Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет19/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
саңлақтардың шығармашылығымен, iс-қимылдарымен тығыз байла-
нысты және солардан нәр алып сусындайды. Әрбiр iрi Тұлғаның 
тарих сахнасында кездейсоқ пайда болмайтынын (кезiнде Ф. Энгельс 
айтып кеткендей), әрбiр дәуiр ерекше Тұлғаны қажет ететiнiн, 
сондықтан олардың (Тұлғалардың) дүниеге келетiнiне меңзейдi. «Өз 
заманының ой-санасына әсер еткен биiкте, асқарда тұрған жандар 
жайындағы жартылай шын, жартылай лақапқа құрылған әңгiме-
лер өз кейiпкерлерiнiң тiрi кезiнде-ақ бой көрсете бастады, дейді
М. Мағауин. Мұндай әңгiмелер уақыт өткен сайын түрленiп, бара-
бара аңызға айналып кетпек. Тиянағы – тарихи адам неғұрлым 
соқталы тұлға болса, аңыздар да соғұрлым көп, әрi мазмұнды болуға 
тиiс» [5, 22 б.]. Тарихи шындықты шымырлататын, тұлғалайтын 
көзқарас.
Кең пейілге таласқан, кеңессіз сөз бастаған, өтірікті қостағанның 
қадірі жоқ. Ондайлар өз қадірін ғана емес, жер қадірін, ел қадірін, 
жұрт қадірін білмей, аяқ асты етті. Одан елдің бітімі мен берекесі 
кете берді. Аталық мұрадан айрылып жатқан кезде қалың жұрт «ел 
ұстайтын ұлды» іздеді. Ел ұстайтын ұл қоныс аударып жаудан құтылу 
үшін немесе өз хандығын құру үшін керек болды. Асан Қайғының 
желмаяға мініп жайлы қоныс, мекенжай іздеуінің арқауы, осы екі 
бірдей мәселеге қатысты деуге тұрарлық. 
Ауыр жағдайларда: «Бұл заманда не ғаріп?» деп аталы жұртқа 
ойындағы мазалы сұрағын қояды. Сөз тыңдайтын, жөн білетін орта 
болмаған кезде: 
«Бұл заманда не ғарып? 
Ақ қалалы боз ғарып, 
Жақсыларға айтпаған 
Асыл шырын сөз ғарып; 
Замандасы болмаса, 
Қариялар болар тез ғарып
Қадірін жеңге білмесе, 
Бойға жеткен қыз ғарып; 
Ел жағалай қонбаса, 
Бетегелі бел ғарып
Қаз, үйрегі болмаса, 
Айдын-шалқар көл ғарып; 
Мүритін тауып алмаса, 
Азғын болса пір ғарып; 
Ата жұрты бұқара 
Өз қолында болмаса, 


 
21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет