Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет229/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
санасында ғасырлар бойы жасап келеді. Иман адамның бұл дүниеде 
де ең қымбат қазынасы болса, Адамның ақыретке апарар қазынасы 
осы. Ал адал жар ақыретте де бірге болар екі дүниелік жолдасың 
дейді. Ақын жақсы-жаман деген өлшемін безбендеуде, жақсы 
әйел, жаман әйел, жақсы жігіт, жаман жігіт деп олардың жақсы-
жаман сипаттарын ашуда имандылық негізге сүйенеді. Бақ дәулет 
ұғымын ақын Жаратушының берген ырзық-несібесі деп қарайды. 
«Алғаның жақсы болса қара жердей» дегенде қара жер символдық 
жүк арқалап тұр, космологиялық ұғымда жер өзінің құнарымен, 
кішіктігімен, мейірім, қамқорлығымен, жасампаздық пен ізгіліктің 
тіршілік бастауы ретінде белгілі. «Жақсы қатын сырласың, қорғаның, 
адамның дәулет құсы».
«Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, 
Ол сенің ақыреттік жақын кісің. 
Келген мейманыңды және туғаныңды
Бірдей тәрбиелеп
Ол және ұмытпасын хақтың ісін» [6, 130 б.]. 
Әйелді ақылына қарай таңдап ал, ол екі дүниелік жолдасың деп 
жігітке ескерткенмен, бұл жерде әйелге қойылар талаптар айтылады. 
Әйел мейманға сый-құрмет көрсететін, туғанға қамқорлық жасайтын, 
мейірбан болуымен қатар хақтың ісін ұмытпайтын тақуа болсын 
дейді. 
Үгіт-насихат айтып жақсы істермен ғибрат қалдыруды көздеген 
ақын сөз өнерінің қадірін біліп, ақиқат жолына жұмсаған, өзгені де 
осыған үндеген. 
«Атадан мирас ақылың, 
Түзік айтқан мақұлың. 
Ләзім болған іспен тең, 
Шешен жігіт дүрмен тең [6, 137 б.]. 
Уайымшыл мен қайғы ойлаған жігіт жалған қауіп пен болымсыз 
үміт құрсауындағы тәуекелсіз адам. Бұл дүниеде қонған бақ та 
баянсыз, сондықтан «Зауалды жалған дүниеде» иеленген атақ-
мансап, байлық пен дәреже тұрақты емес, ол адамды асып-тасуға 
менмендікке ұрындырмағаны ләзім. Тіптен бұл дүниедегі адамдар 
арасындағы жаулық пен дұшпандықты да көрге кіргенше ұстануға 
болмайды. Адамның негізгі жауы адам емес. Анық дұшпанды 
айқындап, соған қарсы ұрыс сал. 


 
233


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет