IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
қарамастан отырықшыларға қарағанда әлдеқайда еркіндікте
еді. Әрбір адам өзінің руластарының қарауында болды, біртума
адамдардың құрған ұйымының мүшесі ретінде ол барлық істерде
басқалармен тең. Сол ұйымның қалыптасқан салт-дәстүрлерін
ұстанады. Ұзақ ғасырлардан кейін бұл салт-дәстүрлер бұлжымас
нормаларға айналып, адамдардың іс-әрекеттерін реттейтін
болғандықтан мұндай қоғамды дәстүрлі деп атайды. Кейбір
осындай қоғамдарда атадан қалған дәстүрлер, салт-жоралар адам
іс-әрекетін бүге-шүгесіне дейін реттейтін жүйеге айналады. Биліктің
бір орталыққа шоғырлануының тек алғашқы нышаны ғана бар. Бұл
халық, мемлекет құрылғанға дейінгі көрініс. Халық, мемлекет болып
құрылғанда, бұл тәртіп біраз өзгерістерге ұшырайды. Биліктің бір
орталығы пайда бола бастайды. Малға жеке меншік пайда болып,
теңсіздік, жіктелу пайда болады.
Дегенмен көшпенділер қоғамының бүкіл тарихында құлшылық
әлеуметтік институт ретінде қалыптасқан жоқ. Мысалы, ежелгі
Грекия мен Римдегі тіпті мемлекетті демократиялық билеу кездерінде
болған құлшылық сияқтының нышаны да болған емес. Ресейдің
мемлекеттік жүйесінде заңмен бекітілген крепостнойлық қатынас
та көшпенділерде болған емес. Номадтардың дүниеге көзқарасына
даланың еркін тұрғынын екінші бір далалықтың, сол қауымның
екінші бір мүшесінің құлы ету, яғни меншігі ету сыйыспайтын нәрсе.
Яғни, көшпенділердің өз арасындағы тәуелділік қатынастар ондай
дәрежеге жетпеген. Шет жұрттан қолға түскен тұтқындарды көбінесе
құл ретінде ұстамаған. Кейде ғана үй жұмыстарына пайдаланған.
Оларды кейде босатып жіберіп, көбіне жауласқан жақтағы тұтқында
жүрген қандастарына айырбасталатын.
Көшпенділікті малына жайылым іздеумен, тек кезбелікпен
теңестіретін Тойнбидің ойы шындыққа тіпті сәйкес келмейді.
Жайлау, күзеу, қыстау болатын өңірлер тайпалар, рулар арасында
қатаң тәртіппен реттелген. Онда ешбір анархиялық босқындық жоқ.
Көшпенділердің өміріне аз да болса ұқсайтын бір кезең
Еуропаның тарихында да болды. Америка құрлығын ашқанда жаңа
жерлерге ағылған еуропалықтардың сипаты да көшпенділер сияқты
феодалдық құрсаулардан мезі болған, оған төзе бермейтін жаңа
өңірдегі авантюралық та, қиын да, бірақ еркін де жағдайға қызығумен
ерекшеленген болуы керек. Оған белгілі бір батылдық та, жігерлілік
те қажет. Жаңа жерлердің байлығын игеріп, оңай байып кету де
солардың бәрін үдете түсті. Америкадағы жаңа мемлекеттердің
құрылуының ұзақ та, қиын да болғаны белгілі. Анархиялық еркіндікке
үйреніп қалғандар үстерінде биліктің болуына оңай көнген жоқ. Ал
252
Достарыңызбен бөлісу: |