Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет218/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
қылып, шүкір ету арқылы жаратылыстың өзі хақты танытушы кітап 
екендігін түйсінгесін ғана жалған дүние мағынаға ие болады. 
Ақын өлімді ауызға алуы бұл дүниеден өтем деген өкініші емес, 
оның жалғандығына алданып, ұзақ сапарға жол азығымды сайлап 
ала алмай қаламын ба деген қауіп. Жол сапардың азығы – иман. Бұл 
дүниеге адамды тұтқын қылып негізгі байлықтан, яғни ішкі рухани 
еркіндіктен ажыратар күш, осы нәпсі-һәуе болса, ол адамды өткінші 
қызықтарға байлап, түп мақсат ақиқаттан шеттетеді. 
Иманға төнер қауіпті нәпсіні бөріге, иманды бағлан қозыға теңеу 
арқылы айқындай түседі. Озбырлығы мен қомағайлығы қасқырдай 
нәпсінің қаупін ертерек ескеріп, тиюға шақырады. Адамның таңдау 
еркіндігі тәңірден берілген сый екендігі жыраулардың жақсы мен 
жаманды жұптай алып жырлауынан да көрінеді. Адамның ақылға 
жүгінбей істеген қателігі бір кездегі нәпсі жетегінде кетуімен байла-
нысты, соның зардабын кейін де тартуы мүмкін. Сондықтан адал мен 
харамды ажыратып, ерте бастан сақтанудың маңызы зор екендігін 
ескертеді. 
Рухты өсіру, нпсінің хәуесінен сақтану мақсатын өзек еткен 
Ясауи хикметтері де бастан-аяқ Алланы мақтау мен пәктеуден 
тұрады. Диуани Хикметтің өзі ғибадаттың аса ұлығы зікір екендігіне 
хикметтерді оқыған әр адамның көзі жетеді. Бірақ, Әзірет сұлтанның 
Құдайды зікір етуінің өзіндік ерекшелігі бар. Негізі зікір сөзінің бір 
мағынасы еске алу болса, дәруіш ұғымындағы «еске алу» мағынасы 
өте кең, біріншіден, «Алланы еске алу сипаттары айтып мақтау
екіншіден, «еске алу» – ұмытқан уәдені еске алу, яғни рухтар 
әлеміндегі «Аласту бирабикум» – Алла тағала бүкіл адам баласының 
рухынан: «Мен сендердің раббыларың (жаратып тәрбиелеушілерің) 
емеспін бе?» – деп сұрағанда, рухтар (материалдық әлем жаралмай 
рух денеге енбей тұрған ақиқат әлемде) «Қалу бола» – «әрине, 
сенсің» деп жауап берген. Бұл сөз Құранның «әл-Ағраб» сүресінің 
172-аятында айтылған. Яғни әрбір адам Ақиқат рухтар әлемінде о 
дүниені көрген, соны еске түсіруі керек. Уағдасын еске алып, Ақиқат 
әлемге иманын сақтап, рухын өсіріп қайта оралуы керек. Осы жайлы 
Ясауи: «Әуелден «Аласта бираббикум» деді Құдай «Қалу бала», 
– деп аруақтар қылды әуез» [5, 291 б.] – деп 65 хикметінде айтады. 
Ясауидің еске алу ерекшелігі ол Алланың пәктік сипатын дәлелдеп, 
баяндап жатпайды. Оның ұлық сипаттарын естен шығармай тұрып 
өзі тарабынан оның фазылынан үміт етуін, әділетінен қауіптенетін 
қорқынышын жырлайды. Хикметтер бастан-аяқ дәруіштің хауіп-
рижа (қауіп пен үміт) халіндегі сырларынан тұрады. 
Дәруіштің қауіп-рижасы қарапайым адамның тозақтан қорқып, 
жұмақтан үміттенуі емес. Өзінің ғашықтық халінен – Құдайға риясыз 


222 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет