Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет23/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін! 
Ауылдағы жамандар 
Ел қадірін не білсін! 
Көшіп-қонып көрмеген 
Жер қадірін не білсін! [3, 6 б.]. 
Адамдар арасындағы этикалық қажеттiлiктiң, қатынас-
дағдылардың өзара сыйластық тұрғысынан алғанда күйзелiстерге, 
қиыншылықтарға ұшырауы өмірде жақсылық пен жамандықтың, 
ізгілік пен эұлымдықтың өзінше бағыт-бағдар болып таралуына 
ұйытқы болады. Әлеуметтiк дүниеде тиiмдi шешiмiн таба алмаған 
мәселелердi Асан Қайғы адамның жетiлуiмен байланыстыру 
қажеттiлiгiне меңзейді. Әрине, адамның әлеуметтiк ортадағы орны 
және оның табиғатпен арадағы қарым-қатынасын үйлесiмдендiру 
мәселесi қоғамдық сананың жаңа бiр деңгейге көтерiлуiне ықпал 
еттi, ежелгi дiлдiк астарларды сөз арқылы жеткiзе бiлген.
Асан Қайғы моралiнiң iргетасы «жан ашу», «махаббат»
***
деген 
ұғымдардан қаланған. Ұлы ойшыл бұл екi құбылысты бiр-бiрiне тең 
келетiн пара-пар мағынасы бар ұғымдар деп қарастырады. Бұл екi 
нәрсе бiр-бiрiне жақын сезiмдер. Олар адамдар үшiн ғана құндылығы 
бар объектiлер емес, сонымен қатар жер бетiндегi тiршiлiк иелерiнiң 
бәрi үшiн құндылығын жоғалтпайтын күй. Адамдық құндылықтың 
бірі – өмiрдiң әр түрлi, әр қырлы көрiнiстерiн қолдай түсу, енді бірі – 
оларды ең жоғары дамыған үйлесiмдiлiкке дейiн көтеру. Сонда ғана 
жақсылық атаулы одан сайын молая түспек, ал әлеуметтiк дүние одан 
сайын жаңғырары хақ. Керісінше, тамырын жая бастаған тiршiлiк 
салаларын шектеп отырсақ, еркiндiктi тұсаулап, адамды қыспақта 
ұстасақ, жамандық атаулыға жол ашылады. Ал өмiрдің заңдылығын 
толық аша түсу үшiн сол тiршiлiктi жасаушы, өзгертушi, дамытушы 
субъектiлердiң мүмкiндiгiн кеңейте түсу керек. 
Асан Қайғы тiршiлiк атаулының бәрiне «жан ашу – сүйiс-
пеншiлiкпен қарау» принципi арқылы ең биiк игiлiктер жүйесiне 
көтерiлу мүмкiндiгiн ашты. Бiздiң ойымызша, Асан Қайғының түпкi 
мақсаты – өнердiң iшкi Мәнiне жақындай түсу, халқымен сұхбаттаса 
(өз жырларымен) отырып, Дүниенi танып бiлуге тырысу. 
*** Тіршілік иелерінің бәріне жан ашу, аяушылық және махаббат идеясы өте ежелгі 
идея болғанымен, оны қазіргі заманның идеясы деуге болады. Заман оны қажет етеді. 
Гуманизмнің қайнар көзі де осында. Өмірдің әрбір көрінісіне деген сүйіспеншілік, 
әрбір тіршілік иесінің жан қиналысын, азабын түсіне білу, әрқашанда оған көмекке 
келуге дайын тұру адам мәнінің, адам жанының негізгі қыры және сол арқылы 
адамның табиғатқа деген, қоғамға деген қатынасы қалыптасады.


 
25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет