Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
хайуаннан да төмен болып, азғындауы мүмкін. Оның зұлымдығы
мен жыртқыштығы шектен шығып, маңайындағыларға зәбір-
жападан басқа түк бере алмасы анық. Ал рухтың қалауымен жоғары
ақиқатқа ұмтылса, онда періштеден де жоғары дәрежені иеленіп,
инсанияттың кәмелеттігіне, адам жаратылысының түп мақсаты
«халифалыққа» жетеді немесе Алланың сүйген құлы бола алады.
Осындай Алланың досы – әулиелік дәрежені иеленген адамдар
нағыз ақиқат ілімнің иесі ретінде адамзат баласына тура жол нұсқап,
көптеген адамдарды бақытқа жеткізеді деп білген. Асан Қайғы «Нәпсі
– алдаушы дұшпаның, насихатын алмағыл» деп нәпсінің жаулығын
ашық айтса, нәпсінің өсіруші қасиеттері ретінде жалғаншылдықты,
дүниеқұмарлықты, кешірімсіздікті, ашуды сөз қылады. Мысалы:
«Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Ашу дұшпан артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа» [6, 17 б.].
Ашуды – нәпсі қалауы, адамды абыройсыздыққа ұрындыратын
жау ретінде түсіндіретін Шал ақын:
«Ашу – дұшпан болғанда, нәпсі – жауың,
Ақыл – тұрған алдыңда асқар тауың.
Жүрекке ашу келіп толған шақта,
Дененің біле алмассың ауру-сауын» [6, 136 б.] деп толғанады.
Адамның психологиялық хәлін сипаттай отырып, Ақылға жүгіне
білуді зор адамгершілік мұрат деп біледі.
«Нәпсің бір көкжал бөрідей,
Иманың бағлан қозыдай,
Егер тию салмасаң,
Иманыңды жеп кетер» [6, 137 б.]
деген шумақтарда нәпсінің түпкі жаулық мақсатын айқындай оты-
рып, оның жауыздық, қомағай, қорқау сипатын бейнелі меңзеумен
дәл ашады. Адамның басты қасиеті оның ішкі имандылық өзегі деп
білумен қатар, оны құндылық ретінде сақтаудың маңызына ден қояды.
219
Достарыңызбен бөлісу: |