IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
бағынышты өз мүддесін қорғайтын және халықты барынша екі жақ-
тан Жәңгір ханның іс-әрекетімен сипатталады. Осындай қайшылық
пен дау-жанжалға, әділетсіздік пен зорлық-зомбылыққа толы заман
Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық идеясын
өмірге алып келді. Профессор Сейіт Қасқа-басовтың қонымды пікірі
бойынша, «ХІХ ғасырдан қазақ қоғамы үшін енді сыртқы жаудан
қорғану емес, қазақ мемлекетін жойып, халықты отарлаған Ресей
қақпанынан құтылу – ең зәру мәселе болып, әдебиетте ұлт-азаттық
идеясы орнықты» (Егемен Қазақстан» газеті, 19 тамыз 2003 ж.)
Махамбеттің өлең-жырларының қадір-қасиеті, мәні мен маңызы
уақыт өткен сайын бедерлене түсетіні белгілі. Тарихи тұлғаның
туған халқы мен адамзат өркениеті алдында сіңірген еңбегі де солай
– ғасырдан ғасыр озған сайын өркештене түседі. Ал, тағдырдың ең
бір қиын бұралаңдарында халқының бойына қуат берген, жігерін
жанумен болған Махамбеттің жалынды өлеңдері келер ғасырлар-
дағы толқын-толқын талай ұрпаққа ата-бабаларының мұңы мен
шерін, арманы мен рухын ұмыттырмай, үнемі құлағына құюмен
болатыны анық. Жер бетінде қазақ елі тұрғанда, осынау мәңгілік
сарын да ешуақытта үзілмейді.
Қазақ халқы өнер біткеннің ішінен сөз бен сазды жоғары қойған.
Осы екі өнерді бір-бірімен бітістіре, ажырамас тұтастықта дамыта
отырып, бойындағы барша рухани қуатын соған сіңіре білген.
«Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті
кернеген поэзиялық әлем, – деп жазды Қазақстан Республикасының
Президені Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» аталатын
кітабында, – тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген.
Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар,
қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең таным-
дық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы
философиямен шендесіп жатады». Шіркін-ай, осы философиялық
астары тереңде жатқан екімыңжылдық дала жырын мазмұны мен
баяуын төмендетпей өзге тілдерге, әсіресе, ағылшын тіліне аударып,
әлем жұртшылығына таныта алсақ, қазіргі қазақ мәдениетінің
әлемдік мәдени арнаға қосар кәусар бұлағының басы сол болар еді.
Оның куәсі ретінде Махамбеттің ұлттық рухы биік жалынды өлең-
жырлары қомақты еңбек болары анық.
Адам – Махамбет дүниетанымындағы өзекті де негізгі мәселе бо-
лып есептеледі. Ол өзінің «Арғымақ, сені сақтадым» атты толғауында:
Жақсыменен дос болсаң
Айрылмас күні қос болсаң,
266
Достарыңызбен бөлісу: |