IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
(«Жалғыздық адамға жараспайды, Аллаға ғана жарасады») тап бол-
ған Махамбет өзінің іштей терең рухани-психологиялық күйзеліске
ұшыраған жағдайын бірнеше жырларының арқауы етеді.
Махамбет кейбір адамдардың бойындағы опасыздық, екіжүз-
ділік, сатқындық, зұлымдық сияқты жаман қасиеттерді көре білді.
Сонымен қатар адам болмысы мен сана-сезімі, жақсы адам мен жаман
адам, өлім мен өмір, әке мен бала, жалғыздық пен көптік сияқты
мәңгілік философиялық-аксиологиялық мәселелерді өз дәуіріне
лайықтап поэзиялық формада күн тәртібіне ұсынды. Махамбет
философиясы өмірлік, жыраулық, халықтық сипатта болды. Оның
поэзиясында қазақтың ұлтық идеясы, ұлт-азаттық идеясы жақсы
көрініс тапты.
Махамбет дүниетанымындағы құндылықтар жүйесі әділеттілік,
азаттық, сөз бостандығы («бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»), ерлік,
адалдық, батырлық, халыққа шынайы қызмет ету, жауапкершілік
пен бостандық сияқты құндылықтардан тұрады. Сонымен Махамбет
әлеуметтік әділеттілік пен қайырымдылық жаршысы, және ол өз
шығармашылығы арқылы әділетті, іштей үйлесімді жаңа қазақ
қоғамын орнатуды меңзеді. Бұл оның шы-ғармашылығының
әлеуметтік-философиялық өзегі болатын.
Махамбеттің жалынды өлең-толғаулары халық рухын оятудың
қажетті құралы болды. Ұлт-азаттық, ұлттық идеяны басшылыққа ала
отырып, ол халықтың азаттығы мен бостандығына қарулы көтеріліс
арқылы ғана жетуге болатынына әбден сенді. Бірақ сенім ақталмады,
көтеріліс жеңіліске ұшырады. Ресей империясының отарлау саясаты
шарықтап тұрған кезде Еуразия кеңістігінің қақ ортасында ұлт-
азаттық көтерілістің бас идеологы болуының өзі Махамбеттің үлкен
ерлігі мен батырлығы, ойшылдығы мен даналығы болатын. Егер осы
көтеріліс болмаса, онда қазақ халқының ғасырлар бойғы үздіксіз
ұлт-азаттық қозғалысының қажетті бір буыны болмас еді. Махамбет
жырлары қаққан бостандық пен азаттық қоңырауының сарыны
ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, 1986 жылғы – Алматыдағы желтоқсан
көтерілісіне ұласып, тәуелсіздік пен дербес дамуды аңсаған азамат-
тар рухын шыңдаумен болды. Бізді бүгінгі тәуелсіз ел болуға жеткі-
зіп отырған да сол рух.
Ал, енді тарихи тұлғаның философиялық көзқарасын пайым-
дауларға да елімізде талпыныстар бар екенін де жасыра алмай-
мыз. Бірақ Махамбет Өтемісұлы жайында кеңірек, тереңірек
философиялық-дүниетанымдық зерттеулер қажет. Өйткені,
Махамбет дүниетанымын түсіну, мұрасын игеру арқылы біз халқы-
мыздың тарихи ой-санасына, ұлттық діліне, этникалық ойлау
268
Достарыңызбен бөлісу: |