Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет241/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
IV тарау. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ЕРКІНДІК 
ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ 
ІРГЕТАСЫНА АЙНАЛУЫ
4.1 Көшпелі қазақ қоғамының тарихи санасы және оның 
дүниетанымдық мәселелері 
Әртүрлі қоғамдық құрылымдардың, соның ішінде мемлекеттік 
құрылымның жалпы сипаты оларды құрған адамдар қауымының 
ұстанған түпкі құндылықтарының сипаты мен мәніне байланысты 
болатыны сөзсіз. Оны дүниетанымдық мазмұны деп те атап жүр. 
Қоғамдық құрылысты, мемлекеттік құрылымның шығу негізін тек 
экономикалық жағдайдан көретін марксистік қисын өзін ғылыми 
тұрғыдан ақтай алған жоқ. Оның себебі, экономикалық, саяси 
мұқтаждықтар тудыратын ұжымдар ұзақ дәуірлерде сақталатын 
қоғамдық бірліктерге негіз бола алмайды. Экономикалық 
мұқтаждықтар нақты жағдайларда қуатты болғанымен өмірдің 
барлық салаларын қамтып, олардың сипаты мен мазмұнын өзіне сай 
өзгерте алмайды, оның үстіне олар қысқа мерзімдерде өзгерістерге 
ұшырап жатады. Бір экономикалық байланыстар белгілі бір сәттерде 
қажетті болса, келесі бір тарихи кезеңде тиімсіз болып шыға береді. 
Адамдарды тұтас, берік әрі ұзақ уақыттарға біріктіре алатын 
күш – рухани құндылықтар. Рухани тұтастық, жақындықтар ғана 
халықтар мен ұлттардың пайда болуына негіз болып жатады. Тек 
солар ғана экономикалық қатынастардың түпкі мәнін анықтай 
алады. Яғни рухани, мәдени бірліктер тарихи тұрақтырақ та, 
әрі өмірдің барлық саласына өз ықпалын тигізе алады. Тарихта 
кейбір әлеуметтік қоғамдастықтардың, халықтардың жерінен, 
экономикалық, қоғамдық, мемлекеттік тұтастығынан айырылып
басқа халықтар мен елдер арасына шашырап кеткендері, тіпті 
ортақ тілін де жоғалтып алғандары бар. Ал солардың кейбір рухани 
туыстығын жоғалтпағандары қайта қосылып өз қоғамын қайтадан 
құратындары да кездесіп жүр, мысалы, еврейлер. 
Халықтар мен ұлттардың, қоғамдасудың түпкі қуатты негізі 
осы рухани туыстастық екендігі, ол рухани тұтастықты құрайтын 


 
245


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет