Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет245/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Архаикалық деп аталатын қауымдық жүйені алсақ қазақтар 
тарихында ол тайпалық-рулық қоғам, бір ата-аналардан тараған 
туыстық жүйе деп есептелген. Олай біріккендік іс жүзінде солай бола 
бермеуі де мүмкін, бірақ бірігудің принципі – туыстық бірлік. Сондай 
туыстықтан тарау болмаған күнде де бірігудің рухани негізі осы. Яғни, 
қауымдасу жеке, даралықты негізге алмайды. Бірақ, ол жеке адам-
ның жекелігі болмайды деген сөз емес. Жекелік, индивидуализм 
алаңсыз жоғалып кететін қоғам болмайды. Қауымдық-рулық 
қатынастар да солай. Рулық қауымда жеке адамның мүддесі ортақ 
мүдденің іске асу жолы ғана болуы мүмкін немесе рулық-қауым 
мүддесі әр жеке мүшесінің де мүддесі, ал әрбір рудың ортақ мүддесі 
– оның жеке мүшесінің де мүддесін қамтамасыз ету. Қауым мен 
қауым мүшелерінің арасы әлі жіктелмеген, олар әлі бір нәрсе. Қауым 
– өзара белгілі қатынастарда біріккен оның мүшелері. 
Көшпенділік қауымдарда ең алғашқы құндылық – бірлік, 
ынтымақтастық, ал негізі – туыстық. Туыстастардың барлығы да 
тең, олардың құқықтары бірдей. Тіпті ақсақалдары да, көсемдері де 
ешбір артықшылықтарға ие емес. Ондай артықшылық – қауымның 
мүддесінің не екендігін басқаларға қарағанда жақсырақ білуінде, 
даналығында, оларды қорғауға үлгі бола білуінде ғана. Жеке дара 
мүдденің өзімшілдігіне ешбір орын жоқ. Егер ондай өзімшілдік 
көрініп, зиянын тигізе бастаса, олар өз құқығынан айрылады. 
Ертедегі көшпенді түріктердің дүниеге көзқарасы кейінгі дәуірде 
де көшпенділікті белгілі дәрежеде сақтап қалған қазақ, түрікпен, 
қырғыз, башқұрт, тағы басқа оңтүстік Сібірдегі ұсақ түрік тұқымдас 
халықтардың аңыздары мен ауыз әдебиетінде, әдет-ғұрыптарында 
осы кезге дейін айқынырақ көрініс береді. 
Ол дүниеге көзқарас сол кездегі барлық түріктерге тән Тәңірлік 
діни нанымдарға байланысты. Оның түпкі мәнін бүкіл әлемді, 
оның құрылымын рулық туыстық қатынастармен бара-бар деп 
қабылдайтыны деуге болар еді. Тәңірлік нанымдар бойынша бүкіл 
табиғатты, адамдарды, материалдық дүниені жаратушы құдірет
Аспан, Тәңірі. Ал Тәңірі, ол – әке, оның нақты көріністері – күн, 
ай, жұлдыздар. Әке, ол – бүкіл жер бетіндегі тіршілікке, әсіресе 
адамдарға үнемі қуат беретін, жандандыратын күш. Ал сол қуаттан 
адамдарды туатын ана – Жер, Ұмай ана. Бүкіл Әлем – туыстық 
қатынастар. Туыстық қатынастар – бүкіл Әлем бірлігінің ішкі негізі. 
Қуаттың негізгі шығар көздері – Аспан денелері. Сондықтан да, 
барлық түріктердің рухани жүзі – аспан денелеріне, әсіресе Күнге 
бұрылған. Бұндай дүниеге көзқарас кейінгі тайпалардың бірігіп, 
халыққа айнала бастаған кезінде де, түрік империялары құрылған 


 
249


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет