отыра, адамның
өз ділінің тереңіне бойлап, рухтың мүмкіндігімен ғана абсолют
ақиқатқа жетерін айтады. «Ақыл мен Хауас барлығын, Білмей-дүр,
жүрек сезе-дүр» деп Абай да жүрек тылсымындағы ақиқат ілімге
ден қояды. Бұл «Мен (Құдай) жерге де көкке де сыймаймын, иман
келтірген құлымның жүрегіне сиямын» деген құдси хадистен бастау
алып, рухани таным жолында тынбай ізденген ғұламалар ілімінің
нәтижесі. «Көңілге шәк шүбәлі ой алмаймын, Сонда да оны ойламай
қоя алмаймын. Ақылдың жетпегені арман емес, Құмарсыз құр
217
Достарыңызбен бөлісу: |