Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мәдениеттердің арасындағы үстемдік үшін тартыс осы негізде өрбіді,
қазірде де солай болып келе жатыр.
Әрине, үстемдікке ұмтылудан басқа құндылық батыс
адамдарында жоқ дегеннен аулақпыз. Бірақ, осы құндылықтың,
әсіресе Жаңа дәуірде басым болғаны даусыз. Бірақ, осы құндылық
адамдық дамудың бірден-бір көрсеткіші бола ала ма? Байлық
үшін, артықшылықтар үшін, үстемдік үшін адамдар, халықтар,
мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы толассыз арпалыстар
адамдық өркендеудің белгісі ме екен?
Қазіргі заманда осындай арпалыс Батыс қана емес, Шығысты да
қамтыды. Бүкіл адамзат тарихында барлық замандарда осылай болып
келді десек те, соңғы ғасырларда бұл өрши түсті деуге болады. Оның
себебі, қазір адамзат барынша қаруланды: біліммен де, техникамен де,
ұйымдасу үлгілерімен де. Ал осыны адамның адамдығының өрлеуі,
яғни, прогресс дей аламыз ба? Ғылымның, техниканың, өндірістің
өсуі адамдардың қайырымдылығын, жақсылыққа жақындығын да
өсіре алды ма?
Жаңа дәуірдегі ғасырлар тарихына жәй ғана көз жіберудің өзі екі
сипаттағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді.
1) Өмір сүру біршама жақсарды, адамдарды белгілі бір дәреже-
де ізеттілік пен гуманистік пиғылдардың қалыптасқандығы көрінеді.
2) Жеке тұлғалардың дербестігі, еркіндігі өрістеп, үстемдіктер
астарлы түрде іске аса бастайды. Бірақ, бұл әр қоғамдастықтың өз
ішінде, ал басқа қоғамдастықтарға қатынаста ешбір бүркемеленбеген
түрдегі үстемдікке ден қою қала берді.
ХХ ғасырда ең дамыған, ең өркениетті деп келген елдер
мен халықтар (Германия, Италия, Испания, Греция және т. б.)
демократиялық үрдістерді өз елдерінде де жойып жіберіп, фашистік
жүйеге ауысқандығы, дүниежүзілік соғыстарды бастағандығы да
белгілі. Соның зардабынан 50 млн.-ға тарта адамдар мерт болды.
Шығыс елдерінің көпшілігі ХХ ғ. ортасына дейін тоталитарлық
тәртіптерді сақтап қала берді. Яғни, жеке адам бостандығына деген
көңіл-күй дүниетанымдықтың ішкі түбегейлі өзегіне айналған жоқ.
Бұл көңіл күй Шығыс халықтарында ХХ ғасырда бел алып, отарлық
күйдегі халықтардың ұлт азаттық қозғалыстары түрінде көріне берді.
Осы тұрғылардан қарағанда білім, техника, тағы басқа қарулар
адамдарды, әрине, күшейтеді, бірақ, міндетті түрде жақсарта бер-
мейді. Кей жағдайларда тіпті керісінше – оларды озбыр етеді. Ал бұл
прогресс бола ала ма? Біздіңше бола алмайды. Қарулану жағынан
құдіреттілікке ие бола алған жеке адамдар болсын немесе халықтар,
өркениеттер болсын, адамгершілік жағынан міндетті түрде ілгерілей
247
Достарыңызбен бөлісу: |