Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының



Pdf көрінісі
бет246/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   297
IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
кезден де көреміз. Бұл туралы түрік империясын билегендердің бірі 
Білге-хаһанның қолбасшы інісі Күлтегіннің құлпы тасына қашатып 
жаздырған сөздерінде де айтылады. «Тәңіртектес, тәңіртумыс түрік 
білге хаһаны мен мұнда отырдым (билікке). Сөзімді түгел естіңдер 
соңыма ерген туыстарым, ұлдарым, одақтас менің тайпаларым мен 
халықтарым» деп басталады [4, 205–209 бб.]. 
Ру-тайпалардың одағы бірігіп, мемлекет құрып, ол империяға 
айналған кезде де алғашқы қарапайым қауымдастықтың негізгі дүние-
танымдық өзегі сақтала береді, бірақ енді ол халықтық тұтастық-тың 
бірігу принципі болып шығады. Білге хаһанның өзі де мұны бүкіл 
түріктіктің бірден бір белгісі ретінде жариялайды. Енді, бірақ, ол 
аспан тектес түріктердің, әсіресе, оларды билеп отырған хаһанның – 
Тәңірі ұлының басқа барлық халықтар мен тайпаларды билеуін ақтай 
алатын негіз түрінде маңыз алған. Өзін сыртқы қауіптерден қорғап, 
сақтаудың принципі енді басқа халықтарды бағындырып билеудің 
принципіне ұласады. Ол империя халық ретінде қалыптасуға негіз 
берсе, қоғамның іштей күрделіленіп, сан салаларға жіктеліп, топтарға 
бөлініп, дамуына мүмкіндік береді. Осы күрделіленудің нәтижесі 
ретінде оның әртүрлі тараптары арасындағы байланысты, тағы басқа 
көптеген мұқтаждықтар империя жағдайында жазу алфавитін қажет 
етті, ертедегі түрік жазуы пайда болды. Билік енді тікелей халықтың 
өзі атқаратын іс болудан қалып, белгілі бір адамдар тобының, «игі 
жақсылардың» мөлдек ісі ретінде атқарыла бастайды. Енді билік 
пирамидасының ең жоғарғы ұшында отырған хаһан «кедей халықты 
бай халық, аз халықты көп халық еттім» дей алады. Оның сөзі өктем. 
Басқа халықтардың, бөтен тайпалардың бәрін түріктер маңына 
топтастыру жолында алға ілгері теңізге дейін, артқа темір қақпаға 
дейін, оңтүстікке түске (Тибетке) дейін, солтүстікке мұзды теңізге 
дейін сәл жетпедім, жорықтар жасадым, бәрін де өзіме қараттым
«басы бардың басын игіздім, тізесі бардың тізесін бүктірдім» [4, 209 б.] 
– дейді. Соның барлығы Тәңірінің бұйрығымен істелгендей. 
Яғни, ертедегі қауымдық құрамалар кейінгі халықтан бөлініп, 
өз алдына оларға қарама-қарсы тұрған билік емес, ол – ең алғашқы 
демократиялық жүйе. Әрине, ол әлі жетілмеген, іштей жіктелмеген 
балаң демократия. Қауым өзін-өзі билейді, басқарады, қабылданатын 
шешімдер қауым мүшелерінің бәрінің қатысуымен қабылданады. 
Оларда заң шығарушы, атқарушы, сот билігі әлі бөлінбеген. Олардың 
жеке дербес институттары болуына ешбір қажеттілік жоқ. 
Көшпенділер дүниетанымының кейбір белгілері
Маркстік қоғамдық теория бойынша рулық-тайпалық қауым-
дастық дамудың ең төменгі сатысы, ол кезде жеке адам өз руына 


250 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет