Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет284/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ананың ақылы» т. б. көптеген шығармаларында көрсетеді. Ол дүниені 
де, адамды да Алла жаратқан дейді және исламды орысшылдыққа 
қарсы құрал ретінде пайдаланғысы келеді. 
Дулат ақын өз шығармаларында аға сұлтандар үстемдік еткен 
дәуірді қамтыса, Шортанбай одан кейінгі болыс, старшиндар арқы-
лы ел билеу тәртібін шығармаларында қамтиды. 1824 жылы қазақ 
даласында хандық жойылып, аға-сұлтандық билеу тәртібі орнаса
1868 жылы аға-сұлтандық жойылып, болыс, старшиндар шықты. Осы 
жылы «Жаңа низам» ережесі шығып, қазақ жері түгелдей мемлекет-
тікі болып жарияланды. Бұл қазақ даласын отарлау саясатын күшейте 
түсу жолы еді. Патша өкіметінің қол шоқпарлары елдегі байлар, 
саудагерлер еді. Сауда-саттық қанат жайды. Қоғамдағы осындай 
өзгерістер Шортанбай шығармашылығынан тыс қалған жоқ. «Жаңа 
низам» ережесі бойынша жер түгел қазына меншігіне айналды, ел 
билеу болыс, старшындар арқылы патшалық аппараттың қолына 
көшті. Патшалық Ресейдің саясаты бойынша қазақ жерін қазыналық 
ету, отарлау, халықты қанау, старшын, болыстарды қол шоқпар 
етіп, халыққа рухани қысымшылық көрсету еді. Осы мәселелер 
Шортанбай шығармаларының негізі болды.Ол «Зар-заман» деген 
өлеңінде: 
Мынау ақырзаманда
Алуан-алуан жан шықты
Қайыры жоқ бай шықты…
Ақша деген мал шықты – [2, 16 б.] десе, 
заманның өзгеріп, байдың дүниеге құнығуы, ақшаның шығуы 
мәселелерімен бірге,
Шөп сұйылды жердегі,
Құс таусылды көлдегі 
яғни адаммен бірге табиғат та өзгереді дейді. Асан қайғы мен Бұхар 
жырау жырлап кеткен «қарағай басын шортан шалған» заманның 
келгенін, заман азып, бай ман төре дүниеге құнығып, қайырсыз 
болғанын, малдың қадірі кетіп, ақша деген бәленің шыққанын 
көріп, орыс бодандығынан шошыды. Ол халықты үш жақтап езіп 
жатқанын көре білді. Біріншіден патша өкіметі, екіншіден, қазақтың 
өз ішіндегі әкімдері, үшіншіден саудагерлер. Отаршылдық саясатты 
жүргізу үшін арнайы жіберілгендерді, адам құқын аяққа таптайтын 
зымияндарды, діні де, тілі де жат жандарды көре білді, олардан 


 
289


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет