Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
«Өттің бір дүние өттің-ай», – деп аһ ұрған ақын бұл дүниенің
өткіншілігін тілге тиек ете отырып, оның жалғандық сырын ашады.
Дүниенің жалғандығы сол – ол шапқан жүйрік аттай, жылжи басқан
жорға тайдай сусып өте шығады. Ақын бір көрмеге өзін жүйрік пен
жорғаға теңеп ақындық ұшқырлығы мен алғырлығын жыр жолына
айналдырғандай көрінеді, тереңдей үңіле түссек, жыр шумағының
тереңдігі мен тұтастығы «өттің бір дүние, өттің-ай теңселе басып
кеттің-ай» деген жолдарға шоғырлану арқылы, бұл дүниенің
жалғандығын айқындайтын экспрессивтік мазмұнға ұласқан. Бұл
өмірді жалғандайтын шешуші сәт ақиқат өкім – шын өлім деп біледі.
«Шын ажалым жеткен соң,
Сызықтан мәлім өткен соң.
Айтпасам да жарандар,
Мен де бір күн өлем-ай» [6, 148 б.]
Кесімді ғұмырын сүріп, шектеулі сызықтан өткен соң, ақын
жалғанды жоққа шығарар – ақиқат шын ажалға жолығарын
толғайды. Ақынның бұл өмірді жалғандауы мүлдем жоққа шығару
емес, бұ дүниенің де қадір-қасиетін айқын бағамдайды. Оны мына
астарлы жолдардан аңғарамыз:
Түйе деген бір мал бар,
Тамағы тойса көп кетер.
Қас жаманның белгісі,
Жиын тойға барғанда,
Тамағына өкпе етер,
Өкпелеймін деп кетер [6, 148 б.], – дейді.
Бұл дүниені ұзақ жол сапар алдындағы азығын жинар мекенге
балап, түйенің ұзақ жолға төзімділігі арқылы осыны тұспалдайды.
Бірақ ақынның бұл дүниенің жалғандығын айтуы оның бұл дүниеге
өкпесі емес, жиын тойдағы тамағына өкпелеу – қас жаманның белгісі.
Ал сонда бұл дүниенің қызыл, жасылы мен жалған боямасына
алданудың қаупін ескертудегі мақсаты не десек – ол адамның өз
бойындағы асыл жауһарды аман сақтап, шын дүниеге жеткерудің
қиындығын еске салып отыр. Дүниені жамандаушы, жалғандаушы
тойдағы өкпешіге ұқсас, бұ дүниеде о дүниенің азығын қамдамай
ойнап-күлумен уақыт өткізді және қиындыққа кезіксе, дүние жалған
деп күйректікке салынады. Кемшілікті өз бойынан емес, қоршаған
орта дүниеден іздейді. Қоршаған ортаға қарап пікір жасау, зікір
221
Достарыңызбен бөлісу: |