Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
болды», – деген. Ал философ Кант: «Мемлекеттің өзі көшпелілер мен
отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында
пайда болды» деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегель:
«Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемле-
кет болған жоқ», – деп есептеген.
ХХ ғасырда тіпті айрықша бүкіл адамзатқа аса қорқынышты
ескертулердің үлгілерін ең өркениетті деп саналатын батыс елдері
көрсеткенін біз жақсы білеміз. ХХ ғасырда олар әлемді екі дүниежү-
зілік соғысқа душар етті, фашизмді және кеңестік тоталитаризмді
туғызды. Әлемге өзінің гуманизмінен көрі анимализмін паш етті.
Зерденің туғызған қаруларымен жарақталған адамдық озбырлыққа
қарағанда анимализм де соншалықты қорқынышты емес. Көшпен-
ділер қоғамындағы жеке адамның алатын орны мен рөлі оның
рулық қатынастарға қаншалықты берілгендігіне қарамастан
отырықшыларға қарағанда әлдеқайда еркіндікте, әрбір адам өзінің
руластарының қарауында. Біртума адамдардың құрған ұйымының
мүшесі ретінде ол барлық істерде басқалармен тең. Сол ұйымның
қалыптасқан салт-дәстүрлерін ұстанады. Ұзақ ғасырлардан кейін
бұл салт-дәстүрлер бұлжымас нормаларға айналып, адамдардың іс-
әрекеттерін реттейтін болғандықтан мұндай қоғамды дәстүрлі деп
атайды. «Түркі тектес елдердің түпкі тарихы ортақ болғандықтан,
олардың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі де бір-біріне жақын, ұқсас. Туыс
халықтарға ортақ мұндай салт-дәстүр – сарқылмайтын қазына» [8].
Кейбір осындай қоғамдарда атадан қалған дәстүрлер, салт-жоралар
адам іс-әрекетін бүге-шүгесіне дейін реттейтін жүйеге айналады.
Демократиялық жолмен дамыған батыстық өркениеттерде жеке
адамның өзіндік дербестігіне оның табиғаттың, қоғамның күштерін
игеру үшін жұмсайтын құралдарды үнемі шыңдап, жетілдіріп
отыруы негіз болды. Оған үнемі ұмтылдырып отыратын оның түпкі
құндылығы – үнемі жаңа бір күшке, күштілікке деген ынтызарлығы.
Жалпы қоғамдық қатынастарында үнемі бәсекелестік жағдайда
болады. Яғни бәсекелестік қатынастар олардың бір-біріне тікелей
тәуелсіздігінен туындайды. Тікелей тәуелділіктің орнына мүлікпен
дәнекерленген тәуелділік орнайды.
Туыс халықтарды рухани жақындастыру баршамыздың мінде-
тіміз. Түбі бір түркі әлемі жеке-жеке бөлініп кетпей, біріккенде
ғана жаһандану кесапатынан аман қалмақ. Ұлттық рух – тарихи
санамен бірге дамып, өсіп жетілген ұлы құндылық. Сөз жоқ, рухы
кем ұлтта бірлік, тұтастық болмайды. Алауыз ел қашанда кері кетуге
бейім. Сатқындық, қорқақтық, жемқорлық, дүниеқоңыздықтың
бәрі – рухани азғындық. Демек туыс халықтарды рухани жағынан
жақындастыру – баршамыздың міндетіміз.
263
Достарыңызбен бөлісу: |